Лекция «кіріспе. Ерте ортағасырлар тарихы»


Реформацияның Европа елдеріне таралуы. Католиктік контрреволюция



бет32/44
Дата13.10.2022
өлшемі112,8 Kb.
#42747
түріЛекция
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   44
Реформацияның Европа елдеріне таралуы. Католиктік контрреволюция. ХҮІ ғ. 30-40 жылдары протестантизм Европада кеңінен тарай түсті. Бұл өз кезегінде дәстүрлі католик шіркеуіне қарсы реформацияны - контрревормацияны, яғни католиктік реакцияны тудырмай қоймады. Оның басты себебі, феодализм өзінің ыдырау сатысына енгенімен барлық салалардағы күш құдіретін әлі сол қалпында сақтап тұрған еді. Католицизмнің үлкен басымдығы, оның әлі бытыраңқы, ұйымдық деңгейі төмен жаңа протестанттық шіркеуге қарағанда, қатаң орталықтандырылғаны еді. Европаның аса ірі мемлекеттері – Франция, Испания, Австрияда жеңіске жетіп салтанат құрған абсолютизм католицизмнің идеологиялық және саяси қолдауына мұқтаж болды. Католиктік епископат, приходтық дін иелері, әртүрлі монахтық ордендер бір орталықтан римнен бақарылып, нұсқаулар алып отырды. Алайда, өзінің үстемдігін қалпына келтіру үшін, католик шіркеуі өз тарапынан кейбір өзгерістер жасауға мәжбүр еді.
Католиктік реакцияда жаңадан құрылған “Иезуиттер ордені” (Иса қауымы) үлкен рол атқарды. Орденнің негізін қалаған испан дворяны Игнатий Лайола (1491-1556) болды. Уставтың орденін 1540- жылы Рим папасы бекітті. Католицизмнің сән салтанат құруы үшін Иезуиттер Ордені ешқандай құралдардан тайсалған, жиіркенген жоқ. Олардың негізгі девизі “кез келген құралды – қойылған мақсат ақтап алады” болды. Бұкіл Европада, өмірдің барлық салаларында бақылау жүргізу, “басқаша ойланатындарды” тұқырту үшін бұрын соңды болмаған тыңшылық жүйе орнатылды. Ондаған мың қарапайым адамдар Орденнің құрбандары болды. Иезуиттер – сарай маңындағы священниктер, корольдар мен королевалардың діни нұсқаушылары ретінде үлкен саяси роль атқарды. Абсолюттік әкімшілік аппараттарында иезуиттер жауапты қызметтер атқарды. Көптеген иезуиттер миссионерлер ретінде жаңадан ашылған отарларда – Оңтүстік Америкада, Үндістанда, Үнді-қытайда, Индонезияда, Қытайда, Японияда белсенділік танытты. Иезуиттердің қызметі Европадағы қоғамдық саяси реакцияның құрамдас бөлімі болды. ХҮІІІ- ғасырдың соңында, ұлы Француз революциясының қарсаңында иезуиттер зиялылар, ағартушылар тарапынан өткір сынға ұшырады.
Әдебиеттер:
1. Лютерь М. Время молчание прошло. Избранные произведения 152-1526 гг. Харьков, 1994
2. Макхиш С.П. Знакомство с Эразмом из Роттердама. М., 1971
3. Немилов А.Н. Немецкие гуманисты ХҮ в. Л., 1979
4. Смирин М.М. Германия эпохи Реформации и Великой крестьянской войны. М., 1982
5. Фаусель Г. Мартин Лютерь, жизнь и дело. Т.1,2. М., 1995, 1996
6. Э. Роттердамский и его время. М., 1989
7. Кальвин Ж. О христианской жизни. М., 1989
8. Ревуненкова Н.В. Ренессансное свободомыслие и идеология Реформации. М., 1989
9. История немецкой литературы. Т.1. М., 1962
10. Некрасов Ю.К. Реформация и крестьянская война в германских землех ХҮІ в. Как реннебуржуазная революция (Историография, причины и предпосилки революции) Вологда, 1984.

12. ЛЕКЦИЯ




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет