Лекция конспектілері «Педагогикалық психология»


Қабілеттердің даму деңгейлері



бет38/39
Дата28.04.2023
өлшемі0,67 Mb.
#88191
түріЛекция
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39
Байланысты:
ПCХ НЕГ Лекция

3.Қабілеттердің даму деңгейлері.
Қабілеттердің даму деңгейлеріне мыналар жатады: нышан, талант, дарындылық. Адамның кейбір өзгешеліктері ана құрсағында жатқанда-ақ пайда болады. Мәселен, баланың ата-анасы мен туысқандарына ұқсап тууы. Мұны анатомиялық нышан дейді. Жүйке жүйесінің, кейбір анализаторлардың ерекшеліктері де туысынан пайда болады. Мұны физиологиялық нышан дейді. Нышанның соңғы түрі қабілеттің дамуында белгілі орын алады. Мәселен, баланың есту анализаторының жетіле дамуы музыкалық қабілет үшін, көру анализаторының өзгешелігі сурет қабілетінің көрінуіне себін тигізеді. Бірақ нышан қабілет дамуының бірден-бір шарты бола алмайды. Ол - адамның ішкі мүмкіндігінің көрсеткіші. Егер, адамның туысынан нышаны болса да, дұрыс тәрбие көрмесе, яғни белгілі әрекетпен айналыспаса, оның қабілеті айтарлықтай дамымайды. Әрбір қабілетке арнаулы нышан сәйкес келеді деп ойлау да қате. Нышан көп мәнді қасиет, яғни сол нышанға негізделіп, адам өмірінің жан-жақтылығына қарай түрлі қабілет қалыптасады. Нышанның ықпалымен қалыптасқан қабілеттің түрін дарындылық дейді. Адамның дарындылығы оның жоғары жүйке қызметінің тума типіне (мида уақытша байланыстардың тез жасалып, берік орнығуы, жүйке процестерінің қозғалғыштығы, динамикалық стереотиптердің шапшаң жасалып, оңай өзгеруі т. б.) байланысты болып келеді.
Талант (гр. talanton – бастапқыда салмақ, өлшем, кейіннен ауыспалы мағынада қабілеттер деңгейі) қабілеттердің ең алдымен, арнайы қабілеттердің дамуының биік деңгейі. Таланттың болуы туралы адам қарекетінің принципті жаңалығымен, бірегейлігімен ерекшеленуге тиіс нәтижелеріне қарап айтуға болады. Адамның таланты айқын қажетсінушілік пен шығармашылыққа бағытталып, әрқашан белгілі бір қоғамдық талап-тілектерді бейнелейді. Осы себепті адамның талантының дамуында оның дүниетанымы, қоғамдық позициясы орасан зор рөл атқарады. Талант деп қандай да бір іс-әрекеттің, әсіресе табысты, дербес түрде шешілуіне жағдай жасайтын аса үздік қабілеттіліктердің ұштасуын атайды. Дарындылық – адамның белгілі бір іске деген айрықша қабілеттілігі, өмірдің қандай да бір саласында өзін ерекше қырынан көрсетуі.
Дарындылық терминінің көпмағыналылығы адам қабілеттері саласы мәселесінің көпаспектілігіне сілтейді. Дарындылық қабілеттер саласының жалпы сипаттамасындай, кешенді зерттеуді талап етеді: психофизиологиялық, дифференциалды-психологиялық және әлеуметтік-психологиялық педагогикалық. Ақыл-ой дарындылығы - адамның өз ойлауын жаңа талаптарға саналы бағыттай алуының, оны жаңа міндеттерді шешуге және өмірдің жаңа шарттарына бейімдей алудың жалпы қабілеті. Жаңағы бағыттау ақыл-ой дарындылығы естен, ал бейімдеу белгісі - кемеңгерліктен (оның мәні өзіндік шығармашылықта) айырады; жалпы қоғамдастық белгісі ақыл-ой дарындылығы таланттан (ол адамда қызметтің белгілі бір түрінде айқындалады) ерекшелінеді. Дарынды балалар - өз құрбыларынан ақыл-ойының дамуымен біршама озатын немесе аса көрнекті арнаулы қабілеттерін көрсететін (музыкалық, көркемдік т.б.) балалар. Барлық бала дарынды немесе өзiндiк жеке дара ерекше қасиетi бар деген тұжырым педиатрлардың, педагогтардың, спорттық және көркем студиялардың маңызды мәселесiне айналды. Дарынды деп өз қатарларынан әлде қайда дамыған немесе ерекше бiр зейiн бар (музыкалық, көркемдiк, спорттық т.б. қасиеттер бар) балаларды айтады; ғылыми тұрғыдан кәдiмгi сөзде оларды жиi вундеркиндтер деп те айтады.
Психология көзқарасынан дарындылық екi мағына бередi - жалпы рухани зейiндiлiк және нақты дарындылық. Жалпы зейiндiлiктi ғалымдар - жалпылау икемдiлiгi, кез-келген тақырыпта әңгемелесу, мәселелердi шешу және өз тәжiрибесiнде үйрену деп тұжырымдайды. Дарындылықтың бiрден-бiр белгiсi - тiлдiң ерте шығуы. Әсiресе, егер бала бөлек-бөлек сөздерден қарапайым сөйлемдерге көшсе, бұндай балалардың сөз байлығы да мол, әңгiмесi де мәнерлi болып келедi және олар сөздiң реңi мен нюанстарын iштей сезедi. Дарынның дамуына қолайлы жағдай туса, ол ерте көзге түсетін болады. Тарихта болсын, күнбе-күнгі өмірімізде болсын мұндай мысалдар өте көп. Осыдан 200 жылдай бүрын Германияда «ұстазы Кристиан фон Шенах жазып алған любектік төрт жасар дарынды бала Кристиан Гейнрих Хейнекеннің өмірі, іс-әрекеті, саяхаты мен өлімі» деген кітап жарық көрді. Аса дарынды бала жөніндегі алғашқы кітап осы болатын. Туғанына он ай толмай жатып кішкентай Гейнрих «суретке салынған заттардың көпшілігін айырып атайтын» болды. Ол үш жасқа келгенде ертегілерді өзі оқып, математиканың төрт амалымен есеп шығара алады, қөп ұзамай сәби француз тілін үйреніп, «географиядан жақсы мағлұмат алады» және мыңнан астам латын мәтелін біледі. Гейнрихтың даңқы әлемге жайылып, оны Дания королі қонаққа шақырады. Сол дарынды сәби төрт жастан төрт ай асқанда қайтыс болған.
Психологтар Г.С.Костюк, А.Г.Ковалев, В.Н.Мясищев нышандарды тек анатомиялық-физиологиялық жағынан қарастырмай, мұны бәрінен бұрын жас бала іс-әрекетті алғаш меңгере бастаған кезенде немесе кей жағдайда, белгілі бір қызметпен жүйелі түрде айналыса қоймаған ересек адамдардан байқалатын психо-физиологиялық қасиеттер деп қарайды. Бұл, мәселен, заттардың түстерін жақсы ажырата алу, көру есі, музыкалық есту т.б. нышан әрекет үстінде байқалады. Мәселен, біреуге музыка, енді біреуге сурет өнері күшті әсер етеді. Бірақ бұл әлі де аздау. Жоғары сенсорлық-моторлық сапалар мен бейімділік сәйкес келетін салаларда болған күш сынаудың шешуші мәні бар. Былайша айтқанда, нышанды әлі дами қоймаған, бірақ іс-әрекетте алғаш сынаудан-ақ көрініс беретін - қабілеттің бастапқы табиғи негізі деп білуіміз керек. Н.С.Преображенская мен С.А.Саркисовтың зерттеулері адамның ми қыртысының үлкен жарты шарындағы жасушалардың орналасуында айтарлықтай дара айырмашылықтар болатынын дәлелдеді. Сондай-ақ ми жасушалары қабаттарының құрылымында дара айырмашылықтар болатындығы бұлардың ми қызметіне, атап айтқанда, қабілеттердің көрініс беруіне қатысы болатындығы аталып өтілді. Бейімділік. Бейімділік - туа бастаған қабілеттің ең алғашқы белгісі, симптомы. Бейімділік баланың (не ересек адамның) іс-әрекеттің белгілі түріне (сурет, музыка) ұмтылысынан көрінеді. Шынайы бейімділік болған жағдайда әрекетке деген зор ынталылық қана емес, шеберлікті шапшаң игеру, елеулі нәтижелерге жету байқалады. Жалған немесе алдамшы бейімділік бір нәрсеге үстірт жай таңдана қараудан немесе беріле әрекет еткенмен, орташа ғана нәтижеге қол жететіндіктен байқалады. Сөйтіп қабілет - адамның табиғи және жүре пайда болтын қасиеттерінің сомдалып құйылуы. Бірақ табиғи қасиеттер тума болғанымен еңбек үрдісінде, тәрбие жағдайында өңделіп, дамып жетіледі.
Қабілет - жеке адамның оқшауланып тұратын құрылымы емес. Ол адамның тұтас психикалық қалпындағы басқа қасиеттерімен табиғи бірлікте болады. Қабілет және наным. Көптеген ғалымдар мен жазушылардың айтуынша, адамның іс-әрекетіне, әсіресе шығармасына оның нанымы із қалдырады. Іске деген сүйіспеншілдік, оған шын берілгендік - талант пен қабілеттің дамуы мен көрініс беруінің басты шарты. Іске беріле, құмарта қарау, әрекеттің әлеуметтік маңыздылығын, оның нәтижелерін, табиғат пен қоғамдық өмір құбылыстарының (адамның шығармашылық ісінің объектісі ретінде) жеке адамға қалайша әсер етуінің күш-қуатын түсіне білумен тығыз байланысып жатады. Эмоциялық әсерлену күші бір жағынан объектінің сипатымен, екінші жағынан адамның сезімталдығымен анықталады. Ерік сапалары және қабілет. Шығармашылық істің қандайы болмасын адамның барлық күш-қуатын жұмсауды қажет етеді. Шабыттану мен көңіл тасудың уақытша жылт етуі үздіксіз қажырлы еңбек етуді қамтамасыз ете алмайды: бұл үшін жүйелі және белгілі тәсілмен еңбек етуге қол жеткізетін, кедергілерді жеңуге мүмкіндік беретін жігер қажет. Мақсаттан қайтпау, батылдық, ерлік және өзін-өзі ұстай білу, табандылық және дербестілік - бұлар аса дарынды, көрнекті қайраткерлер де бөлек емес болатын ерік сапалары. Еңбек сүйгіштік және қабілет. Жеке адмның еңбек сүйгіштігі мен жұмысқа аса қабілетті болуы оның іске берілгендігі мен жігеріне байланысты. Іске берілген адамның барлық уақыты мен күш-жігерін өзінің сүйікті ісіне арнайтыны - табиғи нәрсе. Сондықтан көптеген дарынды адамдардың өз жетістіктеріне баға бергенде еңбекқорлық пен жұмысқа қабілеттілікті бірінші орынға қоятыны тегін емес. Эдисон өз жетістігіндегі еңбек пен дарын ролін бағалай келіп, мұнда тек бір пайыз қана даналық, ал оның есесіне 99 пайыз маңдай тері бар деген.
Жұмысқа деген зор қабілеттілік еңбек үрдісінің және мұрат тұтқан нәтижесінің салдары ретінде туады, сондай-ақ ол тұрақты еңбек әдетінің нәтижесі. Жұмысқа қабілеттілікте, әрине, табиғи ерекшеліктің де, мәселен, типологиялық қасиеттердің де (төзімділік) үлесі бар. Өнімділік - жұмысты тиімді ұйымдастыруға, демек, жеке адамның жинақылығына тәуелді. Еңбек сүйгіштік - қабілеттің дамуына, тәжірибенің молаюына, білімнің, іскерлік пен дағдының қалыптасуына тәуелді. Қабілеттілік деп - адамның білімді, ептілікті, дағдыны біршама жеңіл меңгеруіне және қандай да бір іс-әрекетпен ойдағыдай айналысуына көмектесетін психикалық қасиеттерді айтамыз. Қабілеттілік тек іс-әрекетте ғана көрінеді. Қабылдауда, мысалы, бояу түстерінің болмашы айырмашылығын байқау, заттарды бірден «көре білу», пропорционалды катынастарды түсіну (суретші жұмысында), абсолюттік есіту (музыкамен айналысқанда), байқағыштық (іс-әрекеттің өте көптеген түрлерінде) т. б. көрінеді. Кейбір қабілеттіліктер жадында жақсы қалдырумен байланысты (мысалы, оқу материалын тез де берік игеруге қабілеттілік, оны жеңіл және дәл қайта айтып беру). Адамның ойлау қызметінде (материалды түсінуі, қиын есептерді шығару, ойының тереңдігі, сыншылдығы, тапқырлығы) қабілеттілік айқын көрінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет