Лекция «кіріспе. Ерте ортағасырлар тарихы»


Батыс Рим импеиясының құлдырауы



бет7/44
Дата14.10.2023
өлшемі313,57 Kb.
#113866
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   44
Байланысты:
Лекция «кіріспе. Ерте ортағасырлар тарихы»-emirsaba.org

Батыс Рим импеиясының құлдырауы. Каталаун жазығындағы жеңіс Батыс Рим империясының соңғы ірі жетістігі болды. 454 жылы Аэций қолбасшыларының бірі свев Рикимер императорды өлтіреді. Бұдан кейін саяси тұрақсыздық белең алып 21 жыл ішінде Батыс Рим имериясы тағына 9 билеуші, италик немесе галл ақсүйектері, варвар армиясының басшысы Рикимер, ал ол 472 жылы өлгеннен кейінгі Византия, вандал және бургунд өкілдері отырды. Бұл империя дағдарысының оның әрі тереңдеуі және шекарасының тарыла түсу кезеңі болды.
455 жылдың мамырында ІІІ Валентиниан өлтірілгеннен кейін көп кешікпей вандалдың кемелері: Тибр сағасында пайда болды; Римде бейберекетсіздік басталып, император Петроний Максим тосқауыл ұйымдастыра алмай өзі де мерт болады. Вандалдар еш қарсылықсыз қаланы басып алып, 14 күн бойы аяусыз тонап талқандайды, өте қамбат мәдениет ескерткіштерді жойып жіберді. Осыдан болар вандализм (тағылық) деп қасақана құнды мәдени ескішткіштерді жоюшылықты атаған.
IV – ғасырдың соңында Рим империясы мен варварлардың ара қатынасы аса шиеленіскен болды. Империяның әлсіреуі варвар тайпаларына оның шекарасынан өтіп, жерлерін жаулап алуға жағдай туғызды. Империя біраз уақыт өз қатарында одақтас – федераттар ретінде қызмет ететін сол варварлардың көмегімен қарсы тұрып бақты. Бірақ федераттар варвар жағына оңай шығып кетіп отырды, немесе империя оларға жаңа жағдайлар жасап беруге тиіс болды.
3. ЛЕКЦИЯ

«Франк мемлекетіндегі феодализмнің дамуы»


Жоспар:
1 Меровингтер әулеті тұсындағы франк мемлекеті.
2 Королингтердің франк мемлекеті. Бенефицийлік реформа.
3 Ұлы Карлдың тұсындағы франк империясы.
4 Верден бөлінісі.
Меровингтер әулеті тұсындағы франк мемлекеті. Уақыттың өтуімен батыс рим империясының территориясында пайда болған варварлақ корольдіктердің ішіндегі ең ірісі әрі күштісі франктердің корольдығы болып шықты.
486 жылы франктер Солтүстік Галлияда өз корольдығының негізін қалады. Оның басында Меровей әулетінен шыққан көсем-қолбасшы Хлодвиг Трзды (486-511). Осылайша Ү ғасырдың соңынан ҮІІ ғасырдың соңына дейін созылған франк мемлекетінің Меровей кезеңі басталды. Хлодвигтің тұсында Аквигания (507), ал оның мүрагерлер тұсында- Бургундия (534), 536 жылы Прованс жауланып алынды. Бұл кездегі франк мемлекеті бұрынғы рим империясының Голлия провинциясын түгелге жуық қамтыды. Өзінің билігін нығайтып, христиан дін басылары мен галл-рим аристократиасының қолдауына ие болу үшін Хродвич өзінің жасағымен және жақын нөкерлерімен 496 жылы христиандықты қабылдады. ҮІ ғасырдың екінші жартысында франк королдығы варварлық корольдықтардың ішіндегі ең ірісі болды. Остготтардың Византиямен соғысын пайдаланып франктер Провансты басып алды. Бұдан кейін варварлық королдықтардың ішіндегі гегемондық остготтардан – франктерге көшті.
Галлияны жаулап алғанға дейін франктерде мемлекеттік ұйымдасу, мемлекеттік құрылымдар болған емес. Жоғарғы билікті әскер басшылар, көсемдер жүзеге асырды. Қоғамдық жұмыстар мен сот ісі халық жиналыстарында шешілді. Меровингтер дәуірінде (Ү-ҮІІ) мемлекеттік құрылым, басқару өте тұрпайы болды. Соған қарамастан корольдің билігі зор болды және ол мұралықпен берілді.
Франктердің Меровинг дәуіріндегі қоғамдық құрылысын зерттеу үшін құнды дерек көзі “Салий ақиқаты” болып табылады. Бұл – Салий франктерінің соттық әдет-ғұрып заңдар жинағы. Ол бойынша, франктердегі ортақ қауымдық жерлерді пайдалану туралы көп айтылады. Шаруа – қауым мүшелері усадьба жанындағы жерлерін жеке меншік кұқ негізінде пайдаланған, сондай-ақ ортақ қауымдық жерлерді белгілі бір территорияны өңдеген. Елді мекен сыртындағы орман – тоғайларды, жайылымдарды бірігіп пайдаланған. “Салий ақиқатында” жерді сату және сатып алу, сыйлыққа беру немесе өсиетпен беру туралы ештеңе айтылмайды. Демек, франктерде бұл уақытта (Ү –ҮІ ғ. басы) жерге деген жеке меншік болмаған. Әрбір деревнядағы негізгі жер қоры ұжымдікі , яғни қауымдікі болды. Селолық қауымда – маркада - әліде болса рулық дәстүрлердің қаймағы бұзылмай тұрды. “Салий ақиқатында” ру, тек қауымдық жерлердің жоғарғы меншік иесі ғана емес, сондай-ақ саяси ұйым ретінде көрінеді. Барлық руластар присяжный ретінде сотқа қатысып, туысқанының пайдасына куәлік етті, аманаттық жасады. Мысалы, кісі өлтіргені үшін айыпты – вергельдті – айыпкердің отбасы ғана емес, руластары да төледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет