айыптаушылар, куәлар, сот тергеуін жүргізу, олардан жауап алу тәрізді т.б.
жағдайлардың
психологиялық
астарларын
қарастырады.
Қылмыс
психологиясы кылмыскердің жеке басы мен
оның зиянды әрекеттерінің
сырын ашады. Еңбекпен түзету психологиясы тұтқындағы адамдарды
сендіру не күштеп істету арқылы қайта тәрбиелеудің жолдарын қарастырады.
Әскери психологиясы,
әскери әрекеттер кезіндегі адамның мінез-құлқын,
басшылар мен олардың қарамағындағылар
арасындағы қатынастардың
психологиялық жақтарын, әскери азаматтардың отаншылдық қасиеттерін
қалыптастыру, психологиялық насихаттың және кері насихаттың тәсілдерін
және т.б. мәселелерді зерттейді.
Спорт психологиясы
спортшылардың іс-әрекетіндегі
психологиялық
ерекшеліктерін қарастырыды. Спорт жетекшілері мен бағынушылардың
өзара қарым-қатынасын, оларды даярлаудың жағдайын, құрал-жабдықтармен
қамтамасыз етілуін, психологиялық даярлығын іздестіре келе, оларды
жаттықтыру
және
күш-қаутын
жинақтау
деңгейін,
жарыстарды
ұйымдастыру, өткізу мәселелерінің психологиялық факторларын зерттейді.
Әрбір ел мен халықтың спорт өнеріндегі ерекшеліктерін де ескере отырып,
оларды жаттықтыру міндеттері анықталады.
3. Заманауи
тұлғаның маңыздылығы оның қасиеттері мен іс-әрекеттерінде
қоғамдық
процестің
тенденцияларының
әлеуметтік
белгілер
мен
қасиеттердің айқын және спецификалық
көрініс табуы арқылы, оның іс-
әрекетіндегі шығармашылық қасиетінің деңгейі арқылы анықталады. Бұл
орайда, «адам», «жеке тұлға» деген ұғымдардың қатары «даралық» деген
ұғыммен
толықтырылуы
қажет.
«Даралық» ұғымы бір адамды басқа бір адамнан,
бір тұлғадан ажыратып,
оған өзіне тән сұлулық пен қайталанбас қасиет беретін жалпы мен жекеден
тұрады.
Тұлғаның қалыптасуы мен дамуы үлкен мәселе екенін бір сөзбен
жеткізіп айту өте қиын. Биологиялық тіршілік иесі ретінде өмірге келген
адамның әлеуметке қосылып адам болып тұлғалануының
негізінде жатқан
нәрсе сөзсіз осы – тұлғаның кәсіби дамуының психологиялық ерекшеліктері
екендігі еш дау тудырмаса керек.
Адамның эволюциялық даму жолында тек еңбек әрекеті ғана, яғни адамды
адам еткен еңбек екенін көреміз. Осылайша,
адам еңбек әрекеті арқылы
қарадүрсін жабайы қоршаған ортаны игерілген, өңделген мәдени ортаға
айналдырып өзгертті және өзі де өзгерді әрі мәдениленді. Осындай
жасампаздық әрекеті арқасында адам
қарапайым еңбек әрекетін
күрделендірді әрі түрлендірді. Еңбек бөлінісіне байланысты орай болған
күрделі еңбектен жеке-жеке кәсіп түрлері бөлініп шығып, кәсіппен
айналысқан адамдар белгілі бір білімдерді игеріп, дағдылар қалыптастырып,
тәжірибе жинақтап, шеберліліктерін шыңдап барып кәсіпке кіріскен.
Достарыңызбен бөлісу: