Психолог-кеңес берушіге қойылатын жалпы талаптар:
- Психолог-кеңес беруші өзінің клиентке берген ұсыныстарына толық
жауапкершілікте болуы керек;
- Психолог-кеңес берушінің практикалық қызметі моральді этикалық және заңды
негіздерге сүйенеді;
- Психолог-кеңес беруші қызметі адамгершілік мақсаттарға бағытталады. Клиенттің
интелектуалды және тұлғаның даму жолындағы кедергілерді жоюға, көмектесуге
бағытталады;
- Психолог-кеңес беруші өзінің жұмысын клиент жеке тұлғасын, құндылықтарын
сыйлау арқылы жүзеге асырылады;
- Клиентпен жұмыс барысында психолог-кеңес беруші шыншылдық пен ашықтық
принциптерін басшылыққа алады.
Достарыңызбен бөлісу: |