Тыңдаушылардың сұрағына жауап беру
Сабақ жүргізу құралдары: тақта, компьютер, проектор
Интернет - қор (ресурс)
Онлайн: Қосымша материалдар интернет – ресурстарда және univer.kaznu.kz. сайтында ОӘК .
Дәріс №3 Құжаттардың және құжаттану ғылымының даму кезеңдері
Тақырыптың аңдатпасы
Лекция – кіріспе. Тақырып өзекті мәселелерді қарастырады. Нарықтық кеңістікте жаңа ұйымдардың пайда болуы , олардың құжаттау процесстерін жаіңаңша қалыптастыруды талап етеді. Сондықтан мекемелердің, ұйымдардың өз-ара ерекшелігін айқындап алу, аса маңызды. Лекцияның тақырыбы осы мәселені талдауға арналған.
Жоспар
Кіріспе.
Қортынды.
Студенттердің оқу құрал ретінде пайдалануына арналған әдебиеттерге шолу.
Дәрістің мақсаты: Ұйымды құжаттаудағы мәселені толық игеруге байланысты, алғашқыда ұйымның құрылымы туралы толық түсінік қалыптастыру
Қарастыратын мәселелер:
Өткен атқырыппен байланысына тоқталу
Тақыыптың теориялық және практикалық маңызына тоқталу
2.Дәрісті өткізу пішіні (формасы):
1.Аудторияның дайындығы бойынша , қарастыратын тақырып келесі бағытта игеріледі: ) монолог - пікірлесу б) слайд және т.б. құралдарға жүгіну бойынша монолог , в) танымдық элементтері бар монолог , студенттермен диалог орнату.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1950 жылдың басынан бастап құжат ұғымы әр түрде қолданыла бастады. Шектелген ұғымды құжат көбіне қағаз бетінде қолданылды.
Кең ұғымды түрі құжат бетінде болып, 1960-70 ж тарала бастады. «Большой советской энциклопедии»(БСО) тіркелінді. Мысалы, БСО уақытына, материалдық нысанасына, құрамына, құрылысына қарай бөлінген құжаттар сақталады. 1980 жылдың соңы мен 90 жылдың басында құжат саласына өте кең ұғымды түсінік енді. Оның бір ерекшелігі құрамына кез келген материалдық нысаналар, грампластиндер, кинофильмдер, ескерткіштер, қолжазбалардан бастап, минералдар үлгісіне дейін техникалық бұйымдар (сағат, көлік, қару-жарақ) жөніндегі ұғым енді.
Кейін түсінік шекарасы бұзылып, пайдалануға нұқсан келтірді. Құжаттың аяқ асты болғаны сонша, тіпті хайуанаттар паркіндегі пілге дейін құжат берілген, - деп, А.В. Соколов өз уәжін айтты. Құжат ұғымына маңызды түсініктерді енгізіп, әрі қарай әр салада дамуына үлес қосқан Воробьев Г.Г., Р.С. Гимяревский, О.П. Коршунов, А.И. Михайлов, А.В. Соколов, Ю.Н. Сталяров, А.И. Черный, Г.Н. Швецова-Водна және т.б. ғалымдар болатын. Құжаттандырушылар мен ақпараттандырушылар ең бірінші болып кең ұғымды құжат түрінен бас тартты. 1960 жылы А.И. Михайлов, А.И. Черный және Р.С. Гиляревский сынды ғалымдар құжат саласына физикалық белгілерді енгізді. Олардың пайымдауынша құжат – бұл өз уақыты мен кеңістігінде жарық көретін құрамында тіркелген ақпараты бар нысаналы материал. Бұл құжат мәселесіне байланысты қағаз жүзіндегі шешімдер ГОСТ-та 16487-83 мұрағат ісінде сақталған. Бұл шешімді ақпараттандырылған құжат уақыт пен кеңістіктегі белгілі бір тіркелінген ақпараттарды немесе оқиғаны жеткізу құралы делінген.Ресейде 1990 жылдары құжат ұғымын негіздей отырып О.П. Коршунов, А.В. Соколов, Ю.Н. Сталяров материалдық нысананы социалды ақпарат тасушы ретінде қабылдауды ұсынды. Бұл уақытта Украинада С.Г. Кулешов және Г.Н. Швицова-Водна құжаттардың көлемі мен мазмұнын зерттей отырып, барлық адам баласы қолданатын арнайы сақтау және тарату мақсатында қолданылатын социалды ақпарат. Ғалымдардың арқасында құжатты ең маңызды ақпарат көзі ретінде қарастыра бастады.
Кітаптанушылар М.Н. Куораев, Е.Л. Немировский атты ғалымдар «құжат» терминінің қажеттілігі шамалы деп, қалыптасқан ұғымның орнына «кітап» терминін қолдануды ұсынды. Алайда, әртүрлі ақпарат тасушы құжаттар қолдану үстінде болғандықтан «кітап» және «әдебиет» ұғымдары қоғамға ақпарат көзі ретінде қолданыста бола алмайтыны айқын еді. Бәрінен бұрын «құжат» термині жақсы келетін еді. «Кітап» және «құжат» ұғымдарының арасындағы шиеленіс әлі күнге дейін орын алуда.
Осылайша, тарихи кезеңдерде «құжат» ұғымы әрдайым өзгерісте болды. Теориялық және тәжірибелік істерді шешу үшін «құжат» ұғымының маңызын, мағынасын ескеру керек.
4. Ерте орта ғасырлық кеңселерде құжат әзірлеу мен ресімдеудің белгілі бір тәсілдері қалыптасты. Бұл кезеңде аса маңызыды құжаттар үшін негізгі жазба материал пергамент еді. Ал ежелгі Қытайда кең тараған жазу материалы бамбук болды. Оған барлық ресми іс жүргізу құжаттары түсіріліп отырды. Өнделген бамбук таяқшаларын жарып кесу арқылы жұқа әрі ұзын пластинкалар жасалатын да, оған қылқаламмен немесе тушьпне жазу жазылатын. Мәтін жазылған пластинкалар жіппен оралып, байланатын. Мұндай байламның біреуі бір кітап болатын. Ежелгі Русьте жазу материалы ретінде қайың қабығы пайдаланылды. Қайың қабығы пергаментке қарағанда берік болмағанмен, анағұрлым арзан еді. Ол топырақта пергаменттен жақсы сақталады. Өңделген қайың қабығы үстінен, астынан және бүйірінен кесілетін. Топырақ астынан табылған қайың қабықты грамоталар содалы ыстық суға салынып жуылады, қыртыстары түзетіліп, әйнектер арасына қойылып келтіріледі. Арзан қайың қабығына қызмет бабындағы құжаттар сирек түсіріліп, ол көбінесе тұрмыстық қарым–қатынас жазбаларына, сауат ашуға, шаруашылық есеп–қисаптар жүргізуге пайдаланылды. Археологиялық қазба материалдары арасында қайың қабықты грамоталар жиі кездеседі. XIV ғасырға дейін жазу үшін қолданылған негізгі материал пергамент болды. Оның аты Кіші Азияда орналасқан Пергаме (қазір Бергама) қаласы атына байланысты шыққан. Пергамент – мал терісін (көбіне бұзау терісін) ерекше тәсілмен өндеу арқылы алынатын материал. Оны дайындау технологиясы біздің заманымызға дейінгі II ғасырға осы Пергаме қаласында жетілдірілген. Пергаменттің ең жақсы сорты жұқа әрі оқалақ тесіп, сона шағып бүлінбеген таза жаңа туған бұзау терісінен алынатын. Пергамент қымбат материал болғандықтан оның әр парағы көбіне екі, үш мәртеден пайдаланылатын. Қайта қолданар алдында бұрын жазылған жазулар қырып тазартылып, жуылатын. Өңделген пергамент ақ түсті болатын «Пергамент» сөзі XVII ғасырда поляк тілі арқылы қолданысқа енген. XIV ғасырда кеңсе ісіне қағаз пайдаланыла бастады. Ол біртендеп іс жүргізу қызметінде қолданылып келген пергаменті ығыстырып шығарды. Қағаз ұғымындағы «бумага» латының «bambagia» – мақта деген сөзінен шыққан. Қағаз ең алғаш II ғасырда Қытайда пайда болып, Еуропаға IX ғасырдан Испания арқылы ене бастаған. Әйтсе де оның кең қолданысқа түсуі XIV ғасырдан бастау алады. XIX ғасырдан бері қағаз ағаштан жасала бастады. Қазір оның ватман, калька, көшірме қағаз секілді 600–ден астам түрі бар. Көлемі (1 шаршы метр), салмағы (4–250 г), қалындығы (4–4000 мкм), түсі, ақтығы, жылтырлығы, сорғыштығы және өзге қасиеттері бойынша сипатталады. Ертеде жазу материалы ретінде ағаш тақтайшалар, жібек маталар, тастар, папирустар, терілер де қолданылды.
