Лекция конспектілері «Педагогикалық психология»


Психология пәні, оның басқа ғылымдармен байланысы



бет2/39
Дата28.04.2023
өлшемі0,67 Mb.
#88191
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39
Байланысты:
ПCХ НЕГ Лекция

2. Психология пәні, оның басқа ғылымдармен байланысы.
Адам қоршаған орта өмірінің, табиғаттың, сондайақ қоғамның құрамды бір бөлігі. Сондықтан психология зерттеу объектісі адам болып табылатын ғылымдармен тікелей байланысты. Адам психикасын және әрекет-қылығын оның биологиялық бастауларын, ағзаның қызмет ету заңдылықтары мен құрылымын зерттеп алмай,оны толық түсіну мүмкін емес. Адам санасының қалыптасуын қарастырғанда, оның біртіндеп уақыт өте келе қалыптасқандығын және шыңдалғандығын байқаймыз.
Түрлі психологиялық қасиетері бар қазіргі адамды зерттеп тану үшін, адам тарихын, оның ішінде материалдық және рухани мәдениеттің қалыптасу тарихын зерттеп білу қажет. Олар: түрлі халық және ұлттардың философиялық ұғымдары, діни сенімдері, дәстүр және т.б. Тарих пен психологияның өзара байланысы жалпы ғылыми теорияны жасақтауда көрінеді Мұндай теория- адамның жоғары психикалық қызметінің мәдени-тарихи дамуының теориясы (Л.С.Выготский). Бұл байланыстың негізінде психологияны зерттеудің тарихи әдісі жасақталынды. Кез-келген психологиялық құбылыстың табиғатын, заңдылықтарын зерттеу үшін, оның фило және онтогенетикалық дамуын қарастыру қажеттігімен негізделінеді. Философия мен психологияның байланысы неғұрлым тығыз, өйткені: олар екеуі де қатар дами бастады; ғасырлар бойы психология философияның бір бөлігі ретінде қарастырылды; екі ғылым саласының зерттеу объектісі, онда қаралатын мәселелердің өзіндік ерекшелігі, бұдан туындайтын қиындықтардың ұқсастығы.
Психологияның әлеуметтану мен байланысы қоғамды, жеке тұлғаны, оның мотивтері, әлеуметтік топтпарды, олардың өзара қарым-қатынасы жөніндегі проблемаларды шешуден көрінеді. Атап айтқанда әлеуметтану әлеуметтік психолгиядан жеке тұлғаны, адам аралық қатынасты зерттеу әдістерін алып қолданса, психологтар, ғылыми мәліметтерді жинақтауда дәстүрлі әлеуметтанулық тәсілдер: анкета, сауалнамаларды қолданады. Сонымен қатар, бұл екі ғылым сласының қатар қатысуымен шешілетін проблемалар да жоқ емес.
Бұлар – адамаралық қатынастар, ұлттық психология, экономика, саясат, мемлекет аралық қатынастар проблемасы. Сондайақ, әлеуметтендіру, әлеуметтік бағыт, олардың қалыптасуы мен қайта жасалуы. Бұндағы жеке ұғымдар мен ғылыми тұжырымдамалардың негізінде түрлі теориялар бар. Олардың бірі әлеуметтік үйрету теориясы. Бұл теорияның пәні әлеуметтендіру. Әлеуметтендіру индивидтің қоғамдық тәжірибені игеруі, оны қолдануы, осының негізіндегі оның жеке тұлғаға айналуы. Әлеуметтендіру. Сонымен қатар, адамгершілік нормаларды, адамаралық қатынастар мәдениетін, басқа адамдар арасында өзін-өз ұстау, түрлі әлеуметтік рольдерді, іс-әрекет түрлерін игеруді қамтиды. Әрбір жаңа ұрпақ үшін әлеуметтендірудің небір жаңа мүмкіндіктері ашылуда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет