Лекция «кіріспе. Ерте ортағасырлар тарихы»


«Ү-ХҮ ғғ. Батыс Еуропа мәдениеті»



бет33/44
Дата14.10.2023
өлшемі313,57 Kb.
#113866
түріЛекция
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   44
Байланысты:
Лекция «кіріспе. Ерте ортағасырлар тарихы»-emirsaba.org

«Ү-ХҮ ғғ. Батыс Еуропа мәдениеті»


Жоспар:
1. ҮІ-ХҮ ғғ. христиан дінінің рөлі.
2. Орта ғасырлардағы ағарту ісі, ғылым мен білім.
3. ХІҮ-ХҮ ғғ. Италиядағы ерте қайта өрлеу мәдениеті.
4. Кітап басудың басталуы.


ҮІ-ХҮ ғғ. христиан дінінің рөлі. Орта ғасырлық мәдениет шіркеулік – діни идеологиямен тығыз байланыста болды. Орта ғасыр мәдениетінің барлық салаларында: ғылымда, мектеп, әдебиет пен өнерде шіркеудің ықпалы айқын сезілді. Шіркеу барлық европа елдерінде ірі жер иеленуші болды. Барлық корольдықтардағы жердің үштен бір бөлігі, осы шіркеу иелерінікіне тиесілі еді. Шіркеу сондай–ақ, үлкен саяси күште болды. Король кеңесшілері, какнцлерлер, мемлекеттік хатшылар, орталық мекеменің чиновниктері және т.б. дін иелерінің кеңесімен тағайындалып отырды. Орта ғасырлық сословиялық жиналыстарда да (Бас штаттар, парламент, кортестер т.б.) дін басыларының үлес салмағы, өкілеттілігі де қомақты еді. Әсіресе, шіркеудің идеологиялық саладағы рольі өте зор болды. Шіркеу орта ғасырлық феодалдық қоғамның рухани жетекшісіне айналды.
Орта ғасырлық дүние танымның сипатты ерекшеліктерінің бірі – діни тақуалық (аскетизм) болды. Тақуалыққа сәйкес, әлем, адамның тәндік табиғаты күнә мен зұлымдыққа толы. Діндәр адамның міндеті жанын бірте бірте жерлік бұғаулардан босату, “құмарлықтармен” күресу, сөйтіп, о дүниедегі жақсы өмірге дайындалу болып табылды. Ол үшін шіркеу діни жораларды: постылар, дұға оқу, жалбарыну, тәнін тылсымдау т.б. сақтауды ұсынды. Бұл дүниеден монастырға кету ең жоғарғы ерлік болып есептелді.
Алайда, нақты өмірде діни – тақуалық өмір салты үнемі басшылыққа алына берген жоқ. Жаугершіліктен қолдары босамаған феодалдар тақуа болуды ойлаған жоқ. Діни басшылардың өзі, тақуалық нұсқауларды көп жағдайда қатал ұстанбады, шын мәнісінде светтік өмір салтын таңдап алды. Қалалықтар мен шаруалар шама– шарқының келгенінше діни ұстанымдарды басшылыққа алуға тырысты, алайда, орта ғасырлық қоғамды тек діндәрлар қоғамы, монастырлар әлемі деп түсінуге болмайды. Айта кететін жәйіт, аскетизм – тақуалылық, шіркеу трибунасынан жарияланған ресми ілім болды. Аскетизм – орта ғасырлардағы дін үстемдігінің жарқын көрінісі, өйткені бұл кезде, дәл – нақты ғылымдар әлі дамымаған, адамның табиғат күштері алдындағы дәрменсіздігінің қаймағы бұзылмаған шағы еді. Оның үстіне шаруалар бұқарасы қатаң крепостниктік езгі жағдайында болды.
Әдетте, ерте орта ғасырларға қараңғы “түнек” ғасырлар деп қарау үрдіске енген. Алайда, нақ осы ерте орта ғасырларда болашақ Европаның бет бейнесін айқындаған түбегейлі міндеттер шешімін тапты. Ең бірінші кезекте, болашақ христиандық Европа өркениетінің ірге тасы қаланды. Христиандық Европа барлық жағынан: - этникалық, саяси, экономикалық, мәдени, әлеуметтік,құрылымдық– қалыптасып жатты. Христиандық өркениеттің қалыптасуына шешуші үлес қосқан грек, рим, кельт, герман, славян т.б. этникалық топтар болды. Айта кету қажет, ерте орта ғасырларда римнің саяси институттары мүлде жойылып кеткен жоқ, ұзақ уақыт германдықтардың рулық – тайпалық институттарымен қатар жүріп болашақ Европа өркениетінің қалыптасуына әсер етті.
Ү–ҮІІ ғғ. варварлық тайпалардың антикалық мұраларды “талқандаумен” ғана айналыспай, игеруге тырысқандығын көрсететін дәйектер мен дәлелдер көптеп кездеседі. Остгот корольі Теодорихтың магистр – оффициі (бірінші министрі) Северин Боэций (480 – 525) орта ғасырлардағы ең танымал авторлардың бірі болды. Оның арифметика мен музыка, логика мен теология саласындағы трактаттары, Арисстотельдің логикалық шығармаларының аудармасы – орта ғасырлық білім беру жүйесі мен философиясының іргетасы болды.
Вестготтық Испаниядан шыққан көрнекті оқымыстылардың бірі Исидор Севильский (570 – 636) орта ғасырлардағы бірінші энциклопедист ғалым ретінде танымал болды. Оның негізгі еңбегі “Этимология” 20 кітаптан тұрды.
Ерте орта ғасырлар варварлыр тайпалардың этникалық сана сезімінің де дамыған кезеңі. Нақ осы уақытта римдіктердің емес, варварлардың іс -әрекетін, қызметін баяндаған еңбектер пайда болды: Иорданның “Гетикасы” (ҮІ ғ.), Григорий Турскийдің “Франктар тарихы” (ҮІ ғ.), Исидор Севильскийдің (ҮІІғ) “Гот, вандалдар мен свев корольдарының тарихы туралы); Павел Диаконның “Лангобардтар тарихы” (ҮІІІ ғ.) т.б.
Ерте орта ғасырлық мәдениет–кейінгі антик, христиандық және варварлық үрдістердің синтезінен қалыптасқан, күрделі құбылыс. Нақ осы уақытта болашақ Европа өркениетінің архетипін анықтаған процесстер жүрді. ХІ – ХҮ ғасырларда орта ғасырлық батыс европа мәдениеті өзінің классикалық формаларына йе болды.XIV-XV ғасырларда европада жаңа құбылыс Қайта Өрлеу мен Гуманизм жоғарғы сатыға жетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет