Лекция жєне семинар сабаќтарыныњ ЌЫСЌаша мазм¦НЫ



бет1/5
Дата07.01.2022
өлшемі57,5 Kb.
#18315
  1   2   3   4   5
Байланысты:
1-ЛЕКЦИЯ - морфология


Морфология гректiң morphos – форма, logos – iлiм, сөзбе-сөз аударғанда форма туралы ғылым, сөз таптарын зерттейтiн ғылым деген түсiнiктi бiлдiредi. Морфологиялық талдау сөзді түбірге, қосымшаларға бөлу, сонымен бірге әрбір қосымшаның тудырып тұрған грамматикалық мәнін, атын білуді талап етеді. Морфология сөз формаларының шеңберiнен шығып, кей жағдайларда олардың мағынасын да, тiркесiмдерiн де қарастырады. Айталық, А.Ысқақовтың оқулығында сөздiң морфологиялық аспектiсi лексикалық аспектiмен аралас сипатталады, сөздiң кейбiр синтаксистiк байланыс түрлерi мен мағыналық өзгерiстерi қарастырылады.

Морфология – тiл бiлiмiнiң саласы. Морфология парадигматика және оған қоса сөздердiң ортақ белгiлерiне қарай топтастырылған грамматикалық қатарларын мен грамматикалық категорияларын зерттейдi.

Ғылыми еңбектерде морфологияның негiзгi нысаны және ең кiшi бөлшегi морфема делiнедi. Морфема лексикалық және грамматикалық мағынаны бiлдiредi. Яғни өзге бiр сөздерге негiз болатын бөлшек те, оған әр түрлi мән, мағына үстейтiн бөлшек те тiл бiлiмiнде морфема деп аталады.

Яғни морфология сөздiң барлық релеванттық аспектiлерiн зерттейтiн лингвистиканың бiр бөлiмi.

Морфологияның басты ұғымдарына сөз, сөз формасы, грамматикалық мағына, грамматикалық амалдар, грамматикалық категориялар, сөз таптары жатады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет