Лекция «кіріспе. Ерте ортағасырлар тарихы»


ХІ-ХІІ -ғасырлардағы Византия



бет13/44
Дата13.10.2022
өлшемі112,8 Kb.
#42747
түріЛекция
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   44
ХІ-ХІІ -ғасырлардағы Византия. Византия тарихының келесі кезеңі Алексей І-Комниннің патшалық құруынан (1081) крестшілердің 1204-ж Константинополь қаласын алуымен аяқталады. Бұл Комниндер билік құрған дәуір (1081-1181). Бұл әулеттің төртеуі Византия тарихында үлкен із қалдырды. Бұлардың соңғысы Андроник І – нің (1183-1185) кетуімен империя біртұтас мемлекет болудан қалды. Комниндер империяны сақтап қалу үшін көптеген экономикалық, саяси - әлеуметтік шараларды жүзеге асырды. Империяның өмірін ұзартқанымен оны нығайтудың сәті түспеді.
Батыс Европа қалаларынан Византия қалаларының ерекшелігі, мұнда қалалар император тағайындаған наместиктер арқылы басқарылды. Шауалардан алынатын алым салықтардың азаюымен қалалардан алынатын алым – салықтар көбейтіліп отырылды. Қалалардың, сауда, алым – салықтық, саяси жеңілдіктері болмады. Қайта керісінше шетелдік сауда - өнеркәсіп топтарына жеңілдіктер беріліп отырылды. Сондықтан Византия қалалары бір уақытта ірі шонжарлармен және екінші жағынан мемлекетпен ауыр күрес жүргізуге мәжбүр болды. Мемлекеттік органдардың ұсақ – түйек істерге араласуы, шектеу жүйелері, жоғарғы алым – салықтар, басқарудың консервативтік принциптері корпорацияларды тұншықтырды. Сауда мен қол өнері құлдырады.
ХІІ-ғасырдың соңында Византияның ішкі - сыртқы жағдайы нашарлай түсті. Исаак ІІ Ангелдің (1185 – 1195, 1203 - 1204) және оның бауыры Алексей ІІІ (1195 -1203) тұсында Византия қоғамының дағдарысы, сарай маңындағылардың іріп шіруі, азғындалуы жалғаса түсті. Императорлардың барлығы оқиғалар барысына ықпал жасауға дәрменсіз болды. 1186-жылы болгарлар империя билігін құлатып екінші болгар патшалығын құрды. 1190- жылы Сербтер өздерінің тәуелсіздігін алды. Империя замандастарының көз алдында ыдырап жатты. 1204-жылы крестшілер Константинопольге кіргенде империя басшылары қаланы қорғауды ұйымдастыруға да мүлде дәрменсіз болды. Византия уақытша тарихи сахнадан кетті. 1261-жылы ол қалпына келтірілгенде бұрынғы Византия емес, үшінші, төртінші қатардағы кішігірім мемлекет еді.


Әдебиеттер:
Византийские очерки. М., 1996
Курбатов Г.Л. История Византий (от античности к феодализму) М., 1984
Лебедева Г.Е. Социальная структура ранневизантийского общества (по данным Кодексов Феодосия и Юстиниана). Л.,1980
Липшиц Е.Э. Законодательство и юристпруденция в Византий в ІХ – ХІ вв. Л.,1981
Литаврин Г.Г. Византийское общество и государство в Х - ХІвв. М.,1977
Прокопий Кесарийский. Война с персами. Война с вандалами. Тайная история. Перевод. А.А. Чкаловой. М.,1999
Каждан А.П. Социальный состав господствующего класса Византий ХІ – ХІІ вв. М.,1974
Удальцова З.В. Идейно – политическая борьба в ранней Византий (по данным историков ІҮ – ҮІІ вв). М.,1974
Чекалова А.А. Константинополь в ҮІ в. Восстание Ника. М.,1986
История средних веков. Под. ред. С.П. Карпова. М.,2003

5. ЛЕКЦИЯ






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет