3.Тұлға теориясы. Көптеген психологтардың пайымдауынша, адам тұлға болып туылмайды, қалыптасады. Дегенмен психологияда тұлғаның қалыптасуы мен дамуы туралы ортақ біртұтас теория жоқ. Биогенетикалық тәсілдеме (Холл С., Фрейд З.), тұлғаның дамуының негiзі ағза толысуының биологиялық процестерi болып табылады. Әлеуметті-генетикалық тәсілдеме (Торндайк Э., Скиннер Б.), тұлға дамуының негізгі сәті ретінде қоғамның құрылымын, әлеуметтену тәсiлдерiн, қоршаған ортамен қарым-қатынасын қарастырады. Психогенетикалық тәсілдеме (Пиаже Ж., Келли Дж.), биологиялық, әлеуметтік факторларды жоққа шығармайды, дегенмен бірінші орынға жеке психикалық құбылыстардың дамуын қояды.
Тұлғаның жалпы психологиялық теориясы келесі ғылыми жұмыстардың әсерінен дамыды: Абульханова-Славская К.А, Ананьев Б.Г., Анциферова Л.И., Выготский Л.С., Ковалев А.Г., Леонтьев А.Н., Ломов Б.Ф., Мерлин В.С., Мясищев В.Н., Петровский А.В., Платонов К.К., Теплов Б.М., Рубинштейн С.Л. Бұл теория тұлға психологиясын қызметтiң, тұлғаның санасы мен iшкi себептер арқылы істейтін оның басты сыртқы жағдайларының бiрлiгi ретінде түсінуге негізделеді. Iскерлiк тәсiлдеме «екі фактор теориясын» жоққа шығарады, оған сәйкес тұлға бұл адамның өзінің биологиялық ерекшеліктері және әлеуметтің, ортаның әсер етуінің орташа нәтижесі. Бұл екі фактор да екіншілей болып қалады, және олардың әсері субъекттің қызметті белсенді таңдауымен түсіндіріледі.
Тұлғаның бірінші туылуының мысалы ретінде, Леонтьев А.Н. сипаттаған «ащы кәмпит» құбылысын келтіруге болады. Тұлғаның екінші реттік туылуы жасөспірім балаға өзі таңдау жасауға рұқсат берген кезінен басталады, мысалы, болашақ мамандығын таңдау. Өзінің жеке ниеттеріне арқа сүйей отырып және оларды негіздей отырып таңдау жасауы керек. Тұлғаның екінші реттік туылуы осы уәждемелерді түсінуінде б.т, өйткені өзінің уәждемелерін түсіне отырып, адам оның құрылымын өзгерте алады, яғни тұлғаның өзегі тағы да екінші рет туылады.
Божович Л.И. адамды тұлға ретінде анықтайтын екі негізгі өлшемді бөліп көрсетеді:
1. Адамды тұлға ретінде есептеуге болады, егер оның уәждемелерінде иерархия болса, яғни, ол өзінің жеке тікелей ниеттерін басқа заттар үшін басып өте алатын болса. Бұл дегеніміз адам ортақ мәмілеге келуге дағдыланған.
2. Адам тұлға болып табылады, егер жеке тәрбиесіне саналы жетекші болуға дағдыланса. Бұл жетекшілік саналы уәждемелер, мақсаттар және принциптер негізінде орындалады. Демек, тұлға адамның әлеуметтік-психологиялық мәні, адам сана мен тәртіптің қоғамдық түрлерін, адамзаттың қоғамдық тарихи тәжірибесін игеруі нәтижесінде қалыптасады.
3. Психологияда тұлғаның құрылымын бейнелейтін бірнеше үлгілер бар (Ковалев А.Г., Мерлин В.С., Платонов К.К., Крутецкий В.А., Щербаков А.И.). Барынша негізделген және қалыптасқан құрылымды Платонов К.К. ұсынды. Тұлға қасиеттерінде әлеуметтік және биологиялық қатынастар өлшемінің негізінде, оның құрылымында төрт иерархиялық қатынасатын ішкі құрылымдар бар: бағытталу, тәжірибе, психикалық процестердің даралық ерекшеліктері, биопсихикалық ерекшеліктер.
XX ғасыр барысында әлемдiк психологиялық ғылымда аса мәнді және мәлім тұлға теориялары жасалды.Психоаналитикалық бағыттың негiзін Зигмунд Фрейд қалады. З.Фрейд ойынша, инстинкті құмарлықтар тұлғаның саналы өмірінде рұқсат етілмейді және ысырылып шығарылады, осылайша олар бейсана аясына өтеді, бірақ жоғалмайды. Сондықтан ішкі дау-жанжалдан шығу үшін бейсана «кешендерді» анықтап, оларды саналы қабылдау өте маңызды. З. Фрейдке сәйкес, психикалық өмiр үш деңгейде өтеді: саналы, астарсана, бейсана. Сана деңгейi уақыттың нақ осы сәтінде сезетін сезiмдер және уайымдардан тұрады. Сана мида сақталған барлық ақпараттың аз ғана пайызын қамтиды және нақты бір ақпарат уақыттың қысқа мерзімінде ғана түсінікті болады, ал содан соң тез арада астарсана немесе бейсана деңгейіне түседі, ол адамның көңілі басқа дабылдарға ауысуына байланысты болады.
Клиникалық бақылаулар З. Фрейдке психологиялық тұжырымдаманы айқындауға мүмкіндік берді, ол бойынша психика, адамның тұлғасы үш құрылымдардан тұрады. ОЛ (ид) - биологиялық туа біткен инстиктивті құмарлықтардың бейсана, қайнап тұрған қазаны. «Либидо» сексуалды күш-қуатымен қаныққан. Ләззат алу қағидасына бағынады, яғни ләззат және бақыт адам өмiрінде басты мақсаттар болып табылады. МЕН (эго) - «ОЛ»-мен жанжал күйiнде болатын сана, сексуалды құмарлықты басады, шындық қағидасына бағынады. АСА-МЕН (супер эго) - моральдық стандарттар тасымалдаушысы, тұлғаның бұл бөлiгi сын, цензура, ар-ұят рөлiн орындайды.