Варварлық корольдықтардың құрылуы. Сонымен, Батыс Европаның картасы Ү-ҮІ ғасырларда түбірінен өзгерді. Рим империясының батыс бөлігі өмір сүруін тоқтатты. Шығыс рим империясы – Византия деген жаңа атаумен өмір сүруін жалғастырды. Европада ондаған варварлық мемлекеттер пайда болды. Тұрпайы қарадүрсін болсада бұл жаңа әлеуметтік - саяси саты еді. Нақтырақ айтқанда варварлар өркениетке қарай алғашқы қадамын жасады.
Халықтардың ұлы қоныс аударуы жәй ғана механикалық қозғалыс емес, үлкен әлеуметтік экономикалық салдарларға алып келді. Варварлар империяға басып кіріп, ірі римдік жер иеленуді жойды. Құл иеленушілік қоғамды құлатуға құлдар мен колондарда тікелей қатысты. Олардың көпшілігі варварлық әскерлердің құрамында соғысты. Уақыттың өтуімен римнің құлдары мен колондары шаруалар бұқарасына айналды. Варварлық көсемдер мен шонжарлар жаңа жер иелеріне айналды, бірақ оларға біріншіден құл еңбегінің көп қажеттігі болмады. Құлдардың саны бұл кезде күрт азайған еді. Екіншіден, рим құл иеленушілерін алмастырған жаңа ірі жер иелері өздерінің құлдарын – оброк төлеп отыратын егіншінің жағдайына алмастырды.
Әдебиеттер: З.В.Удальцова., С.П.Карпов. История средних веков. М., 1990.
История средних веков в 2х томах. Под ред. С.П.Карпова. М., 2003.
Буданова В.П. Готы в эпоху Великого переселения народов. М., 1990.
Корсунский А.Р., Гюнтер Р. Упадок и гибель Западной римской империи и возникновение германских королевств (до середины ҮІ в) М., 1984.
Шервуд С.А. Законы лангобардов. М., 1992.
Буданова В.П. Этнонимия племен Западной Европы: рубеж античности и средневековья. М., 1991.
Барг М.А. Эпохи и идеи. Становление историзма. М., 1987.
Бессмертный Ю.Л. “Феодальная революция” Х-ХІ вв ?” // Вопросы истории. 1984., № 1.
Гутнова Е.В. Историография истории средних веков. 2-издание. М., 1985.
Коптев А.В. От прав гражданства к праву колоната. Вологда. М., 1995.
№2-ЛЕКЦИЯ
«Батыс Рим империясының құлауы»
Жоспар: 1. Батыс Рим империясының құлауы.
2. Халықтардың ұлы қоныс аударуының себептері.
3.Герман тайпаларының көшіп қонуы.
4. Батыс Рим империясының құлауы.