Лекция. Кеңістіктегі векторлық алгебраның элементтері №1 Векторлар және оларға қолданылатын сызықты амалдар. Лекция мақсаты


Вектор ұғымы және векторларға қолданылатын сызықтық амалдар



бет2/6
Дата15.05.2023
өлшемі0,92 Mb.
#93166
түріЛекция
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Лекция. Ке істіктегі векторлы алгебраны элементтері №1 Векторл

Вектор ұғымы және векторларға қолданылатын сызықтық амалдар

Дәріс жоспары:


1.1 Векторлар. Негізгі ұғымдар. (Вектор, вектордың ұзындығы, нөлдік вектор, бірлік вектор, коллинеар векторлар, компланар векторлар, тең векторлар)
1.2. Векторларға қолданылатын сызықтық амалдар және олардың қасиеттері (векторларды қосу және азайту; векторды санға көбейту)
1.3 Вектордың оське проекциясы және оның қасиеттері


1.1 Векторлар
Сандық мәнімен ғана анықталатын шамалар скалярлық шамалар деп аталады. Ұзындық, аудан, көлем, температура, жұмыс, масса скалярлық шамаға мысал бола алады.
Басқа шамалар сандық мәнімен ғана анықталып қоймай, бағытымен де анықталады. Бұндай шамалар векторлық шамалар деп аталады. Оған мысал ретінде күш, жылдамдық, үдеуді айтуға болады. Векторлық шама геометриялық түрде вектордың көмегімен бейнеленеді.
Анықтама: Вектор деп бағытталған кесіндіні айтады да, символымен белгілейді.
Вектор – тік сызықты бағытталған кесінді, яғни анықталған ұзындығы мен бағыты бар. А – вектордың басы, ал В – оның ұшы болып табылады да,  немесе  арқылы белгіленеді.  векторының ұзындығы деп кесіндінің ұзындығын айтады және  .

Егер В нүктесі А нүктесімен беттесіп кететін болса, онда векторы нөлдік вектор болады. Басы мен соңы беттесетін вектор нөлдік вектор деп аталады да,  түрінде белгіленеді. Нөлдік вектордың ұзындығы нөлге тең және оның бағыты анықталмаған.


 (бұнда басы В нүктесі, ал ұшы А нүктесі ) векторы  векторына қарама-қарсы вектор болады.  векторына қарама-қарсы вектор  арқылы белгіленеді.
Ұзындығы бірге тең вектор бірлік вектор деп аталады және  түрінде белгіленеді.
 Векторымен бағыттас болатын бірлік вектор  векторының орты деп аталады және орт а немесе  түрінде белгіленеді.

Жазықтықтағы беттесетін түзулердің немесе параллель түзулердің бойында жатқан  және  векторлары коллинеар векторлар деп аталады. Коллинеар  және  векторлары былай  белгіленеді.


Коллинеар векторлар бірдей бағыттас немесе қарама-қарсы бағыттас болуы мүмкін.

1-ші сурет

1-ші суретте  және  векторлары коллинеар векторлар,  және  векторлары бір бағыттағы векторлар,  және  векторлары қарама-қарсы векторлар болып табылады.


Нөлдік вектор барлық векторларға коллинеар вектор болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет