Лекция конспектілері «Педагогикалық психология»


Психикадағы бейсаналық құбылыстар, олардың жіктелуі (түпсана, санаүсті және бейсаналық)



бет12/39
Дата28.04.2023
өлшемі0,67 Mb.
#88191
түріЛекция
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   39
Байланысты:
ПCХ НЕГ Лекция

4.Психикадағы бейсаналық құбылыстар, олардың жіктелуі (түпсана, санаүсті және бейсаналық)
Психиканың төменгі деңгейі санасыздықты құрайды. Бейсаналық саласына психикалық құбылыстар кіреді, мысалы, түс көру, әртүрлі тітіркендіргіш туғызатын жауап реакциялар, кейбір патологиялық құбылыстар, ауру адамдардың психикасында кездесетін галлюцинациялар және т.б. Бейсана (ағылш. unconscious)- саналы адам мінез-құлқындағы сананың қатысуынсыз, ойламай, дағдыға айналған қасиет арқылы әрекет жасау.
Фрейд концепциясындағы психикалық энергияны білдіретін ұғым. Бейсаналық адам мен жануарлар арасындағы ұксастықты, туыстықты аңғартады. Бейсана - санасыз акт адамның жан дүниесінде санадан тыс атқарлатын әрекет. Бейсана әрекетке адам мән бере қоймайды. Бейсана субъект өзіне әсер бар екенін есеп бере алмайтын шынайы құбыстың ықпалымен болатын психикалық үрдістер актілер мен күйлер жиынтығы немесе психикалық бейнелеудің формасы. Бейсананың санадан айырмашылығы бейнесаны ырықты бақылау және ондай әрекеттерде бағалау мүмкін емес. Бейсаналықта өткен қазіргі және болашақ жай бірігіп бір психикалық актінде іске асады (мысалы түс көруде). Бейнесалық балада ертеректе болатын (таным әрекетінде) ойлауында интуициясында аффектісінде үрейленгенде түстерінде гипноздық жағдайда көрініс береді. Бейсаналы құбылыстарды психоанализ бағытымен түсіндіруге әрекеттеніп З.Фрейд «бейсаналықты динамикалық ығыстыру» терминін ғылымға енгізді. Ол бейсаналықта әлеуметтік нормалардың талабына байланысты іске аспаған әуесқойылық пен құштарлықтар болады деп түсінген. Психологияда бейсаналықты зерттеуге қазіргі кезде көп көңіл бөлінуде.
З.Фрейдтің айтуынша, бейсаналық процестер индивидтің жүріс- тұрысына әсер ете алады,
тіпті оның өзі олар туралы ештеңе хабарлай алмаса да. Фрейд бойынша, 1) бейсаналық бұл 
«белсенді байқалатын (көрінетін) және сонымен бірге сол адамның санасына жетпейтін» 
психикалық процестер; 2) бейсаналық – адам психикасының негізгі және ең мазмұнды жүйесі, бұл жүйе рахаттану принципімен реттеледі және өзіне танымсыздығымен, сексуалдылығымен, әлеуметсіздігімен және т.с.с. сипатталатын әртүрлі туа біткен және ығыстырылған элементтердіқұштарлықтарды, импульстерді, тілектерді, мотивтерді, ұстанымдарды, ұмтылыстарды, кешендерді және басқаларды кірістіреді.
Бейсаналық ақиқатты бейнелегенде жасаған әрекеті үшін есеп берілмеуі. Сана мен бейсаналықты бір-біріне қарама-қарсы қоюға болмайды. Бейсаналық та адамның психикалық көрінісі. Ол қоғамдық жағдайлармен негізделген. Мысалы: адамның түс көруі, психикалық ауруға шалдыққан адамның әрекеті, жаңылыс айтылған сөздер, мұңға бату.

Лекция №4


Тақырыбы:Іс-әрекет.
Жоспары:
1.Іс-әрекеттің жалпы сипаттамасы
2.Іс-әрекет жөніндегі теориялар
3.Іс-әрекеттің түрлері
1.Іс-әрекеттің жалпы сипаттамасы.
Іс-әрекет ұғымы психология саласындағы негізгі түсініктердің бірі. Алғашқы түсіндірулері Л.С. Выготский, С.Л. Рубинштейн, А.Н. Леонтьевтің есімдерімен байланысты болды. Іс-әрекеттің психологиялық құрылымы үш қырлы анықталады, яғни бір уақытта үш кеңістікте іске асырылып, көрініс береді, ол-тұлға (іс-әрекет субъекті), объект (іс-әрекет пәні), ішкі праксис (түрліше белсенді процесстер).
Іс-әрекеттің интенционалды аспектісіне қажеттілік, мотив, мақсат, жағдай (міндет) жатса; іс-әрекеттің амалдық аспектісіне белсенділік, іс-әрекет, әрекет, амал тиесілі. Іс-әрекет әлеуметтік категория. Жануарлар үшін қоршаған ортаның талабына ағзаның биологиялық тұрғыдан икемделуін көрсететін өмір кешу ғана тән. Адам үшін өзін табиғаттан саналы түрде ерекшелеп көрсету тән. Ол сөз алдына мақсат қояды, белсенді қызмет істеуге итермелейтін себептерді түсінеді. Іс-әрекеттің қандай түрі болса да қозғалыс түрінде өтеді.
«Сана», «тұлға», «қарым-қатынас» секілді негізгі психологиялық түсініктердің қатарында іс-әрекет категориясы да ғылыми статусқа ие. Іс-әрекет – психология, философия, әлеуметтану, физиология секілді пәндердің зерттеу заты болып табылады. Іс-әрекет – саналы түрде мақсатқа жетуге бағытталған және қоғамдық мәнді құндылықтармен немесе әлеуметтік тәжірбиелі меңгерумен байланысқан болмысқа субъектінің белсенді қатынас формасы. Бұл қатынастар негізгі екі қасиетке ие:
1.Нәтижелі типтегі қатынас – белгілі бір нәтижені алуды көздейді.
2. Іс-әрекет адамның өмір жолын анықтайды.
Психика мен іс-әрекет арасында күрделі арақатынас бар бір жағынан, психика іс-әрекетте қалыптасады және көрініс танытады, екінші жағынан – психика іс-әрекетті реттеп отырады.
Іс-әрекеттің қозғалыс түрінде өтенін ескерсек, қозғалыс тірі адам ағзасының моторлық қызметі деуге болады. Қозғалу өте ерте, құрсақтағы жетілу кезінде-ақ байқалады. Дүниеге келген баланың бейберекет қимылы (тыпырлау) оның негізгі шартсыз рефлексі болып табылады.
Іс-әрекеттің психологиялық құрылымын төмендегідей бейнелеуге болады:
Мақсат дегеніміз, болашақ әрекет нәтижесін саналы түрде елестету. Бұл тұлғаның әрекет мәнін қабылдауы. Мысалы, саяхатқа аттану үшін билет сатып алу керек, киімдерді жинап, межелі жерге жету қажет. Осылардың барлығы мотивтер аясына қатысты болғандықтан, алға қойылған және қабылданған мақсаттарға тұлғаның қол жеткізуі қажет. Әйтпегенде, олар субъект үшін мәнсіз болар еді.
Әрекет – мақсатты бағындыруға бағытталған іс-әрекеттің бір бөлігі, бірлігі. Саналы аңғарылған мақсат - мақсатқа бағытталған әрекет болып табылады. Алайда, әрекет түрткісі мақсат емес, жалпы әрекет мотиві болады. Мақсат түрткі қызметін атқармайды, ол тек әрекетті орындайды және өзіне «бағындырады», яғни әрекетті бағыттайды, нәтижеге жетелейді.
Іс-әрекет және тұлға «өмірінде» мақсаттың мотивке жылжуы атты кері феномен де бар. Бұл мотивті ығыстырып, жойып оның психологиялық мәнін «кішірейтіп», мақсат категориясына айналдыру. Мотив тұлғалық мәнін жойса, оған қатысты іс-әрекет тоқтайды, қажеттілік пен тұлға өзгереді, адамның мінез-құлқы алмасады. Іс-әрекет құрылымы сұлбасындағы соңғы түсінік ол – міндет. Міндет – мақсаты және әрекеттің орындалу тәсілі белгілі, яғни амалы бар нақтылы жағдай.
Іс-әрекеттің психологиялық құрылымына бітісе жүретін – дағды, білім және әдет.
Дағды – қалыптасуы барысында автоматтанатын және әлдеқайда күрделі іс-әрекетті құрастырушы амалдар жиынына айналатын әрекет.
Іскерлік - тұлғаның тұрақты қасиеттері деңгейінен орын алатын амалдар мен әрекеттерді біріктіретін дағдының жоғарғы формасы.
Әдет – бағыттылық пен іс-әрекеттің психологиялық, тұлғалық қосындысы. Бұл тұрақты, тұлға үшін дәстүрлі ұмтылыстар, мінез-құлық пен әрекет етудің қабылданған және ыңғайлы түрі, әлеммен қарым-қатынасы және күйзеліс стилі, тұрақты тұлға тәжірибесі.
2. Іс-әрекет жөніндегі теориялар
Іс-әрекет бағытының нобайы мен негізі Л. С. Выготский, С. Л. Рубинштейн, А. Н. Леонтьев зерттеулерінде салынды. А.В.Петровский зерттеулерінде тұлға іс-әрекет пен қарым-қатынаста жүзеге асатын, әлеуметтік қатынастар жүйесінің тұрақты субъектісі ретінде қарастырылады. Б.Ф.Ломов психология ғылымы үшін базалық дәрежелерді қарастыра отырып: «психикалық құбылыстар іс-әрекет пен қарым-қатынас процесінде пайда болып, қалыптасып, дамиды. Алайда олар іс-әрекетке немесе қарым-қатынасқа да емес, олардың субъектісі — қоғамдық тұлғаға тән. Іс-әрекет пен қарым-қатынас өз бетінше ешқандай психикалық сапаларга ие болмайды да, өз бетінше тіршілік етпейді. Бірақ бұл қасиеттерге тұлга ие болады.
Психикалық әрекет түрлерін зерттеуде ерекше ұстанымды П.Я. Гальперин сипаттаған. Ол бағдарланушы әрекет ұғымын анықтап, оны психологияның ғылыми пәні ретінде қарастырған. Бұл болжамға сәйкес, бағдарлану келесі қызметтердің іске асуын қамтамасыз етеді:
- дүниені тану немесе оның бейнесін құру;
- қажетті жауап әрекетін жобалау, оның ақылға қонымдылығын қамтамасыз ету;
- таңдамалы процесс барысын басқару, немесе нәтиже мен жоспарды салыстыру.
Іс-әрекет бағыты ретіндегі Л.С.Выготский теориясының негізгі идеялары:
1. Адамдардың практикалық іс-әрекетінің психология үшін маңыздылығы;

  1. Сананы еңбек іс-әрекетімен тығыз байланыста қарастыру;

3. Психикалық процестердің (олардың генезисі мен адамзаттың тарихи дамыған құралдық, заттық-практикалық іс-әрекетінің себептендіруі туралы теориялық жағдайларды жасау. Л.С.Выготскийдің атап көрсетуінше, психика еңбек іс-әрекетімен себептендіріледі және заттық-практикалық іс-әрекет психиканы себептендіретін ақиқат болып табылады.
4.Психиканың іс-әрекеттік себептенуі туралы тезис мазмұнының нақтылануы. Іс-әрекеттік себептендірілу сыртқы (еңбек) іс-әрекеті мен психикалық қызмет (психологиялық құралдар болжамы) құрылымында ұқсастықтардың болуын жорамалдайды;\
5. Психикалық қызметтер мен еңбек іс-әрекетінің ұқсастығының құрылымы мен гонозисінле құралдық жанамалану кезеңі қатысады. Себептендірілу онто және филогопез барысындағы жанамалау механизмі
Ал А.Н.Леонтьев сананың шығу тегін талдай отырып, оның психологиялық көп өлшемділігін іс-әрекет пен сана дәрежелерінің өзара байланысы арқылы көрсетеді. Оның пайымдауынша, субъектінің сыртқы және ішкі іс-әрекеті ақиқаттылықты психикалық бейнелеумен жанамаланып, реттеледі.
3. Іс-әрекеттің түрлері
Іс-әрекеттің түрлері: еңбек, оқу, ойын. Оларға көптеген психологиялық зерттеу арналған. Еңбек әрекетінің мәні - өнім (материалды не рухани) өндіруде нәтижеге жету. Бұл еңбек өндірісі әлеуметтік негізделген, саналы аңғарылған, ал нәтижесі – алдын ала болжанған, жоспарланған. Еңбектің психологиялық аспектерін, еңбек әрекеті жағдайындағы психиканы мақсат-бағдарлы түрде психологияның арнаулы саласы – еңбек психологиясы қарастырады. Адамның еңбек әрекетінің аясы зор және көптүрлі болғандықтан еңбек психологиясының көп қырларын қазіргі психологияның басқа да салалары қарастырады (жалпы, педагогикалық, әлеуметтік, спорт, шығармашылық психологиялары).
Оқу әрекеті-тұлғаның жалпымен қабылданған білім, дағды, іскерлікті арнаулы ұйымдасқан, белсенді түрде игеруі. Бұл мұғалім мен оқушы қатынасындағы оқыту процесінің бір қыры. Бұл өз-өзін өзгертуге бағытталған оқушы әрекеті, яғни ол оқу әрекетінің субъектісі. Оқу- іс-әрекеттің негізгі саласы еңбек процесін нәтижелі орындауға қажетті білімді, дағды мен икемді жүйелі түрде меңгеру. Мектеп жасындағы балалардың негізгі әрекеті- оқу. Оқу арқылы балаға қоғам өзінің ғасырлар бойы жинаған асыл мұрасын, дағды, тәжірибесін береді..
Ойын әрекетінде шынайы өмірді белгілер арқылы бейнелеу, үлгі ету атқарылады. Сонымен қатар, ойынның түрткісі әрекет нәтижесі емес, қолданылуы мен әрекет ету процесі болады. Ойын – бала әрекетінің негізгі бір түрі әлемді бейнелей отырып, оны түрлендіру- адам ойының мәні. Адамның бұл қабілеттілігі бірінші рет ойында пайда болады және ойында қалыптасады. Еңбекпен байланыса отырып, ойын одан өзгеше болады. Адам еңбек ету кезінде өзіне қажетті әрекетпен бірге істегісі келмейтін әрекетті де жасайды. Ал ойын кезінде мұндай жағдай болмайды. Ойын әрекеті бұл тікелей қызығушылық тудыратын әрекет. Аталған іс-әрекет түрлері күнделікті өмірде міндетті түрде әрекеттесіп, бірлесе не бір уақытта көрініс береді. Мысалы, белгілі қарым-қатынастың қатысуынсыз еңбек, оқу, не ойын әрекеттерінің болары ақылға қонымсыз. Еңбек әрекетінің элементтері әрбір әрекет түрінде бар. К.Д. Ушинский оқу дегеніміз толық белсенділік пен ойлаудан тұратын еңбек деген. Іс-әрекеттің сипатталған төрт түрі де өмірлік маңызды. Мәселен, кәсіпкер-футолшы үшін футбол ойын емес еңбек. Дәл осыны, шығармашылық пен репродукцияны, қарым-қатынас пен білімді біріктірген, актерлік «ойынға» қатысты да айтуға болады. Кез-келген адами іс-әрекет кешенді, яғни көп пәнді және полимотивті болады.
Іс-әрекеттің орындалу аясына қатысты маңызды психологиялық жіктеуде сыртқы (материалды) және ішкі (психикалық, ақыл-ой) әрекет деп ажыратады. Сыртқы әрекеттер материалдық аяда, шындықта бар материалды объектермен іске асырылады. Бұл адамның қоршаған ортадан тікелей және үздіксіз өндіретіні. Осы алғашқы көріністі, объективтіні - іс-әрекет немесе мінез-құлық деп атап, көптеген ғылымдар, соның ішінде психология зерттейді.
Ішкі әрекеттер психикалық бейнелеудің идеалды түрінде бейнелер арқылы көрініс береді, яғни материалды емес, «екінші ретті» заттардың көмегімен. Ол объективті психикалық кеңістік пен уақытта емес, идеалды, ақыл-ой жүйесінде, психикада болады. Психиканың өзі тек бейнелеу нәтижесі емес, белгілі мөлшерде іс-әрекет болып табылады, сондықтан осы ішкі іс-әрекет психологияның зерттеу пәні болып табылады. Ішкі әрекет – сыртқы әрекеттің интериоризациясы. Психика материядан жасалған, сонымен қатар өзі материя түзеді, әрі экстериоризациялау арқылы материяға айналады. Осы кезде психикалық бейнелер мен әрекеттер материализацияланады.

Лекция №5


Тақырыбы: Түйсік
Жоспары:
1.Түйсік жөнінде жалпы түсінік.
2.Түйсіктің жіктелуі.
3. Түйсіктердің негізгі қасиеттері: сапа, қарқындылық, шиеленіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет