Христиандық көзқарастың Европа мәдениетіне тигізген әсері. Ең басты идеологиялық күш шіркеуде болды. Христиандық өзін осы шіркеуде күшейіп, өрбіген болатын. Батыстағы христиандық көзқарас Аврелий Августиннің (354-430ж) оқуларында нақышталған. Бұл ойлар ХІІІ ғ. дейін, яғни Фомо Аквинскийдің жүйесі пайда болғанша қолданыста болды. Августин ортағасырлық философиялық триаданы атап өткен болатын ол:құдай әлеми адам. Августинді екі сұрақ мазалаған болатын, ол:Адамның әлемдегі орны мен тарих философиясы.
Бір жағынан ерте ортағасырлар кезеңін «күңгірт ғасырлар» деп атау дұрыс емес, себебі, ерте ортағасырлық кезеңде мәдениеттің негізі қаланды. Ортағасырлардағы батыс Европаның мәдениеті бұрын күшті болған Рим мәдениетінң орнында пайда болған еді.
Теодорихтың билік құру кезеңіндегі остготтық Италиядағы мәдениеттің жоғарлауын (493-526ж), «остготтық қайта өрлеу» деп аталады. Теодорих білімділігімен көзге түспесе де , ол ғылым мен өнердің дамуына ықпал етті. Оның әмірімен Римдегі Помпея театры, қалалық акведуктер қалпына келтірілді. Равенна мен Верона көшелері жаңартылды. Мәдениеттің өрлеуіне Византия империясымен жасалып жатқан қарыс-қатынас та әсер етті.
Бұл кезеңде мәдениет тарихындағы философ, ақын, музыканың теоретигі-Боэцінің, жазушы, тарихшы, теолог-Кассиодордың, стилист, Рим тарихшыларының бірлігі Слимахтық, педагог, епископ-Эннодийдің есімдері әлемге әйгілі болды.
Боэций (480-524) ортағасырлық құрметті ұстаздардың қатарына қосылған соңғы римдік еді. Оның шығармалары көптеген ғасырлар бойы ортағасырлық философияның, білім жүйесінің, әдебиет пен музыка теориясының негізі болды. Боэций тағдыр тәлкегіне біреудің жалған айыбымен бүкіл дұние мүлкінен айрылып, дарға асылды. Боэций ортағасырлық білім жүйесін қалыптастырып, соның ішінде білім берудің жоғарғы сатысы-квадрививиумнің дамуына әсер етті. Ол арифметика, музыка, геометрия, астрономия оқулықтарын жазды. Логиканың дамуына Боэций қосқан үлесі зор. ХІІ ғ дейін батыс Европа Аристотелді тек Боэцийдің аудармаларынан ғана білетін. Боэций ,Платон мен Аристотелдің барлық шығармаларын аудармақшы болды, бірақ Боэцийдің ерте өлімі бұған жол бермеді. Боэцийді «Схолостиканың әкесі» деп те атайды. Өлімінің алдында ол «об утишении Философий» атты еңбек жазған болаты
Кассиодор (490-585) батыстағы ең алғаш университетті жоспарлаған еді. Ол ұзақ уақыт бойы Остгот корольдігінде тыныш еңбек етіп, жүз жылға жуық өмір сүрген. Кассиодор өзінің соңынан көптеген еңбектер қалдырған., солардың бірі-«Вария» атты құжаттар жинағы.
Италияның оңтүстігінде ол «Виварий» атты мәдени орталық құрған болатын. Мұнда: мектеп, кітап шеберханасы, кітапхана болған.
Кассиодор «Готтар тарихы» атты 12 кітаптан тұратын еңбегіне қарап, осман немесе гот Иордан ҮІ ғ «Гетика» атты еңбегін жазған болатын.
Енді бір мәдени тенденцияның негізін қалаушы –Нуриялық Бенедикт. Оны батыстағы монахтықтың негізін қалаушы деп біледі. 529 ж Субиакадан шектетіліп, ол Монтенассионда монастыр салады. Бенедиктің көзқарасы бойынша, білім алу әрбір христианның міндеті емес, Монтекассиононың монастырының негізін қалаушы, антикалық білім мен сөз шешендігін талап еткен мектептің орнына, құдайға қызмет ететін мектептің келгені белгілі болды. Бірақ Бенедиктің өлімінен кейін, Кассиодордың «Ваварлардың» қысымымен бенедиктік монастырлерде кітапханалар мен скрипториялар ашылды.
Ортағасырлық кітап – бұл тек қана білім жинағы емес, бұл үлкен өнер туындысы. Сонау ҮІ-ҮІІ ғ.ғ Оңтүстік Италияда, Испанияда, Ирландияда, Францияда кітап көшіретін, жазатын шеберханалар-скрипториялар ашылды. Мұнда тек ежелгі ақын , философтардың шығармалары, оқулықтар, энцеклопедиялар ғана емес, сонымен қатар христиандық текстер де көшірілді.
Кітаптар көбіне пергамент түрінде болып, бұзау терісінен жасалды. Пергамент беттері жұқа берік жіптермен бекітіліп, қыстырмалы ағаштан жасалды, жазылған мәтін түрлі-түсті әріптермен , миниатюралармен көркемделді.
Боэций мен Кассиодор феодалдық қоғамның рухани өмірінің негізін қалады.
ҮІ ғ соңы мен ҮІІғ басында Батыс Европаның мәдени орталығы Вестготтық Испания болды. Варварлық жаулау Европаның бұл бөлігінде талқандауға ұшыраған жоқ. Вестготтар кезеңінде Испанияда Римдік білім беру жүйесі сақталағн. Кітап қоры мол кітапханалар болған. Вестгот корольдері мемлекеттің біртұтас болуы үшін, готтар мен испан-римдіктердің рухани айырмашылықтарын жоюға тырысты.
Исиодор Севильский (570-636) ортағасырлардағы алғашқы энцеклопедист еді. Оның басты шығармасы «Этимология и начало» деп аталды. Бұл еңбек 20 кітаптан тұрды. Мұнда антикалық білім қалдықтары: философия, медицина, минерология, география, химия, агрономия т.б қарастырылды. Исидор кезеңінде антикалық еңбектерді практикада қолдану мүмкін емес еді. Көптеген ойшылдардың еңбектері жоғалып, жойылды. Европадағы ең сауатты деген адамдардың көбі грек тілін білмеді, ал латын тілі варварланып кетті. Исидор Севильскийдің «этимологиясы» яғни мәдениеттің моделі бірлік пен жүйеліктен тұрды.
Егер де Боэций схолостиканы ұстанса, Кассиодор тәрбиені қолдана отырып келе жатқан мәдениеттің моделін жасағысы келді, ал Исидор интеллектуалды универсалды толықтырды. ҮІІ ғ соңы мен ҮІІІ ғ үшінші ширегінде энцеклопедиялық дәстүрді англо-саксондық монах Беда Достопочтенный (673-735) жалғастырды.
Боэций, Кассиодор, Исидор Севильский құлдырауға ұшыраған антикалық әлем мен дамып келе жатқан ортағасырлық мәдениетті байланыстырушы болды.
Ерте ортағасырлық мәдениет тек антикалық мәдениет пен христиандықтан тұрған жоқ. Мәдениеттің енді бір қайнар көзі варварлық халықтардың рухани өмірі еді. Олардың фольклоры, өнері, дәстүрлері, психологиясы, дүниетанымының ерекшеліктері еді.
Германдықтар мен кельттердің түсінігі бойынша, орман, тау, өзендерде дракондар, құбыжықтар мекендеген. Мұны біз олардың бейнелеу өнеріндегі «аңдық» және «тератологиялық» стильдерінен көре аламыз.
Варварлық мифологиядағы құдайлар табиғи әлеуметтік күшті бейнеленген. Герман пантеонының басында Вотан-жел, дауыл құдайы тұрған, бірақ дәл осы Вотан- соғыс құдайы да болған. Вотанның таза, жарық валгалласында ұрыс даласында қаза тапқан германдықтардың рухы барады деп түсінген.
ҮІІғ соңынан бастап Италия лангобардтарының қол астында болды. Бұл жаулап алушылар өте тез рим мәдениетіне бейімделіп,Лангобард заңдары (Эдикт Ротары) латын тілінде жазылған еді , уақыт өте келе латын тілі лангобардтардың жазба тіліне айналды.
Көрнекі лангобард жазушысы, тарихшыларының бірі-Павел Диакон. (720-799) оның шығармашылығы лангобард корольдігі мен франк мемлекетінің қосылған кезеңі мен тұспа-тұс келеді. Біраз уақыт Павел Диакон Ұлы Карлдың сарайында еңбек етіп, оның Академясын гүлдендіреді. Италияға оралғаннан кейін, Лантекассино аббатствосында Диакон өзінің «Лангобарттар тарихы» атты ұлы еңбегін жазады.
Ү ғ аяғы мен ҮІІғ аралығында ерте ортағасырлық білім орталығы –Британия болды. Линдисфарн, Джарроу, кентесберри монастырларында жоғары дәрежелі монастырлық мектеп пен скрипториялар, кітапханалар пайда болып, нәтижесінде Британ мұғалімдері бүкіл Европаға әйгілі болды. ҮІ-ҮІІ ғ Беда Достопочтенныйдың «Церковная история англов» атты еңбегі жарық көріп, бұл шығарма ерте ортағасырлық тарихнамаға айналды. Ол мектеп ғылымдарын бір жүйеге келтіріп, философия, теология, орфография, математика, астрономиядан , музыкадан трактаттар жазды.
ҮІІІғ 2-ші жартысы арабтардың Испанияны жаулауынан басталады. Ислам әлеміне қарсы тұру мен өзара байланыс батыс Европаның әрі қарайғы дамуына , өркениеті мен мәдениетіне үлкен әсер етті. Ислам дінінің негізін қалаушы Мұхамедтің өлімінен кейін сенсек жыл өткен соң Жерорта теңізі маңайындағы мәдениет 3–ке бөлінеді. Олар:византиялық, арабтық, латындақ.
Арабтардың Пиреней түбегін жаулап алғаннан кейін мұнда жаңа ортағасырлық өркениеттердің бірі пайда болды. Жаулап алушылармен қатар Андослуссияға араб тілі, жоғары дамыған шығыс мәдениеті енді. Сегіз ғасыр бойына Испания Батыс, Оңтүстік Европа мен Шығыс әлемінің көпірі болды.
Кордова, Гранада, Севилья, Валенсия сынды Андалусс қалаларында әдемі сарай, мешіт, саябақ, сонымен қатар бай кітапханалар болған. Мысалы: Кордова әмірі әл-Хакімнің кітапханасында 400 мың томдық кітаптар болған. ҮІІІ-Хғ ең басты мәдени орталық Кордова болды. Мұнда әмір Абдрар Рахман І (755-788) тақпақтары жарық көрді.
Зириаб (857ж) Персияның тумасы еді. Ол поэзия мен музыка өнерінің дамуына үлес қосты. Ол Кордовада консерватория ашып, кейбір музыкалық аспаптарды ойлап тапты. Зириабтың атымен Испаниядағы араб асханасының таралуын ұштастырды.
Мұсылмандық Испания мен христиандық испанияның дінінің әртүрлігіне қарамастан, екі әлемнің арасында шаруашылық, саяси династиялық және мәдени байланыстар болған. Мұсылмандық Испания Византиямен байланыста болды. Кордованың кейбір архитектуралық ғимараттарында Византиялық шеберлердің жұмысы көрінеді.