Орыс тілінде «документ», яғни «құжат» ұғымы 17- ғасырда пайда болды. І Петр оны «письменное свидетельство», демек, «жазбаша куәлік» ретінде аударып, сол арқылы құжаттың құқықтық мәнін белгіледі. «Хаттамаларға қол қою туралы» деген Жарлық шығарған.
ХІХ ғасырда құжаттың басқару ісіндегі мәніне деген жаңа көзқарас пайда болды. Нысан бойынша белгіленіп, басқару процесін жүргізуге арналған ақпарат құжат деп саналды.
Төңкеріске дейінгі Қазақстан жағдайына келетін болсақ, XIX ғасырдың алғашқы жартысында Бөкей хандығында іс қағаздарын жүргізетін кеңсе болғандығы мәлім. Жәңгір хан ұйымдастырған бұл арнайы кеңсе екі бөлімшеден тұратын. Біріншісі ханның өз қол астындағы сұлтандармен, екіншісі – ресейлік шенеуніктермен қызметтік байланыстарын түркі-шағатай және орыс тілдерінде әзірленетін іс қағаздары арқылы жүргізіп отырды.
Құқықтық күшке ие жазбаша дереккөз тұрғысындағы құжат ұғымы ХХ ғасырда да сақталған. Мәселен, С.И. Ожеговтың Орыс тілі сөздігінде «құжат» ұғымына үш түрлі мәнде түсінік беріледі: 1. Қандай да бір фактіні немесе бір нәрсеге қатысты құқықты растайтын іс қағазы. 2. Ұсынушы тұлғаны ресми куәландыратын нәрсе (төлқұжат және т.с.с.). 3. Жазбаша куәлік.
Шетелдік сөздердің түсіндірме сөздігінде аздаған өзгешеліктер болғанымен, жалпы мағынасы жоғарыдағы анықтамаларға келіп саяды: 1. Жазбаша куәлік, айғақ – мысалы, оның тарихи құжаттық сипаты бар. 2. заң. заң жүзінде белгіленген тәртіппен жасалып, заңды фактіні куәландыратын (туу, некеге тұру) немесе қандай да бір іске құқық беретін (диплом, өсиет) акт, сөздің кең мағынасында – заңды күші бар немесе қызметтік сипаттағы кез келген жазбаша акт. 3. Төлқұжат, жеке куәлік.
«Мұрағат терминдерінің қысқаша сөздігінде» «құжатқа» берілген анықтама бойынша: «Құжат – шын мәніндегі объективті және адамның ой қызметі барысындағы фактілерді, оқиғаларды, нысаналарды, құбылыстарды жазу, кескіндеу, суретін салу, фотоға түсіру, дыбыстап жазу немесе басқа тәсілмен арнайы материал (папирус, пергамент, қағаз, фото үлдір және т.б.) арқылы көрсетудің нәтижесі».
Мұнда «құжатты» сипаттау объектісі ретінде, сондай-ақ оны жеткізуші негіздердің кейбір түрлерін ашып көрсетуге деген талпыныс айқын байқалады.
Л.П. Крысинаның шет тілдерден енген сөздер түсіндірме сөздігінде қарастырылып отырған ұғымға қандай анықтама берілетінін келтіре кетейік: «Құжат. – 1. Қандай да бір фактіні немесе бір нәрсеге қатысты құқықты растайтын іс қағазы. 2. Ұсынушы тұлғаны ресми куәландыратын нәрсе (төлқұжат және т.с.с.). 3. Қандай да бір жағдайды жазбаша куәландыру.
Ақпарат бекітілетін «негіз» («носитель») ұғымы ғылыми айналымға алғаш рет социалистік елдердің қазіргі заманғы мұрағат терминологиясы сөздігі арқылы енгізілді. «Құжат» ұғымы мынадай сипатта берілді: «Құжат – жазу, кескіндеу, фотоға түсіру, дыбыс жазбалары немесе өзге де тәсілдер арқылы объективті шындыққа қатысты нәрселер жайлы және адамның ой қызметі туралы ақпаратты бекіту нәтижесі».
«Құжат» ұғымы сөздіктермен қатар мемлекеттік стандарттарда да беки бастады. 16487-70 Мемлекеттік стандартында «құжат» «арнайы материалда адамның шын мәніндегі объективті және ой қызметі барысындағы құбылыстар, фактілер туралы ақпараттарын түрлі тәсілдермен бекіту құралы» ретінде көрсетіледі. Бұл ұғымда ақпаратты бекітудің тәсілдері мен материалы, құжаттың міндетті түрде сәйкестендірілуі секілді жаңа белгілері назарға алынған.
