Әдебиеттер: 1. История средних веков. Т,1.М., 1997.
2. История средних веков. Т,1.М., 2000.
3. История средних веков: Европа и Азия. Минск. 2000.
№9. ЛЕКЦИЯ
«ХІ-ХҮ ғасырлардағы Франция. Англия.»
Жоспар: 1. ХІ-ХҮ Францияның саяси-экономикалық дамуы, елдің орталықтануы.
2. Бас штаттардың пайда болуы.
3. Жүз жылдық соғыстың басталуы барысы.
4. ХІ-ХҮ ғасырлардағы Англия.
5. Норман жаулап алушылығы.
6. Еркіндіктің Ұлы Хартиясы.
7. Ағылшын парламентінің пайда болуы.
8. ХІҮ – ХҮ ғғ. Англия.
ХІ-ХҮ Францияның саяси-экономикалық дамуы, елдің орталықтануы. ХІ ғ. екінші жартысынан бастап қалалар мен тауарлы–ақша шаруашылығының дамуы негізінде Батыс Европада саяси орталықтану процесі басталды. Бытыраңқы мемлекеттердің бірігуі, король өкіметінің нығаюы мен күшеюі басталды. Бірте бірте белгілі бір қалыпқа келмеген феодалдық монархия орталықтанған тәртіпке, жүйеге келтірілген сословиялық монархияға айналды. Бұрын король бар болғаны “теңдестердің арасындағы бірінші” ғана болса, енді айрықша күшейіп ХҮ – ғасырдың соңына қарай абсолюттік монархияға айналды. Феодалдық бытыраңқылықты жеңуде король өкіметі прогрессивтік роль атқарды.
Европаның дамыған екі елінде Англия мен Францияда - орталықтанған мемлекеттердің қалыптасуы тез жүрді. Бұл елдердің саяси орталықтануы негізінен ХІІІ-ХҮ ғғ. аяқталды. Екі елдің тез бірігуінің алғышарты, ең бірінші кезекте аталған елдердің интенсивті экономикалық дамуында жатты - өнеркәсіптің, сауда мен қалалардың дамуы, ішкі рыноктың қалыптасуы т.б. Елдің әртүрлі аймақтарын байланыстырған Париж, Лондон сияқты қалалардың, ерте сауда мен өнеркәсіп орталығына айналуыда аз роль атқарған жоқ. Тауарлы – ақша қатынастарының дамуымен бұл елдерде үшінші сословия – ретінде қалалықтар тез қалыптасып үлкен әлеуметтік күшке айналды. Бытыраңқы да ,берекесіз фелдалдық монархияның орталықтанған монархияға айналуына, король өкіметінің күшеюіне де мүдделі болған осы қалалықтар болды.
Людовик ҮІІ екінші крест жорығына қатысып, көп пайдаға кенелді. Оның шаруашылық меңгерушісі Сугерий аса көрнекті мемлекет қайраткерлерінің бірі болды. Ол король доменінің шаруашылығын, табыс көзін , қаражатын жолға қойып , жергілікті барондармен күрестеде қажырлылық танытты.
Людовик ҮІІ-нің ұлы Филип ІІ Август (1180-1223) француз жерлерін өз қолына жинауда тамаша табыстарға қол жеткізді. Филип өз иелігінде болсын, басқа иеліктердегі болсын қалалардың барлығына ашықтан ашық барынша қолдау көрсетті. ХІІІ ғасырдың басында Филип ІІ Плантегенеттерден олардың Франциядағы иеліктерінің көпшілігін – Нормандияны, Анжу, Мен, Турень, Пуатудың бір бөлігі (1204-1214) тартып алды. Шешуші шайқаста 1214 жылы ағылшын королі Иоан Безземельный мен оның одақтасы Фландрия графының әскерлері талқандалды. Бұл шайқаста қалалықтар француз короліне шешуші жәрдем көрсетті. Нәтижесінде Француз королінің иеліктері Ла – Манш пен Атлантика жағалауларына шықты. Королдің домені бірнеше есе ұлғайды.
Людовик ҮІІІ-нің қысқа патшалығынан кейін (1223-1226) Франциядағы билікке Филип ІІ Августің немересі Людовик ІХ Әулие келді (1226-1270). Ол соңғы крест жорықтарының ұйымдастырушылардың бірі ретінде белгілі болды. Людовик ІХ Пуатудың Оңтүстік бөлігі мен Батыс Лангедокты, Авернь провинциясын өз иелігіне қосты. Король 1259 -жылы Англия мен Франция үшін тиімді бітім жасады. Алайда, Людовик ІХ – ның басты жетістігі территориялық жаңа жерлерді қосып алуда емес, әкімшілік – сот және финанс реформаларында болды. Бұрынғы феодалдардың съезі, енді тұрақты жұмыс істейтін Корольдық кеңеске немесе Корольдық курияға ойналды. Орталық корольдық концелярия, бірнеше ведомоствалардан тұрды. Сот істерін қараған мекеме – Парламент деп аталып (“сотта сөйлеу”) орасан зор маңызға ие болды.
Бас штаттардың пайда болуы. Фландрия соғыстары кезінде (1302-1305) корольдың қазынасы сарқылып, финанс жүйесі бұзылды. Король орынсыз жаңа салықтар енгізіп, халықтың наразылығын туғызды. Ақырғы соңында, Филип ІҮ құдіретті католик шіркеуінен де алым салықтар алуды талап етті. Корольдің бұл шешіміне папа Бонифаций (1294 – 1303) ҮІІІ күрт қарсы шықты. Папа қандайда бір болмасын шіркеу иелерінің корольге алым салық төлеуіне қарсы шыға отырып, тез арада корольден Фландриямен соғысты тоқтатуды талап етті. Бұған жауап ретінде Филип ІҮ 1302 -жылы үш сословие өкілдерінің – дін басылары, дворяндар мен қалалықтар – жиналысын шақырып, папамен арадағы дау – жанжалды талқылады. Жиналыс Бас Штаттар деп аталды. Бас штаттар рим папасының, францияның ішкі істеріне араласуына наразылық білдіріп, корольді қолдады.
Қоғамдық пікірдің қолдауына ие болған Филип ІҮ рим папасына қарсы қысым көрсетуді күшейтті. Францияға келеген папаның легаты тұтқындалды. Филип ІҮ Римдегі бүлікті пайдаланып, оған өз агенті Ногарені жіберді. Ногаре папаның жауларын күшейтіп, ақырғы соңында оны тұтқынға алды да, көп ұзамай жасы келген папа Бонифеций ҮІІІ қайтыс болды. Бұдан кейін Филип ІҮ – нің ұсынысымен француз архиепископы – Климент Ү деген атпен рим папасы болып сайланды. Климент Ү римде тұрудан сескеніп, өзінің резиденциясын Авиньон қаласына көшірді. Мұнда папалар 70 жыл бойы тұрып бұл тарихта “Авиньон тұтқыны” деген атпен қалды (1309 – 1378).
Сонымен, бұрын король – императорлармен күресте оңай жеңіске жетіп жүрген папалар, бұл жолы жеңіліске ұшырады, өйткен себебі француз корольдары ұлттық мемлекеттік саясат жүргізді. Бас штаттардың құрылуымен франция мемлекеттік дамуда бір адым ілгеріледі. Биліктің өкілетті тармағы пайда болды. Бас штаттар жұмысына қалалықтардың тартылуы айрықша маңызды еді. Бұл қалалықтардың саяси ықпалының өскендігін көрсетті. Бас штаттар король өкіметінің қалалықтармен одағының жаңа формасы болып бүкіл елдік ауқымға көтерілді. Үшінші сословиеге сүйене отырып, король өзінің финансын нығайытты, жүгенсіз кеткен федалдарды мойынсұндырды. Алғашқы бытыраңқы феодалдық манархияның орнына неғұрлым орталықтанған сословиялық монархия келді.