Лекция конспектілері «Педагогикалық психология»


Мінезді зерттеудің негізгі тәсілдері



бет34/39
Дата28.04.2023
өлшемі0,67 Mb.
#88191
түріЛекция
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39
2. Мінезді зерттеудің негізгі тәсілдері
Мінез – әр адамның жеке басына тән өзіндік психологиялық қасиеттер мен ерекшеліктер жиынтығы. Мінез-адамның негізгі өмірлік бет алысын және оның өзіндік әрекетінің айырмашылығын сипаттайтын сапалы өзгешелік. Әлеуметтік жағдай мен тәлім-тәрбие ісі және олардың өзара ұштастығы адамның психикалық ерекшеліктеріне, мінез қасиеттерінің дамып, қалыптасуына әралуан әрекеттері арқылы әсер етеді. Мінез түрі өзінің құрамындағы бітістердің жалпы сипатына тәуелді келеді, ал бітістер негізгі немесе жетекші және қосалқы болып бөлінеді. Негізгілері адамның бағыт-бағдарын айқындауға ықпалын тигізіп, яғни адамның тұрақты мінезінің сипатын береді де, қосалқылары мінез қырларын толықтыра түседі. Мысалы, батылсыздық, қорқақтық және альтруистік бітістердің алғашқы екеуі жетекші мәнге ие болса, онда адам секемшіл мінезді келіп, біреуге жақсылық, яғни альтруистік қадамында жалтақшыл, күдікті болуынан көздеген ісіне бара алмайды. Керісінше альтруистік қасиет басым келсе, алғы екі жағымсыз бітістерді қаймықпай басып, қайырымдылық ісінде батыл мінезді қадам жасайды.
Адам мінезінің белгілі түрде қалыптасуы оның қоршаған дүниеге қатынасына байланысты. Бұл қатынастардың мәні адам араласып, байланысқа келген өмірлік объектердің маңызымен анықталады:
1. Басқа адамдармен қатынасына қарай (шыншыл - өтірікші, әдепті – дөрекі т. б.).
2. Орындалатын іс-қызметіне орай (еңбеккер – еріншек т. б.)
3. Өз басына болған қатынасына байланысты (сыншыл - өзімшіл т. б.).
4. Заттарға қатынасынан (сақи – ашкөз, ұқыпты – салақ т. б.).
Аталған қатынастардың бәрінің де мінез түрінің қалыптасуында үлкен маңызға ие екені сөзсіз, дегенмен тұрақты, нақты мінездің орнығуы ең алдымен адамның адаммен, қоғамға араласып, қатынасу дәрежесіне тәуелді. Ұжымнан тыс тұлғаның жолдастық, достық, махаббат, т. б. формаларда көрінетін ізгі ниеттерінен бөлек мінез түрі болмайды. Адамдар өзара ұзақ қатынасқа келе отырып, бірі екіншісінің мінезіне таңбасын салады, осыдан кей адамдар әрекет-қылығында өзара ұқсастыққа келеді немесе қарама-қарсы, бірақ бірінің кемшілігін екіншісі толықтыратын бітістерді игереді. Алайда, еңбек, іс-әрекет қатынастарында қалыптасқан мінез бітістері мәндірек келіп, мінез түрінің басқаларынан ажыралуына себепші болады.Мінезде жеке бітістер мен сапалармен қатар тұлғаның қоршаған ортаға икемдесуін қамтамасыз етуші жалпы қылық тәсілі – мінез типтерін ажыратуға болады:
1. Үйлесімді мінез типі – қоршаған ортаға икемділігімен ерекшеленеді. Мұндай мінезді адамда ішкі қарама-қарсылықтар болмайды, ойлаған ойы мен істеген ісі бір-біріне сай келеді. Көпшіл, ерік күші мол, қайсар, бір сөзді. Өмірдің барша қиын жағдайларында таңдаған бағыт-бағдарынан қайтпайды, көзқарас, талғамын ауыстырмайды. Мақсат-мұраттары мен принциптері үшін күреске дайын. Бұл адамдардың өмір сүру тәсілі жағдайға бағыну емес, оны өз қалауына орай өзгерту.
2. Іштей қарама-қарсылықты, бірақ сырттай келісімді мінезді адам. Бұл типті адамның ішкі ниеттері мен сырт әрекет-қылығы арасында келіспестік бола тұрып, өзінің қоршаған ортамен қатынасында әлеумет талаптарына ыңғай береді, іс-әрекетін соларға бағындырып, үлкен күшпен орындайды. Сыртқы дүниемен болған араздықты мұндай адамдар өздерінің пікірлерін қайта қарастырумен, психологиялық қорғаныс іздестіру және әлеумет қолдамаған күнделікті тұрмыс күйбеңіне берілмеу жолдарымен шешуге бейім келеді. Қоғам мүшелері қабылдаған рухани құндылықтарды мойындайды, бірақ сыртқы жағдайды өзгертуге ынталы емес.
3. Икемі кем, қарама-қарсылық мінезді адам: көңіл-күй, ниеттері мен әлеуметтік борыштары арасында үйлеспестік орын алған, шамдағыш, ұнамсыз эмоциялары басым, тілдесу қабілеті нашар дамыған, іс-әрекетін ақыл сарабына сала бермейді. Бұл мінез адамдарына тән қасиет: қоршаған дүниемен арақатынасын нақты әрекет-қылық жүйесіне келтірмеген, өмір желісі қарапайым бағытты – тез өзгеріп тұратын қажеттері, олар пікірінше, қандай да күш жұмсамай-ақ бір сәтте қанағаттандырылуы тиіс.Олар өмір үшін күреске дағдыланбаған, қажырсыз. Балалық шағында бұл адамдар шектен тыс мәпеленіп, төңірегіндегілердің орынсыз артық қамқорлығынан дербестік қалыпқа үйренбеген. Осыдан, әрқандай кедергіден қорқады, ойланып, жол іздестіруге шамасы жетпейді.
4. Тиянақсыз мінезді адам – бағыт-бағдарының тұрақсыздығынан, принциптік бостандығынан төңіректегі жағдайға ыңғайшыл келеді. Жеке адамдық деңгейі төмен. Тұрақты мінез-құлығы қаланбаған, осыдан барша іс-әрекетінде қоршаған ортаға ыңғайлану, қатынас адамдарына жағымпаздану бұл адамның бойына сіңген мінездік көрініс.Мұндай адамдардың ішкі жан дүниесі дөрекі қарапайымдылыққа негізделген; тіршілік үшін болған әрекет-қимылы тіке, бірбеткей. Күнделікті күйбең мүдделеріне жетуде ойланып-толғануды білмейді, өз мүдделерін шектей алмайды. Олар үшін кедергі біреу-ақ – сыртқы; ішкі сапалық, жандүниелік қиыншылықтарды өлшестіруге ақылы жетпейді, бар көздегені – мол, оңай олжа, бір мезеттік игілік. Осыған орай мінездің бір түрінің, типінің қалыптасуын анықтау үшін зерттеу әдістері мен тәсілдері қолданылады:
-Обеъективті зерттеу әдістері бақылау (сырттай, еркін, өзіндік) және сауалнама (ауызша, жазбаша, еркін);
- Субъективті зерттеу әдістері тест (объективті, проекциялық), эксперимент (табиғи, зертханалық) жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет