Лекция «кіріспе. Ерте ортағасырлар тарихы»


Орта ғасырлардағы Италия дамуының ерекшеліктері



бет22/44
Дата13.10.2022
өлшемі112,8 Kb.
#42747
түріЛекция
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   44
Байланысты:
e. Ортағасырлар тарихы-лекция (1)

Орта ғасырлардағы Италия дамуының ерекшеліктері. ХІІІ-ХҮ ғғ. Италияда бытыраңқы ел болып қала берді. Елдің неғұрлым дамыған ауданы Солтүстік аймақ – Ломбардия мен Тоскана болып қала берді. Мұндағы ең ірі қала республикалар – Генуя мен Венеция, Милан мен Флоренция болды. Италияның орталық аймағы – Папа облысы – артта қалған аудан болды. Мұнда дамыған қол өнері де, саудада болған жоқ. Жергілікті халық егіншілікпен және рим қаласына келген діндарларға қызмет жасаумен күн көрді. Елдің оңтүстігі Штауфендер билігінен кейін француз феодалы, Капетинг әулетінен – Карл Анжуйскийге өтті (1268). Егер Штауфендер мұсылман әлемімен мейлінше жақсы сауда қарым қатынасында болса, француздар бұл дәстүрді бұзып, шығыс елдеріне жаугершілік ұстанымда болды. Жергілікті халық француздардың озбырлығына, зорлық зомбылығына ұшырады. Бұған қарсы 1282 жылдың 31 – мартында Палермо қаласының тұрғындары көтеріліске шықты. Көтеріліс кешке болғандықтан бұл тарихта “Сицилия ақшамы” деген атпен қалды. Француздардың жазалау шараларынан қорыққан Сицилиялықтар Арагон корольдығының құрамына сұранды (1302). 1445 жылы Арагон – испан мемлекеті Неаполь корльдығын жаулап алды. Сөйтіп, Оңтүстік Италия ұзақ уақыт жат жерлік мемлекеттің қол астында қалды.
Бұған керісінше, Солтүстік Италияның қала – республикалары ХІІІ – ХҮ ғасырларда гүлденді. Венеция – ірі көпестік теңіз державасы болса, Флоренция неғұрлым дамыған өнеркәсіп орталығының, әлеуметтік күрес аренасының, сондай–ақ жаңа итальян мәдениетінің орталығы болды. ХІҮ – ХҮ ғасырларда оның иелігі онан әрі кеңейе түсті. Италияның Адриатика жағалауларынан бөлек Пелопоннес, Эгей теңізі, Крит аралы, ал ХҮ – ғасырдың соңынан Кипр аралы оның иелігіне өтті. Венецияның орасан зор сауда флоты болды. Жерорта теңізіндегі саудада оның монополиясы орнады. Венецияның алтын дукаттары біренше ғасыр бойы халықаралық монетаға айналды.
Флоренцияның саяси өмірі күреске толы болды. Дворяндар партиясы – гибеллиндер, ірі буржуазиянікі – гвельфтер деп аталды. 1250 жылы гвельфтер толық жеңіске жетті. 1293- жылғы конституция бойынша Флоренцияда ірі буржуазияның үстемдігі орнады. Республиканың жоғарғы органы – сеньорияға әрбір жеті аға цехтың бір-бірден өкілдері, кіші цехтардың екі өкілі сайланды.


Әдебиеттер:
Леонтьевский А.В. “Искуство возможного” в политике Карла ІҮ Люксембурга. Волгоград 1995.
Колесницкий Н.Ф. “Священная римская империя”: притязания и действительность. М., 1977.
Рогачевский А.Л. Правосознание немецкого бюргерства ХІІІ – ХҮІІ вв. СП б., 1995.
Итальянские коммуны ХІҮ – ХҮ вв. Сб. Документов Подред. В.И. Рутенбурга. М., Л., 1965.
Карпов С.П. Итальянские морские республики и Южное Причерноморье в ХІІІ – ХҮ вв: проблема торговли. М., 1990.
Рутенбург В.И. Итальянский город от раннего средневековья до Возрождения. Л., 1987.
Его же. Народные движения в городах Италии. ХІҮ – начало ХҮ века. М., 1958.
Его же. Очерк из истории раннего капитализма в Италии. Л., 1951.
Мацек И. Гуситское революцонное движения. М., 1954.
Его же. Табор в гуситском движении. Т. 1-2, М., 1956 и 1959.

8. ЛЕКЦИЯ




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет