Лекция жинағы Шымкент, 023 лекция


Күту теориясы 3 өзара байланысқа негізделеді



Pdf көрінісі
бет53/113
Дата15.12.2023
өлшемі5,68 Mb.
#137931
түріЛекция
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   113
Күту теориясы 3 өзара байланысқа негізделеді: 

еңбек шығыны – нәтижелері: жұмсалған күш пен алынған нәтижелердің қатынасы. 
Егер жұмысшы еңбек шығыны мен алыған нәтижелері арасында тікелей 
байланыстың жоқтығын сезінсе мотивация әлсірейді; 

еңбек нәтижелері – сыйақы тағайындау: қол жеткізілген нәтиже арқылы 
тағайындалған мадақтау немесе сыйақыны күту. Егер алынған нәтиженің көлемі 
мен сыйақының арасында өзара байланыс болмаса онда әрекет мотивациясының 
салдары болмайды; 

сыйақы – сыйақыға қанағаттану; сыйақының көлемі мен құндылығына 
салыстырмалы түрде қанағаттану немесе қанағаттанбау дәрежесі. 
Әділдік теориясының негізгі қорытындысы: 

Жұмыс нәтижесі сыйақы деңгейіне сәйкес теңбе-тең бағалануы тиіс, болмаса 
мотивацияның ынталандыру ролі төмендейді. 

Моделдің негізгі тезисі: адам өз қажеттілігін өзінің еңбек үлесі үшін тағайындалған 
лайықты сыйақы арқылы қанағаттандырады. 
 
2. Мотивтер және қажеттіліктер. 
Мотив дегеніміз-
адамның түрлі дәрежедегі саналы және астарсанадағы 
қажеттіліктер жүйесінен туындайтын, белгілі әрекет-қылық актісін орындауға 
бағытталған итермелеуші күш, түрткі. 
Мотивация туралы ұғым әрекет-қылықты сипаттауда емес, оның себебін түсіндіруде 
анықталады. Бұл “неге?”, “неліктен?”, “не үшін?” деген сұрақтарға жауап іздеуде 
анықталады. 
Мотивация терминімен қазіргі психологияда екі психикалық құбылысты белгілеуге 
болады: 

индивидтің белсенділігін тудыратын, олардың сиптын анықтайтын қозғаушы 
күштердің жиынтығы;

әрекет-қылық деңгейін белгілі деңгейде ұстап тұратын процесс.
Сондықтан, әрекет-қылықтың ішкі және сыртқы детерминацияларының аналогы 
ретінде диспозициялы және ситуациялы мотивациялар қарастырылады. Мотивациялардың 
бұл формалары өзара тығыз байланыста. 
Мотивация әрекеттің мақсатты бағыттылығын түсіндіреді, біртұтас іс-әрекеттің 
белгілі мақсатқа бағытталған тұрақтылығы мен ұйымдастырылу деңгейімен анықталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет