Лекция. Кіріспе. Бір клеткалы жануарлар патшалықтармағы. Жоспар: Саркомастигофора типі Талшықтылар класы Өсімдіктес талшықтылар класс тармағы



бет50/70
Дата14.04.2022
өлшемі7,08 Mb.
#30963
түріЛекция
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   70
Тыныс алу мүшесі дамымаған, бүкіл денесімен, ал теңіздерде тіршілік ететін Branchellion туысының өкілдері дене сегменттерінің бүйіріндегі орналасқан желбезектері арқылы тыныс алады,

Қан айналу жүйесі целомға байланысты әр түрлі құрылысты. Қылтандылар (Acanthobdellida) отрядының өкілдерінде целом қуысы сақталып, ішіндегі жатқан ұзын арқа және құрсақ қан тамырлары сақиналы тамырларымен жалғасып, тұйықталған. Түмсықты (Rhynchobdellida) сүліктер отрядының өкілдерінде целом қуысы редукцияланып, оның қалдығы 4 ұзына бойы созылған түтіктер немесе лакуналар (синустар) түрінде болады: арқа, құрсақ және екі бүйірлі. Олар бір-бірімен көлденең сақиналы өзектер торымен байланысады. Арқа және. құрсақ лакунаның ішінде арқа және құрсақ қан тамырлары бар, ал екі бүйір лакуналары қан тамырларымен қатыспай, қабырғаларының жиырылуының нәтижесінде, целом сұйық затын дене бойымен өткізіп отырады. Сөйтіп тұмсықты сүліктердің қан тамырлары мен лакуналар жүйесі сақталады. Ақырында, жақты (Gnathobdellida) сүліктер отрядының өкілдерінде қан тамырлары түгелімен жойылып, қан айналуды лакунарлық жүйе атқарады. Лакунарлық жүйенің сүйық заты қан сияқты қызыл (еріген гемоглобині болуынан) және ішінде амебоцид клеткалары кездеседі.

Сонымен, сүліктерде қан айналу жүйесі мен целомның арасындағы байланыс субституцияға негізделген (латынша substitution - ауыстыру, алмастыру). Демек, пайда болу жолы әр түрлі, бірақ физиологиялық жағдайы бірдей екі мүшенің алмасуы - бір мүшенің жойылып, оның орнына екінші мүшенің ауысуы.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет