Лекция жоспары: Лиазалар. Құрылысы, жіктелуі. Декарбоксилазалар. Өкілдері, құрылысы, катализдейтін реакциялары



бет4/5
Дата19.02.2023
өлшемі17,3 Kb.
#69136
түріЛекция
1   2   3   4   5
Аланинаминотрансфераза (АлАТ) аланин мен α-кетоглутар қышқылы арасындағы қайта аминдену реакциясын катализдеп, реакция нәтижесінде глутамин қышқылы мен пирожүзім қышқылы түзіледі:
аланин + α-КГ глутамин қ. + ПЖҚ

2. Аспартатаминотрансфераза (АсАТ) аспарагин қышқылы мен α –кетоглутар қышқылы арасындағы қайта аминдену реакциясын катализдеп, реакция нәтижесінде глутамин қышқылы мен қымыздықсірке қышқылы түзіледі:
аспарагин қ. + α-КГ глу. + ҚСҚ
аспартат α-КГ
Глутамат ҚСҚ

Фосфотрансферазалар (киназалар)


– фосфор қышқылының қалдығын бір қосылыстан екінші бір қосылысқа тасымалдау реакциясын катализдейтін ферменттер тобы.
Олар:

  • бір компонентті;

  • көпшілігінің төртіншілік құрылымы бар (бірнеше суббірліктен тұрады);

  • аллостерикалық орталығы бар (зат алмасуда лимиттеуші роль атқарады);

  • aктивтенуі үшін магний ионы (Mg2+) қажет.

Белгілі бір затқа фосфор қышқылын қосу фосфорлану деп аталады. Бұл реакцияларда субстраттың құрылымы өзгеріп, ол активтенеді де, реакцияға түсуге қабілеттілігі артады, сондықтан фосфотрансферазаларды киназалар деп те атайды. Ферментті атағанда субстраттың атына киназа жалғанады.
Фосфор қышқылының қалдығы макроэргиялық байланысты () сақтап тасымалданса, реакция – қайтымды;  байланыс сақталмаса – қайтымсыз.
Киназалар катализдейтін реакцияларда фосфор қышқылының доноры:

  • АТФ;

  • жоғары энергетикалық субстраттар.

1. Фосфор қышқылының доноры – АТФ:


а) қайтымсыз реакциялар:
1.гексокиназалар (көптеген жасушаларда кездеседі, бауырда – глюкокиназа), көмірсулар алмасуында маңызды, гексозалардың фосфорлануын катализдейді:
глюкоза + АТФ глюкоза + АДФ
2. Протеинкиназалар жасушада активсіз күйде болады, активтенген кезде белоктарды (ферменттерді) фосфорлайды:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет