Еңбек психологиясы адамның еңбек ету әрекетінің психологиялық
ерекшеліктерін, еңбекті ғылыми тұрғыда ұйымдастырудың психологиялық
аспектілерін зерттейді және психология ғылымының жеке салалары болып
табылатын бірнеше бөлімдерден тұрады: инженерлік психологиясы, авиация
психологиясы, ғарыш психологиясы.
Педагогикалық психология адамға
білім
және
тәрбие
берудің
психологиялық заңдылықтарын зерттейді. Ол оқушылардың ақыл-ойы мен
ойлау жүйесін, дағдыларын қалыптастырудың, олардың оқу материалдарын
меңгеруі мен ұстаз-шәкірт арасындағы өзара қарым-қатынастарыды
реттеудің түйінді мәселелерін қарастырады. Педагогикалық психология
келесі реттегі тармақтарға бөлінеді: а) оқыту психологиясы – дидактиканың
психологиялық негіздерін, оқыту мен білім берудің негізгі әдістемелік
мәселелерін, балалардың ақыл-ойын қалыптастыру сияқты өзге де
мәселелерін зерттейді; ә) тәрбие психологиясы – гуманистік және әлеуметтік
тәрбие мәселелерінің психологиясын зерттеп, оқушылар ұжымының,
еңбекпен түзету педагогикасының психологиялық негіздеріне қатысты
мәселелерді қарастырады.
Медициналық психология дәрігердің іс-әрекетінің және аурудың мінез-
құлқының аспектілерін зерттейді. Ол мынадай бөлімдерден тұрады:
психикалық құбылыстардың мидың физиологиялық құрылымдарына
қатынасын зерттейтін
нейропсихологиядан; адамның психикалық әрекетіне
дәрілердің
әсер
етуін
зерттейтін
психофармакологиядан ;
адамның
денсаулығы мен оны нығайтуға арналған шараларды жүзеге асыру жүйесін,
оның
әдіс-тәсілдерін
айқындайтын
психопрофилактика және
гигиенадан; адамның
психикалық
ауытқушылықтарын
зерттейтін
патопсихологиядан ;
психикалық
ауытқушылықтары бар адамдардың өзіндік психикалық ерекшеліктерін
зерттеп, психотерапевтикалық көмек көрсететін
клиникалық психологиядан .