1. Қасиеттердің динамикалық кешені ретінде темпераментке заманауи көзқарас Темперамент (лат. temperamentum – тиісті бөліктердің қатынасы) - белгiлi бiр адамға тән, сыртқы әсерлерге жауап беру реакцияларының динамикасы, белгілі бір жағдайда адамның іс-қимылын түсіндіретін психика ерекшеліктері. Б.М.Теплов: «Темперамент- бiр жағынан эмоциялы қозуға, яғни сезiмнiң туу шапшаңдығына, екiншi жағынан олардың күшiне байланысты болатын белгiлi бiр адамға тән психикалық ерекшелiктер жиынтығы» деп анықтама береді. Темпераменттің келесідей екі сипаты белгілі:
-Белсенділік, бұл адамның қоршаған ортамен қарым-қатынасқа түсуі. Ол адамның қозғалыс темпінде, шапшаңдығында және интенсивтілігінде көрінеді;
- Эмоциялық, ол сезімталдылық, импульсивтілік және әсерлілігінде көрінеді.
Темперамент туралы iлiм өте ерте заманда пайда болған. Темпераменттiң негiзiн салған ежелгi грек дәрiгерi Гиппократ оған алғаш түсiнiк берiп, оның негiзiн жүйке жүйесiнiң қасиетiмен емес, ағзада түрлi сұйықтықтың (қан, шырын, сары және қара өт) бiреуiнiң басым болуымен байланыстырған. Осы сұйықтықтардың бiрiнiң басымдығы адам темпераментiн анықтайды: қан басым болса-сангвиник, шырын басым болса - флегматик, сары өт басым болса- холерик,қара өт басым болса- меланхолик айқындалады деген. Темпераменттi немiс философы И. Кант екiге бөледi: сезiм темпераменттерi-сангвиник пен меланхолик және іс-әрекет темпераменттерi-барлық темпераменттер. Немiс психологы В.Вундт эмоциясы күштi және эмоциясы әлсiз темпераменттер деп екi топқа бөлген. Немiс анатомы Гейне темпераменттiң түрлiше болып келуi жүйке жүйесiнiң тонусына байланысты десе, орыс педагогы Лесгафт қан тамырының жуандығы мен кеңдiгiне байланысты дедi. Рим дәрiгерi К.Гален темпераменттiң физиологиялық ерекшелiктермен қоса, психологиялық, тiптен адамның адамгершiлiк қасиеттерiне қатысты сапалармен байланысты деп түсiндiрдi. В.Д.Небылицин темпераменттiң 3 компоненттерiн бөлiп қарастырды- индивидтiң белсендiлiгi; оның моторикасы; эмоциялығы.
Темпераментке байланысты адам қасиетінің көрінуі: қарым-қатынастағы рөлі; өзін-өзі бағалау; сенімділігі; достық және маххабат; қозғалыс және жүріс; тәбет; ұйқы.
Темперамент атауы
Қарым-қатынастағы рөлі
Темпераментке байланысты өзін-өзі бағалау
Темпераментке байланысты достық пен махаббат
Қозғалыс пен жүрісі
Тәбеті
Ұйқысы
Флегматик
Тыныш, пайымдаушы
Жоғары,
өзінің жетістігі жайлы барлығына
жария етеді
Ұнатуы жеңіл,
жарық және
көңілді
көтереді
Еті тірі ,
жылдам ,
«отырмайтын»
Жақсы,
«дәмді тамақ»
Түрлі түстер көреді
Холерик
Бағындыру, қайтпау, өктем
Жоғары,
әрқашан бірінші болуға ұмтылады,
қарсылас маңызды
Аз адаммен дос болады,
тез ызаланады,
қызғаншақ
Шапшаң,
жылдам
Тез және көп
тамақтанады
Аз ұйықтайды, кеш оянады,
түнде жұмыс істейді
Сангвиник
Сауық құрғыш, көңілді
Төмендеу
бағалайды,
сыпайы,
көп көрінбейді
Сезімін
білдіртпейді,
ғашық
болғыш
Баяу,
әлсіреген
Тамақ жеу
процесін
бағалайды,
асықпайды
Жылдам
ұйықтайды
ояту қиын
Меланхолик
Қамқорлық, қорғансыз
Өте төмен,
ұялшақ, топта
көлеңкеде жүреді
Жан қиярлық,
сезімін білдіруге
ұялады
Баяу,
батылсыз
Тәбеті
төмен
Аз ұйықтайды, кешке тез
шаршайды
Темперамент түрлері және олардың сипаттамалары. Сангвиник- бұл тип өкілі- еті тірі, қабілетті, қозғалғыш оқушы. Ондай оқушы ақкөңіл және қызу, жеңіл мінезді, ренжігенде тез қайтып кетеді,сәтсіздігін жеңіл өткізеді. Флегматик- бұл типтің өкілі баяу, байсалды, асықпайды, істі ойланып, төзімділікпен істейді.Холерик-бұл темперамент өкілі тездігімен, шапшаңдылығымен, ұстамсыздығымен, тым қозғалғыштығымен ерекшеленеді. Меланхолик- бұл темперамент өкілінде психикалық процестер өте баяу жүреді. Қатты тітіркендіргіштерге жауап бере және ұзақ әрі қатты күш түсірсе, жұмыс істей алмайды.