1.Еңбек іс-әрекетінің мотивациясы
Еңбек мотивациясы
– бұл жұмысшылар мен жұмысшылар тобын олардың жеке
қажеттіліктерін қанағаттандыру арқылы кәсіпорынның мақсаттарына қол жеткізу
әрекетіне ынталандыру.
Мотив (ниет)
– жұмысшының түрлі жағдайларда өзінің мінез-құлқын түсіндіру
және негіздеу тәсілі.
Мотивтер мынадай еңбек жағдайларына байланысты:
мамандық немесе жұмыс орнын таңдау жағдайы;
белгілі бір мамандық бойынша нақты кәсіпорындағы күнделікті жұмыс дау-
жанжал жағдайы;
жұмыс орнының өзгеруі немесе кәсіптің ауысуы жағдайлары;
еңбек әрекетішарттарының маңызды өзгерістерімен байланысқан инновациялық
жағдай.
Еңбектің тәртібі ( жөн-жосығы ) мынадай мотивтерді сипаттайды:
қамтамасыз ету мотивтері – жұмысшының және оның отбасының жағдайының
жақсы , жайлы болуы үшін қажетті материалдық жабдықтар жиынтығымен
байланысты; материалдық қызығушылыққа негізделген, жалақыны бағытқа алған;
бейімділік мотиві – жұмысшының еңбек әрекеті процесіндегі ықтималды
мүмкіндіктерін жүзеге асыруға ұмтылуы;
абырой мотиві – жұмысшылардың әлеуметтік мақсатын жүзеге асыруға, қоғамдық
маңызды әрекеттерге қатысуға ұмтылуы.
Мотивацияның негізгі рычагтары:
ынталандыру – еңбекақы;
мотивтер – адамның ішкі қалыптасуы:
Еңбекке деген қарым-қатынас былай анықталады:
адамның құндылықтарының жүйесімен;
кәсіпорында құрылған еңбек шарттарымен;
қолдануға болатын стимулдармен.
Достарыңызбен бөлісу: