Сцифомедузалар класы – Scyphozoa
Сцифомедузалар класына медуза жатады – терең теңіз суларында тіршілік етеді. Дене пішіні қол шатыр тәрізді. Шатырдың дөңес жағымен алға қарай жылжитын мөлдір денелі жәндік. Шатырдың сыртқы қабаты эктодерма, ішкі қабаты энтодерма арасында мезоглея деп аталатын 98% судан тұратын қоймалжың мөлдір зат орналасқан. Мездузаның аузы қол шатыр тәрізді күмбездің астыңғы жағында болады. Шатыр шетінде қармалауыштар орналасқан, ауыз айналасында ауыз қалақшалары деп аталатын 4 өсінділері бар.
Қармалауыштары мен қалақшаларында көптеген атпа жасушалары бар.
Шатырдың шетінде жүйке жасушалары шоғырланып ганглий деп аталатын жүйке түйіндерін түзеді. Сезім мүшелері – көздері мен тепе-теңдік мүшелері – олар шатыр шетінде орналасады. Ішек қуысы күрделенген: ауыз асқазанға, ол шатыр шетіне қарай созылған сәулелі он алты каналдарға, олар шатыр шетіндегі сақиналы бір каналға барып ашылады.
Медуза қозғалған кезде сақиналы канал жиырылып, дене қуысындағы су сығылып ауыз арқылы атып сыртқа шығып жәндік денесі серпімді күш алып шатырдың дөңес жағымен алға қарай жылжиды.
Қара теңізде мекендейтін – тамырауыз медузасы теңіз табақшасы, Арктика суларын мекендейтін поляр медузасы шатырының диаметрі – 2 метр, қармалауыштарының ұзындығы 20 метрге дейін жетеді.
Медузалар дара жыныстылар, жыныс жасушалары энтодерма қабатында дамиды.
№3 Лекция: Қосжақты симметриялы көпклаткалылыр. Жалпақ- Plathelminthes, жұмыр – Nemathelminthes
Жоспар
Жалпақ құрттар типі – Plathelminthes. Жалпы сипаттама
Кiрпiкшелi құрттар класы, дигенетикалық сорғыштар класс тармағы
Жұмыр құрттар типі – Nemathelminthes
Достарыңызбен бөлісу: |