Адамның психикалық күйін бағалау. Қорқыныш, қуаныш, алаңдаушылық, кернеулік (напряженность), былқылдақтық (расслабленность), ыза, абдырау (растерянность) күйлері кәсіби заңгерге көп информация береді.
Психикалық белгілерінің сыртқы белгілерін бақылау: дауыстың ырғағы, дауыс темпінін өзгеруі, көз қозғалысы және көру бағыты; жест пен поза, қолдың қозғалысы.
Визуалды психодиагностика – адамның сырт келбетін бақылай отырып, оның психологияның ерекшеліктерін анықтай алу қабілеті. Осы жүйенің негізгі принципі- адамның психикасын, оның денесінің ерекшеліктеріне назар аудара отырып аңықтауға болады. Адамның денесіне қарап, оның параметрлерін аңықтай отырып адамның психикалық күйін аңықтай аламыз (глобалды және локальды күйі).
Э. Кречмер мен У. Шелдон бойынша конституционалдық типтері. Э. Кречмер типологиясының негізгі идеясы-адамның дене бітіміне қарап оның психикалық ерекшеліктерін аңықтауға болады. Осыған байланысты автор дене бітіміне қаратай келесі дене типтерін ұсынады: астеникалық, пикникалық және атлетикалық типтері.
Н. Н. Обозов психологі мінез-құлықтың 3-компонентті құрылымын ұсынды. Бұл компоненттер арқылы адамның психикасы көрінеді. Бұл құрылым келесі компоненттерден тұрады: когнитивті (тынымдық, ойлаушы), аффективті (сезімтал, эмоционалды) және праксикалық (сенсорлы). Адымның мінез құлқында барлық 3 компоненттер көрінеді, бірақ олардың біреуі қалған екеуіне қарағанда басым болып табылады. Мысалы танымдық компоненттің басымдылығы «ойлаушы» типін құрайды, аффективті немесе эмоционалды-коммуникативті - «әнгімелесуші» типін көрсетеді, ал практикалық) - «практик» типін құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: |