Лекция «кіріспе. Ерте ортағасырлар тарихы»


- жылдың күзінде жорыққа рыцарлар шықты



бет15/44
Дата13.10.2022
өлшемі112,8 Kb.
#42747
түріЛекция
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   44
Байланысты:
e. Ортағасырлар тарихы-лекция (1)

1096- жылдың күзінде жорыққа рыцарлар шықты. Бұлар негізінен француз, итальян және батыс герман феодалдары еді. Бұл жорықты екі інісі Балдуин және Естафиймен бірге жорыққа шыққан төменгі Лотарингия герцогі Готфрид Бульонский басқарды. Солтүстік француз феодалдарын екі Роберт – Нормандия графы Роберт, Фландрия графы Роберт – басқарса, оңтүстік француз феодалдарын Тулуза графы Раймунд басқарды. Бұлармен бірге папаның легаты - өкілі епископ Адемар жүрді. Оңтүстік итальян феодалдарына Тарент герцогі – Боэмунд басшылық жасады. Бұл жорыққа барлығы 30 – 40 мың рыцар қатысты. Рыцарлар Константинополь бағытына әртүрлі жолдармен жүрді. Бірінші отряд Рейн – Дунай бойымен жүрсе, екінші отряд Солтүстік Италия арқылы өтіп, Адриатика жағалауымен жүріп отырды.
Рыцарлар, тек 1097 жылдың көктемінде ғана Константинополь қаласынна біржолата жиналды. Феодал – рыцарлар осы жерде Византия императорына адалдық антын беруге тиісті еді. Европа рыцарлары ұзақ уақыт ондай антты бергісі келмей қасарысты, бірақ ақырғы соңында беруге мәжбүр болды. Алайда, Европа рыцарларының ойында оны мүлтіксіз орындау ниеті болған жоқ.
Шығыстағы крестшілер мемлекеттері. Діни рыцорлық ордендер. Жаулап алған территорияларда крестшілер өз мемлекеттерін құрды. Олардың ішіндегі ең ірісі Иерусуалим корольдығы болды. Оның алғашқы корольі Готфрид Бульонский болды. Оның мұрагері Болдуйнның кезінде (1100-1118 жж.) корольдық біржолата қалыптасты. Корольдықтың шекарасы негізінен Палестинаны қамтыды. Бұлардан бөлек формальді түрде Иерусалим корольдығының вассалдары болып есептелген үш ірі княздық: Антиохия княздығы, Триполи мен Эдесса графтықтары құрылды. Бұлардың барлығы барондықтарға, олар өз кезегінде рыцарлық ленндерге бөлінді.
Иерусалим корольдығында айрықша феодалдық конституция жасалынып, кіші феодалдардың сеньор барондармен, сеньор барондардың корольдармен қарым қатынастары реттелді. Бұл конституция тарихта “Иерусуалим ассизі” деген атпен қалды. Ассизде рыцардың жылына қанша күн әскери қызмет атқару керек екендігі көрсетілді. Феодты мұрагерлікпен беру тәртібі айтылды. Король билігі сайланбалы болды және шектелді. Аса ірі феодалдар кеңесі – Жоғарғы Палата корольдарды сайлады. Жоғарғы Палата сондай–ақ феодалдардын жоғарғы соты болды. Барондар мен княздардың бұл Палатасынсыз король бірде - бір маңызды шешім қабылдай алмады.
Иерусалим корольдығындағы барлық жер иелігі әскери сипат алды, яғни феод болды. Сонымен, европалықтар шығыста классикалық феодалдық батыстық үлгідегі мемлекеттер құрғысы келді. Алайда, шығыста құрылған жаңа мемлекеттер баянды берік мемлекеттер бола алмады. Феодалдардың арасында тәртіп жетіспеді. Жергілікті халықтар басқыншы европалықтарды жек көрді. Рыцарлар, тіпті селолық жерлерде жергілікті халықпен араласып тұра алмады. Олар қалаларда тұрды, ешқандай шаруашылық жүргізбей, жергілікті халықтан алған ренталарын қанағат тұтты. Католик шіркеуі едәуір жер көлемін иеленді. Латын (католиктік) Иерусалим патриархы елде корольден кейінгі екінші адам болды. Жаулап алулардың нәтижесінде Генуя мен Венеция көпестері Сирия мен Палестинадағы барлық сауданы өз қолына алып, арабтар мен византиялықтарды екінші кезекке ығыстырды. Итальян қалалықтары мұнда шаруашылықпен айналысып бағалы дақылдар екті (мақта, қант құрағы, өсімдік майы т.б.). Жұмыс күші ретінде жергілікті халықтарды пайдаланды.
1190-жылы неміс феодалдары Неміс немесе Тевтон орденін құрды. Бұл басқа ордендерге қарағанда кейінірек құрылды және Палестинада көп орныққан жоқ. ХІІІ ғасырдың басында Тевтон ордені Европаға қоныс аударып төменгі Висла бойына қоныс тепті. Мұнда оларды пұтқа табынушы прусстарға қарсы соғысу үшін поляк феодалдары шақырған еді. Пруссияны жаулап алған Тевтон ордені атын өзгертіп “Прус” ордені деп атала бастады. Бүкіл Балтық жағалауын қамтыған Тевтон мемлекеті енді поляк мемлекетінің өзіне қауіп төндірді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет