Тыңдаушылардың сұрағына жауап беру Сабақ жүргізу құралдары: тақта, компьютер, проектор Интернет - қор (ресурс) Онлайн: Қосымша материалдар интернет – ресурстарда және univer.kaznu.kz. сайтында ОӘК .
Дәріс №7 Құжаттардың құндылық маңызы. Тақырыптың аңдатпасы Лекция – ағымдық. Тақырып өзекті мәселелерді қарастырады. Лекцияның тақырыбы осы мәселені талдауға арналған.
Жоспар Кіріспе.
Қортынды.
Студенттердің оқу құрал ретінде пайдалануына арналған әдебиеттерге шолу. Дәрістің мақсаты: Ұйымды құжаттаудағы мәселені толық игеруге байланысты, алғашқыда ұйымның құрылымы туралы толық түсінік қалыптастыру Қарастыратын мәселелер: Өткен атқырыппен байланысына тоқталу Тақыыптың теориялық және практикалық маңызына тоқталу
2.Дәрісті өткізу пішіні (формасы): 1.Аудторияның дайындығы бойынша , қарастыратын тақырып келесі бағытта игеріледі: ) монолог - пікірлесу б) слайд және т.б. құралдарға жүгіну бойынша монолог , в) танымдық элементтері бар монолог , студенттермен диалог орнату. НЕГІЗГІ БӨЛІМ Құндылық—бір заттың маңыздылығы, пайдалылығы. Сырттай құндылық зат не құбылыстың қасиеті болып анықталады. Алайда оның маңыздылығы мен пайдалылығы табиғаттан, объекттің ішкі құрылымының әсерінен емес, адам болмысына енген, адам оған құштар не қажеттілік сезетін нақты қасиеттердің субъективті бағалануынан болады.
Құжаттар құндылығын сараптау ұйым ведомстволық (жеке) мұрағатында Ұлттық мұрағат қоры құрамына жататын құжаттарды іріктеу, оларды тиісті мемлекеттік мұрағатқа тұрақты сақтауға тапсыру үшін даярлау және Ұлттық мұрағат қоры құрамына жатпайтын құжаттардың сақталу мерзімдерін белгілеу мақсатында жүргізіледі. 2. Құжаттар құндылығын сараптауда мынадай негіздемелер басшылыққа алынады: 1) Қазақстан Республикасының мұрағат ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету жөніндегі заңдары мен заңға сәйкес нормативтік құқықтық актілері; 2) сақтау мерзімдері көрсетілген құжаттардың типтік, салалық (ведомстволық) тізбелері; істердің типтік (үлгі) номенклатуралары мен ұйымның тиісті кезеңдегі істер номенклатурасы; 3) өкілетті органның, жергілікті атқару органдары мен мемлекеттік мұрағаттардың тиісті нормативтік-әдістемелік құжаттары. 3. Басқару құжаттамаларына, дыбысбейнелі және ғылыми- техникалық құжаттамаларға жасалған сараптама нәтижелері бойын- ша Ұлттық мұрағат қоры құрамына жататын құжаттар айқындалады. Құндылық сараптамасы мынадай принциптерге негізделеді: 1)историзм (тарихи даму тұрғысынан бағалау); 2)бағаның кешенділігі; 3)бағаның жан-жақтылығы.