16487-83 Мемлекеттік стандарты бұл терминнің семантикалық мәнін ашып, оны толықтыра түсті. Мұнда «құжаттың» материалдық негізі ондағы ақпараттан бөлек алынып қарастырылады: «Құжат – уақыт пен кеңістікке тапсыру үшін адам қолымен жасалған тәсілдер арқылы бекітілген ақпараты бар материалдық объект».
Құжат анықтамасының даму барысын талдай отырып, бұл терминді түсіндірудің негізгі үш тәсілін бөліп атауға болады. Біріншіден, құжат қандай да бір материалдық объект болып табылады, екіншіден, жай ғана материалдық объекті емес, сонымен қатар, ақпарат жеткізгіш, үшіншіден, әрі ол құжатталған ақпарат (яғни, қайта өңдеу және сақтау мақсатында материалдық негізге бекітілген қандай да бір әлеуметттік ақпарат. Басқаша айтқанда, биологиялық ақпараттың, жанды және жансыз табиғат ақпараттарының адам ойы жететін деңгейде жазылған немесе осы деңгейде өңделген түрлері мен формалары) болып табылады.
Осылайша, құжаттану тұрғысынан алғанда құжат дегеніміз мәтін, дыбыс жазу мен бейнелеу түріндегі ақпарат енгізілген материалдық объект болып саналады.
Соңғы кезде құжат анықтамасының мағыналық жүгі ауырлап, материалдық құрамнан ақпараттық құрамға ауысып келеді. «Құжатталған ақпарат» ұғымының өмірге келуі ақпарат (мәлімет) пен материалдық негіз (рәміздер, белгілер, әріптер, толқындар т.б. түрінде) ұғымдарының екіжақтылық сипатына негізделген. Құжаттау нәтижесінде мәліметтердің өзіндік сипатта материалдану және заттану процесі жүреді. Ақпарат негізге бекітіледі немесе оған тіпті «байланып қойылады», сол арқылы ақпарат өз жасаушысынан жекеленеді. Осылайша, құжат екі қосындының тұтастығы деп қабылданбақ. Рас, ұзақ жылдар бойына бұл бірліктегі басты орынды ақпарат жеткізуші негіз иеленіп келген-ді.
М.В. Ларин «Управление документацией в организациях» (Ұйымдардақұжаттаманы басқару) атты еңбегінде құжатты мынадай үш басты компонент құрайтынын атап көрсетеді: ақпарат, негіз (материал жеткізгіш) және ақпараттың сәйкестендірілу мүмкіндігі. Ақпарат негізіндегі сәйкестендірілу мүмкіндігі құжатты басқа ақпарат негіздерінен түпкілікті түрде ерекшелендіреді.
Қазақстан Республикасында «құжат» ұғымының ресми түсіндірмесі ҚР Экономика және сауда министрлігі Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитеттің 2001 жылғы 14 мамырдағы № 140 бұйрығымен бекітіліп, күшіне енгізілген 1037-2001 ҚР СТ-да былай баяндалады: «Құжат (құжатталған ақпарат) – сәйкестендіру мүмкіндігі бар материалдық жеткізгіште тіркелген ақпарат». Қазіргі заманғы отандық құжаттану ісі дәл осы анықтамаға сүйенеді.
«Құжат» стандартталған термин, яғни бұл осы ұғымды айқындауға арналған жалғыз термин болып табылады. «Құжатталған ақпарат» термині синоним-термин рөлін атқарады. Аталмыш стандартта ол деректер анықтамалығы тұрғысында келтірілген.
Сонымен қатар, осы стандартпен белгіленген барлық терминдер заңды тұлғалар қызметінде түзілетін құжаттама түрінің бәрінде, сондай-ақ ғылыми-әдістемелік, нормативтік-әдістемелік, іс қағаздарын жүргізу және мұрағат ісі жөніндегі анықтамалық пен оқулық әдебиеттерде міндетті түрде қолданылуы қажет. Қазақстан Республикасындағы «құжат» терминіне берілген ресми түсіндірме Ресей Федерациясы мемлекеттік стандарты бекіткен (МемСТ Р 51141-98) анықтамаға қарағанда өзгешелеу. Толықтай беріп, салыстырып көрелік: «құжатталған ақпарат (құжат) – материал жеткізгішке тіркелген сәйкестендіруге мүмкіндік беретін деректемелері бар ақпарат».
Анықтамадан көріп отырғанымыздай, Қазақстанда қабылданған түсіндірмеден айырмашылығы, ресейлік анықтамада құжаттың деректемелері ескеріледі. Бұл материал жеткізгішке тіркелген ақпарат анықтамасында айқындаушы орында тұр.
Өнеркәсіптік, ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы дәстүрлі құжаттау тұрғысынан алғанда жаңа, тек өзіне ғана тән ерекшеліктері бар, өзгеше электронды құжат түрінің түзілуіне алып келді.
Кеңселік қызмет барысында құжат еңбек құралы ретінде де әрі жұмыс нәтижесі ретінде де көрінеді. Осыған сәйкес ұйымның тиімділікпен қызмет етуі құжат бойынша жұмыс жүргізу ісін дұрыс ұйымдастыруға тікелей байланысты.
Құжат функцияларын жалпы және арнайы функциялар деп екі салаға бөлуге болады. Жалпы функциялар құжаттардың бәріне ортақ. Ал арнайы функциялар – құжаттардың тек шектеулі топтарына ғана тән.
Құжаттардың пайда болуына байланысты олармен жұмыс істеуді реттеу қажеттігі туындады, оны қазіргі кезде іс қағаздарын жүргізу деп атайды. 1720 жылы құжаттармен жұмыс істеудің тәртібін анықтайтын «Бас регламент» шығарылған. Санкт-Петербургте 1857 жылы шыққан Н. Воронцовтың «Делопроизводство или теоретическое и практическое руководство к гражданскому и уголовному, коллегиальному и одноличному письмоводству» деген кітабында: Даярлау орталығында ең басты "құжаттама" курсы болды, ол көне заманнан бүгінгі күнге дейін ақпаратты беру тәсілдерін ашып көрсету мақсатын көздеді. Бұл курста, бірінші тақырып құжаттың анықтамасы мен түрлерін ашты. Бұдан әрі келесі тақырыптар: жинақтаудың ұлттық және халықаралық көздері; Библиография және құжаттар тізбесі; Библиография және реферативтік қызмет көрсету; Құжаттамалық жұмыс, оның түрлері және құжаттарды іріктеу принциптері; Құжаттамалық қызмет көрсету; құжаттаманы ұйымдастыру деңгейлері; үйлестіруші ұйымдар ретінде МФД және ЮНЕСКО рөлі; құжаттаманы дамытуға әсер ететін әлеуметтік факторлар.; Құжаттама жүйелерін басқару секілді болды.
Осы курс бойынша Ш. Ранганатан "Documentation. Genesis and development" (Құжаттама. Пайда болуы мен дамуы),." Атты оқулық шығарды. Құжаттарды іздестірудің Механикаландырылған жүйелері мен жүйелік талдау элементтері" курсына де үлкен назар аударды.
Ш.Ранганатан халықаралық құжаттама Федерациясында кітапханашыларды таныстырған, онда екі рет (1953-1956 және 1958-1961 жж.) вицепрезидент қызметте болған. Ол онда құжаттық мәселелер: ең алдымен құжаттар түрлерінің әртүрлі жиынтығына, олардың ең ауқымды массивіне, ең жақсы, мұқият өңделген құжаттарды іріктеу, өңдеу, іздеу, сақтау технологиясына және оларды тұтынушыларға пайдалануға беруге ие кітапханалар арқылы шешілуі тиіс деген идеяны жүргізді. Ол "American Documentation" журналының редколлегиясының мүшесі болды, "Annals of Library Science" журналы(1956), "Library Science with a slant to Documentation" ("Құжаттандыруға еңістігі бар кітапхана ісі.).Құжаттама бойынша халықаралық федерациядан басқа ол ЮНЕСКО қызметіне қатысты.
Сонымен қатар "Кітапхана ғылымының бес Заңы" ("The five laws of library ѕсіепсе") – Шиали Рамамрит Ранганатанның (1892-1972) көрнекті туындысы. Заң 1928 жылы Ш. Р. Ранганатан Сайдапетте оқыған мектеп кітапханашыларына арналған дәрістер курсында алғаш рет тұжырымдалған деп есептеледі. "Кітап "терминін" құжат "деген терминмен алмастырды, алайда, одан кейін де құжатты ескере отырып, кітап туралы әңгіме жүргізуді жалғастырды. Ол "құжат" және "кітап" ұғымдарының арақатынасын көбінесе оларды синонимдер ретінде қарастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |