3.Зейін жөніндегі теориялар. Зейіннің физиологиялық механизмі өте күрделі, оның негізі - жүйке жүйесінің әр түрлі деңгейде тұрған сезгіштік қызметі. Сезгіштік дегеніміз - ми қабығының төменгі қатарында орналасқан ретикулярлық формациялар деп аталатын анатомиялық және функционалдық ерекшелік. Ретикулярлық формацияның өрлеуші, төмендеуші дейтін екі түрі бар. Ми алаптары жұмысының реттеліп (қозьп, тежеліп) тұруы нәтижесінде әр қилы психикалық әрекет жүзеге асады. Әр түрлі импульстер жоғарыдан (ми қабығынан) төменгі ми алаптарына (ми бағанасы т.б.) келіп, оларды өзіне бағындырады. Бұл - төмендеуші ретикулярлық формация деп аталады. 1958-1960 жж. АҚШ ғалымы Г.Мэгун, Италия ғалымы Моруций импульстардың төменнен жоғары ми алаптарына жетіп, олардың жұмысына әсерін тигізе алатынын дәлелдеді. Мұны - өрлеуші ретикулярлық формация дейді. Зейіннің физиологиялық негіздерін И.П.Павлов ашқан нерв процестерінің өзара индукция заңына байланысты түсінуге болады.И. П. Павлов, егер ми қабығының бір алабында қозу процесі пайда болса, осымен байланысты қалған алаптарында тежелу прцестері пайда болатындығын айтқан.
Физиолог, ғалым А.А.Ухтомский ми қызметінің заңдылықтарын зерттей отырып, доминанта принципі жөнінде ілім жасады. Сыртқы дүниенің көптеген тітіркендіргіштерінің ішінде біреуі миға көбірек әсер етеді де, мидың бір алабын қаттырақ, күштірек қоздырады, осындай алапты доминанта деп атаған. Доминанта - латынның доминанс деген сөзі, қазақша үстемдік ету деген мағынада. Бұл принцип бойынша мидағы қозу ошағының белгілі бір алабындағы қозу күшейіп, өзге алаптардың қызметіне үстемдік етеді. Сөйтіп жаңадан пайда болған қозу ошақтарын тежеп қана қоймай, оларды өзіне бағындырып, нерв жұмысын күшейте түседі. Осыдан мидың күшті қозған алабы онан бетер күшейеді. Мәселен, қызық кітапқа беріле оқығанда адамға кейбір бөгде тітіркендіргіштердің бөгет жасамайтыны, қайта олардың біздің ойымыздың күшеюіне жәрдемдесетіні байқалады. Зейінділік сондай-ақ адамның сырт пішінінен де байқалады. А.А.Ухтомский өзіне дейінгі ашылған жүйке орталықтарының жұмыс принциптері рефлекторлық реакция орталықтары ара қатынасының үйлестік маңыздылығын түсіндіре алмайтындығын айтты, себебі олардың мазмұнында реакцияның таңбалық бағасы, яғни таңбалы процесті бейнелейтін жүйенің тарихының жоқтығы. Ағзаның жұмыс қабілетін нақ сол таңбалы реакциялар жоғары және тұрақты қамтиды: жаттыгулар, белсенді демалыс, ойлау, шығармашылық әрекет содан көрінеді. Ол доминантаны жалпы маңызы бар жұмыс принципі ретінде қарастырды.
А.А.Ухтомскийдің доминанта теориясының мәнін И. П. Павловтың «Қозудың оптимальдық алабы» дейтін теориясы онан сайын толықтыра түседі. И.П.Павловтың оптимальдық көзу алабы теориясы ырықты зейіннің табиғатын физиологиялық тұрғыдан өте жақсы түсіндіреді. Доминанта - орталықтар арасындағы теңдіктің бұзылуын көрсетеді. Ол өзінің бағыттылығымен ағзаны жаңа мүмкіндіктермен толықтырады. Қозу процесі ешқашан да ми қабығына біркелкі тегіс тарамайды, өйткені онда әр уақытта қозу пайда болатындай жағымды «оптимальдық жағдай» жасалып отырады. Оптимальдық қозуы бар осы алап - ми қабығының шығармашылық бөлімі, ырықты зейіннің физиологиялық негізі. Бұл жөнінде И. П. Павлов былай дейді: «Бас сүйегінің сыртынан біз іштегі миды байқай алатын болсақ, онда ми сыңарларының оптимальдық қозу пайда болатын жері жаркылдап көрінсе, біз ойлап отырған саналы адамньгң ми сыңарларында формасы және шамасы өне бойы өзгеретін тамаша тұрлаусыз жарқылдаған сәуле дағын көрер едік, бұлар ми сыңарларының барлық жерлерін алып жатқан азды-көпті қара көлеңкенің ішінде үздіксіз қозғалып жүрген болар еді».
Ұлы физиолог оптимальдық қозу үнемі қозғалыста болатындығын айта келіп, оның мида ауысып отыруының өзі зейін бағытының да өзгеріп отыруы деп түсіндірді. Оптимальдық қозуы бар алап (өзара индукция заңы) мидың баска бөліктеріндегі тежелуді күшейтеді. Мұндай жағдайда адам зейіні бір жерге күшті шоғырланады да, ол қалған объектілерді байқамайтын болады. Оптимальдық қозу алабын екінші сигнал жүйесінен шыққан сигналдар қуаттап отыратындығын, сөздік сигналдар ми қабығындағы осындай алаптардың бір-біріне ауысуын тездетіп отыратындығын, сайып келгенде, психикалық әрекеттің талғамалы сипатта болатынын жақсы көрсетеді. Бір нәрсеге зейін аудару адамның сыртқы кейпінен де (дененің, бастың, көздің түрлі қозғалыстары, бет бұру, үңілу, құлақ тігу т. б.) жақсы көрінеді. Бірақ бір қарағанда зейін анық байқала да қоймайды. Өйткені, осы айтылғанға біршама ұқсас сыртқы көріністерді өмірде жиі кездестіруге болады.
Лекция №11
Тақырыбы:Эмоциялар мен сезімдер
Жоспары:
1.Эмоциялар мен сезімдер жайлы түсінік
2.Эмоционалдық процестердің жіктелуі, олардың іс-әрекетті реттеудегі рөлі
3. Эмоциялар мен сезімдер теориялары