Лекция Жоспары: Солтүстік Қазақстандағы әскери линиялардың салынуы және Ресейдің экспансиялық саясатының күшеюі


Казак әскерлерінің құрылуы және Солтүстік Қазақстанның Ресей империясы құрамына өтуі



бет3/3
Дата03.12.2023
өлшемі409,46 Kb.
#133581
түріЛекция
1   2   3
Байланысты:
11 лекция Олкетану (1)

3. Казак әскерлерінің құрылуы және Солтүстік Қазақстанның Ресей империясы құрамына өтуі.
Қазіргі Ұзынкөл ауданы территориясының солтүстігінде жолақтық казак әскері құрылған. 1803 жылы Сібір казак әскерінің шекаралық жолағы территориясы 10 дистанцияға бөлінген, соның ішінде Пресно-горьков дистанциясы да болған. 1808 жылы жаңа «Штат» қабылданады, ол бойынша «әскер «Сібір жолақтық казак әскері» атауына ие болып, бейбітшілік уақытта он бөлімнен тұратын әскери құрылым пайда болады, ол әскери уақытта 10 Сібірлік жолақтық казак атты полкіне айналған, соның 1 полкі Пресногорьков бекінісінде тұрған.
Жолақтық әскер адам ресурстарына үнемі мұқтаж болды. Осылайша, «Штатта» 1808 жылы «әскер санын ұлағайтқан жағдайда әскери канцелерияны шекара арқылы көшіріп, өз діндеріне өткізу мүмкіндігін қарастыру» туралы айтылған. Дәл сол Жарлықпен І Александр қазақ балаларын кәмелеттік жасқа жеткен кезде жолақтық казак әскері құрамына жазу үшін оларды сатып алу немесе айырбастау қажет болған.
Көріп отырғандай, ХІХ ғасырдың басында Ресейдің Орта жүздегі саясаты белсенді бола бастайды. Колониалды биліктің барлық іс-шараларының мақсаты Солтүстік және Шығыс Қазақстанды империя құрамына енгізуге бағытталған еді.
1821 жылғы Уәли ханның өлімінен кейін оның мұрагері Губайдулла болып жарияланады, алайда шекаралық билік Қазақстан территориясын-да басқарудың жаңа жүйесін енгізуді жоспарлайды, сондықтан 1822 жылы хан билігін жою мен Ресейдің бүкіл қазақ даласына әсерін тарату бойынша біршама іс-шаралар қабылданады. «Сібір қырғыздары туралы жарлыққа» сәйкес дала аға сұлтандардың басқаратын ішкі округтері мен кіші сұлтандар басқаратын болыстарға бөлінеді.
1824 жылы «Орынбор қырғыздары туралы жарлық» қабылданады, ол бойынша Кіші жүз бен Орта жүздің батыс аудандары Орынбор генерал-губернаторлығы құрамына өтіп, үш бөлікке бөлінеді. Тобыл маңы Шығыс бөлік құрамына енеді.
Қазіргі Қостанай облысының шығыс аймақтары Батыс-Сібір гене-рал-губернаторлығы құрамына енеді, онда 1834 жылдың 29 мамырында басшысы Шыңғыс Уәлиханов болған Аманқарағай ішкі округі құрыла-ды. 1835 жылы оның орталығы жаңадан салынған Құсмұрын бекінісіне көшіріліп, округ Құсмұрын округі деп атала бастайды.

Қазақ хандығының әлсіреуі мен Ресейдің колониалдық саясаты дала-лық Тобыл маңы қазақтары арасындағы антиресейлік қарсылықтарының өсуіне алып барады, соның ішінде қазіргі Меңдіқара және Ұзынкөл аудандарының территориясында көшіп-қонған қазақтардың арасында осындай жағдай болады. 1821 жылдың жазында далада мұсылмандардың бірігіп, Ресейге қарсы тұруына шақырған мұсылман уағыздаушысы мен әулиесінің пайда болуы туралы сыбыс пайда болады. Байдалы уақтардың старшинасы Күркімбай 1821 жылдың маусымында желіге тыныштықты бұзушы күлтөбе керейлерден шыққан Марал Құрманов пен оның ұлдары Алшынбай мен Иса болған деп баяндайды.
Өзінің жоспарларын жүзеге асыра бастаған Марал Ресей шекарасынан алысырақ, Торғайға қарай көшіп, ол жерден қазақтарды Ресейден тәуелсіз мұсылман мемлекетін құруға үгіттей бастайды. Ишанға көшебе, сибан, балта, именалы, құрсары, матақай рулы керейлер жаппай қосыла бастайды.
Орынбор билігі оның іскерлігіне қауіппен қарайды. Шекаралық комис-сия «Жантөре мен арғын руының басқарушысы Жұма Құдайменді-ұлына Ордаға келген қашқындарды ұстап, оларды, соның ішінде Моралды да (Марал ишан) желіге жеткізу туралы» жарлық береді.
Усть-Уй бекінісінің коменданты подполковник Граматин Шотай Бақты-гереев сұлтанға Маралды тұтқындап, оны желіге жіберуді тапсырады. Алайда Марал насихаттары мен антиресейлік үгіттерін жалғастырады, оның жақтастары Ресей қол астындағыларын тұтқынға алып, малдарын тонап, шекаралық желіге шабуылдайды.
ХІХ ғасырдың 40 жж Ырғыз бен Торғайдағы Ресей бекіністерінің құрылысынан кейін Марал ишан мен оның жақтастары ары қарай оңтүстікке көшіп, Сырдарияның төменгі жағында орналасады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет