Лекция «кіріспе. Ерте ортағасырлар тарихы»


Төртінші және соңғы крест жорықтары. Крест жорықтарының салдары



бет16/44
Дата14.10.2023
өлшемі313,57 Kb.
#113866
түріЛекция
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   44
Байланысты:
Лекция «кіріспе. Ерте ортағасырлар тарихы»-emirsaba.org

3. Төртінші және соңғы крест жорықтары. Крест жорықтарының салдары. ХІІ ғасырдың 30-40 жылдары Иерусалим корольдығының күш қуаты шырқау шыңына жетті. Алайда, 40 – жылдардың басынан бастап, түріктер қайтадан күшейіп, 1144 жылы Эдесса графтығын басып алды. Иерусалим королі рим папасына үндеу тастап, бүкіл Европа феодалдарын көмекке шақыруға өтініш жасады. Бұған жауап ретінде 1147-1149 жылдары екінші крест жорығы ұйымдастырылды. Оны басқарған француз королі Людовик ҮІІ мен Герман императоры Конрад ІІІ болды. Алайда, жорық өте сәтсіз аяқталды, неміс рыцарлары Дорилей түбінде, француздар 1148 жылы Дамаскі түбінде жеңіліске ұшырады. Жорықтың барысында “франктер” мен византиялықтардың арасында алауыздықтар басталды. Иерусалим корольдығының жағдайы әлсірей берді. 1187-жылы тегі курд, түрік сұлтаны Саладин (1171 – 1193) Иерусалим қаласын алды.
Салодинге қарсы Еуропада үшінші крест жорығы (1189-1192 жж) ұйымдастырылды. Кеңінен ойластырылған бұл жорыққа Европа елдерінің үш билеушісі: ағылшын, француз және герман корольдері қатысты. Герман рыцарларын басқарған Штауфен династиясының өкілі атақты император Фридрих І Барбаросса болды. Бірақ Барбаросса Палестинаға дейін жетпей 1190- жылы Сирия өзендерінің бірінен өтерде суға ағып өлді. Басшысыз қалған неміс отрядтарының көпшілігі еліне қайтып оралды. Қалған екі король – француз Филип ІІ Август пен ағылшын королі “Арыстан жүректі Ричард” бір - бірімен тіл табыса алмады.
Үшінші крест жорығында айрықша белсенділік танытқан “Арыстан Жүректі Ричард” болды. Ол ең бірінші кезекте Кипр аралын жаулап алды. Бұдан кейін Ричард пен Филипп ІІ теңізбен Сицилияға келіп аялдап, осы жерден Палестинаға жетті. Алайда, екі король мінезі де, табиғаты да бір - біріне сәйкес келмейтін. Ричард тамаша рыцар, талантты трубадур (рыцарлық әндердің орындаушысы, композитор) бірақ нашар саясатшы, мінезі де орнықсыз болды, Филипп тамаша саясатшы, прагматик еді, ол Таяу Шығыста ұзақ уақыт болуға тырысқан жоқ. Екі корольдің біріккен күші 1191- жылы Шығыс Жерорта теңізіндегі маңызды бекініс Аккраны алды. Бұдан кейін Филипп ІІ Август Палестинаны тастап кетіп, Францияға қайтіп оралды. Ричард тағы бір жылға Палестинада қалды. Палестинада қалған Ричард үш рет Иерусалимді алуға әрекет жасады, бірақ барлығыда сәтсіз аяқталды. 1192-жылы ол Сұлтан Салодинмен келісім жасап, европалық діндарлардың христиандар үшін киелі жерлерге – Иерусалим, Вифлеем, Назарет т.б. мінәжәт етуге рұқсат алды. Ричард І отанына қайтып оралып келе жатып Австрия герцогі Леопольдтің тұтқынына түсіп, герман императорының қамауында екі жыл отыруға мәжбүр болды.
Үшінші крест жорығының ең маңызды нәтижелерінің бірі батыс европалықтардың Кипр аралын алуы болды. Иерусалим корольдығы кейіннен мұнда қоныс аударды. Крестшілер мемлекетінің ең берігі Кипр корольдығы болып шықты. Ол ХҮ ғасырдың екінші жартысына дейін, яғни 250 жыл өмір сүрді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет