Зәр шығару жүйесі - метанефридиялы. Бір қабатты клеткаларымен қапталған нефридиялық түтіктері дененің бүйір жағында метамерлі орналасқан. Бүл түтіктер нефропора (шығарғыш тесіктер) арқылы сыртқа ашылады. Медициналық сүлікте 17 жүп нефридиялары бар.
Сүліктердің нефридияларының негізгі ерекшелігі - нефростома (кірпікшелі воронка) мен нефридиялық түтігі жалғасқан жерінде екеуінің де ұшы тұйық бітеліп, нефростомаға жиналған несеп заттар Оның қабырғасы арқылы нефридия түтігіне осмостық жолымен сіңіріледі де, сыртқа шығарылады. Нефростома кеңейген үшымен бүйір жағындағы синустың (целомның қалдығы) ішіне, жіңішке жағымен тұйықталған резервуарға ашылады.
Целом қалдықтарының қабырғаларында дән тәрізді клеткалар жинақталған. Оларды «ботриодты тканьдер» деп атайды. Азқылтан-дылардағы хлорагогенді клеткаларға ұқсас.
Достарыңызбен бөлісу: |