Лекция жинағы Шымкент, 023 лекция



Pdf көрінісі
бет106/113
Дата15.12.2023
өлшемі5,68 Mb.
#137931
түріЛекция
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   113
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


1.
 
Лекция сабақтарын өткізу әдістемесі 
 
1.1 Лекцияға қатысты жалпы ережелер 
1.1. Лекция институтта оқу жұмыстарын ұйымдастырудың және оқытудың басты 
формаларының бірі болып табылады.
1.2. Кез келген лекцияның жалпы құрылымдық өзегі - тақырыпты дұрыс қою, мақсатын 
анықтау, мазмұнын жоспарлау, лекция жоспарына өз бетінше жұмыс істеуге арналған 
әдебиеттерді ұсыну, берілген жоспарды лекция барысында қатаң сақтау.
1.3. Институтта лекция (дәріс) мен практикалық (семинар), лабораториялық 
(зертханалық), студиялық сабақтар, білім алушының өзіндік жұмысы, оқытушының 
басшылығымен орындайтын білім алушының өзіндік жұмысы арасындағы кредиттер 
көлемінің арақатынасы мамандықтардың оқу жоспарына сәйкес айқындалады.
1.4. Лекция оқуға және/немесе басқа оқу сабақтарының түрлерін өткізуге ғылыми 
қызметкерлер, еңбегі сіңген мәдениет, өнер, спорт қайраткерлері немесе мамандық бейіні 
бойынша кемінде 5 жыл практикалық тәжірибесі бар тәжірибелі мамандар да тартылуы 
мүмкін.
 
2. Лекция материалдарын дайындауға және оқуға қойылатын талаптар
2.1 Лекция мазмұны Болон үдерісіне негізделген білім беру нәтижелерін қалыптастыруға 
бағытталуы тиіс. Лекция құзыреттерді құраушы - білімдік құраушыларды (білу, түсіну, 
қолдану, талдау, жинақтау, бағалау) білім алушыларда пән бойынша қалыптастыруды, 
сондай-ақ іс-әрекеттік (орындай алу), құндылық (сарапшылық) құраушылардың бағдарлы 
даярлығын қамтамасыз етуі тиіс.
2.2 Лекция материалдарын дайындау және жүргізу барысында төмендегідей ережелерді 
басшылыққа алу қажет: 
- лекция баяндалатын/мазмұндалатын пән бойынша негізгі ұғымдарды беруі және оны 
қандай бағытта терең зерделеуді көрсетуі қажет; 
- лекция аталған курстың негізгі сұрақтарын, негізгі принциптерін белгілі ғылыми 
реттілікте қамтуы қажет, бұл оны артық, ұсақ мәселелерден ажыратады;
- лектор ғылымның теориялық қағидаларын практикамен байланыстыруы, теория мен 
практиканың ажырамас, ғылымның өмірмен байланысын әдістемелік дұрыс көрсетуі 
қажет;
- лектор білім алушыларда ғылыми ойлауды қалыптастыруды қабілетті етумен, өзімен 
тыңдаушыларды/білім алушыларды ілестіруі қажет.
2.3 Әрбір курс бойынша лекция жоспары немесе конспектісі әзірленуі қажет және ол жыл 
сайын кафедраның мәжілісінде талқылануы тиіс. Сонымен қатар, пәннің жұмыс 
бағдарламасында көрсетілген, сондай-ақ практикалық және лабораториялық сабақтардағы 
сұрақтарды қамтуы қажет. Лектордың жанды дауысы мен сөйлеуінің жоғары мәдениеті 
білім алушының лекцияға қызығушылығын тудыруы мүмкін, ал лекция конспектісі 
лекторға тек анықтамалық материал қызметін атқаруы тиіс.
2.4 Лектор кіріспе және қорытынды лекцияны әзірлеуі қажет. Кіріспе лекцияда білім 
алушылардан ойлау ынтасын талап ететін, тіптен жаңа білімдер хабарланады. Қорытынды 
лекцияда аталған пән бойынша сабақтарда алынған, барлық ғылыми және әдіснамалық 
дайындықтың негізіндегі түйінді мәселелерді қамтумен курсты ғылыми талдап қорыту 
берілуі қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет