Лекция жинағы Шымкент, 023 лекция


Мотив мотивацияға қарағанда белгілі әрекетке итермелейтін тұлғаның өзіндік



Pdf көрінісі
бет54/113
Дата15.12.2023
өлшемі5,68 Mb.
#137931
түріЛекция
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   113
Мотив мотивацияға қарағанда белгілі әрекетке итермелейтін тұлғаның өзіндік 
жеке тұрақты қасиеті болып табылады.
Сонымен қатар, мотивті көптеген 


диспозияларды біріктіретін жалпы ұғым ретінде қарастыруға болады. Олар: қажеттіліктер, 
қызығушылық, мақсат, тілек, олардың икемділігі, көлемі және т.б. Диспозициялардың 
ішінде неғұрлым маңызды болып қажеттілік табылады. 
Адамның әрекет-қылығыда өзара тығыз байланысты қозғаушы және реттеуші 
жақтар бар. Адамның кез-келген әрекетінің түбінде оны бағыттаушы, жандандырушы 
нақты тілек-мақсат (қажеттілік. жатыр. 
Қажеттілік –
қалыпты физикалық және психикалық жағдайды қамтамасыз етуге 
деген ұмтылыс. Қажеттіліктің негізінде тірі табиғат өлі табиғаттан ажыратылады. 
Қажеттілік тірі организмді белсенділікке итермелейді. Қажеттіліктерді бастапқы (тума, 
биологиялық. қажеттіліктер (қорекке, ұйқыға қорғаныс, ата-аналық, сексуалдық. және 
мәдени, жүре пайда болған (материалды, рухани. қажеттіліктер деп топтастыруға болады. 
Қажеттілік 
– адамның саналы түрде мұқтаждану құбылысы. Ал саналы қажетсінуді 
– тілек дейміз. Адам қажеттіліктерінің негізі ерекшеліктері олардың күші, олардың пайда 
болу жиілігі және оларды қанағаттандыру тәсілдерімен анықталады. Адамның 
қажеттілігін анықтайтын диспозициялар (мотивтер. кезегі келесідей: органикалық – 
материалдық - әлеуметтік – рухани. 
Адам өміріндегі кездесетін проблемалардың бірі – тілектің қанағаттанбауы немесе 
айналысатын іс-әрекетіне деген қызығушылықтың жоқтығы. Көп жағдайда тілектің 
орындалмауының басты себебі – тілектің шындыққа жанаспауы. 
3.Мотив түрлері. Жетекші мотив. 
Психологиялық әдебиеттерде мотив, мотивация ұғымдарына әр түрлі анықтамалар 
береді. Сондықтан бұл ұғымдарды бірегей анықтау белгілі ғылыми мәселе болып 
табылады. Кейбір авторлар (В.В. Юрчук, М. Кордуэлл) мотив ұғымы арқылы психикалық 
құбылысты сипаттаса, ал басқалары (А.К. Маркова, В.И. Ковалев) жеке тұлғаның 
қылықтары мен іс-әрекетті таңдау себептерін түсіндіреді. 
В.И. Ковалев бойынша мотивтер қажеттіліктердің жоғарғы бейнелеу формасында 
пайда болып, тұлғалық қасиетіне айналатын, әрекет пен адам жүріс-тұрысымын саналы 
ынталары болып табылады. 
М.Ш. Магомед - Эминов бойынша мотивация әрекетті ұйымдастырып басқарушы, 
ішкі және сыртқы ынталарды бір мотивациялық ынтаға біріктіруші және әрекетке 
байланысты белгілі жүріс тұрысты туындататын адам ағзасының психикалық және саналы 
реттелінуінің бір түрі болып табылады деген.
Сонымен, 
мотив
- жеке адамның ерікті саналы әрекетінің алғашқы сатысы ретінде, 
оны, адамды саналы әрекетке ынталандырушы күрделі психологиялық интегралдық 
құрылым. Мотив ретінде жеке тұлғаның қызығушылықтары, әлеуметтік құрылымдар, 
құндылықтар, идеалдар әсері алынады деген пікірді ұстанамыз. Мотивтің мотивациядан 
айырмашылығы, мотив – субъектінің тұрақты, жеке басына тән қасиеті және белгілі бір іс-
әрекет жасаудағы ішкі оятқыш күші болып табылады. 
Адамдардың қажеттері – іс-әрекетінің қайнар көзі, бастамасы болады. Әрекет 
дегеніміз түрлі қажеттерді өтеуге байланысты белгілі мақсатқа жетуге бағытталған үрдіс. 
Жетекші мотивтің негізгі көрінісі жетістік болып табылады. 
Жетістікке жету-кез-келген іс-әрекетті жоғары деңгейде орындап, жақсы нәтиже 
көрсетуге бағытталған, оған жетістік критерийі қолданылады. Жетістік мотивациясы 
субъектінің өз саласы бойынша жетістікке жетуі үшін талпыну арқылы пайда болады. 
Жетістікке ұмтылғанда адамға тұлғалық қасиеттермен бірге даралық ерекшеліктері және 
ерік сапаларының да әсері мол. Егер бастаған ісін аяғына дейін жеткізсе, қиындықтан 
момынсымаса шыдамдылық, табандылық танытатын болса міндетті тұрде кез келген іс-
әрекетте жетістікке жете алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет