Лекция. Кіріспе. Бір клеткалы жануарлар патшалықтармағы. Жоспар: Саркомастигофора типі Талшықтылар класы Өсімдіктес талшықтылар класс тармағы


Теңіз гидроидты полиптер отряды - Leptolida



бет16/70
Дата14.04.2022
өлшемі7,08 Mb.
#30963
түріЛекция
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   70
Байланысты:
Зоология рубежка

Теңіз гидроидты полиптер отряды - Leptolida

Теңіз гидроидты полиптердің басым көпшілігі күрделі колониальды формалар, тек ұрпақ алмасуы - метагенез жолымен дамиды. Даму барысында гидроидты полип және гидроидты медуза қалыптасып, олар үнемі бір-біріне алмасып тұрады.



Гидроидты полип бұтақ тәрізді колония құрайды, себебі жыныссыз көбею нәтижесінде пайда болған бүршіктер аналық денеден бөлінбей-ақ өз кезегінде жаңа бүршіктерді бере бастайды.

Колониядағы әрбір бүршікті - гидрант деп атайды. Гидранттың құрылысы гидра құрылысына ұқсас: денесі эктодерма және энтодерма қабатынан құралған, ауыз тесігінің аймағында көптеген қармалауыштары болады, тек гастраль қуысы барлық дене бойынша созылып ортақ гастральды қуысымен жалғасады. Осы себептен, егер бір гидрант қорегін ұстап қорытса, қорытылған ас бүкіл колонияға нәр береді.

Колонияның эктодермальды жабынды эпителий клеткалары ерекше - тека деп аталатын органикалық жұқа қабықты бөліп, колонияның сыртқы жабындысына айналады да, оның тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

Теканың дамуына орай гидроидты полиптер отряды екі отряд тармағына бөлінеді. Егер тека колонияны тек гидрант құрылатын жерге дейін жауып тұрса - онда ол текасы жоқ гидранттар (Athecata) отряд тармағының белгісі, ал тека бүкіл колонияны және гидранттарды жауып тұрса - текасы бар гидранттар (Тһесарһога) отряд тармағының белгісі. Гидрант төңірегін қоршап, жауып тұратын теканы гидротека дейді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет