3.Психологиялық білімнің даму тарихы және психология ғылымындағы негізгі бағыттар Психология тарихында 2 үлкен кезең бөлінеді: бірінші, философия және ең әуелі жаратылыстану ғылымдары негіздерінде психологиялық білімнің даму кезі; екінші – психология жекеленген ғылым ретінде дами бастаған уақыт. Олар уақыты бойынша өлшелінбейді: бірінші кезең (б.ғ.д. VI ғ. – XIX ғ. ортасы) 2,5 мыңға жуық уақыт аралығын қамтиды; екінші кезең – жүз жылдан астам (XIX ғ. ортасы мен – қазіргі уақытқа дейін).
Г.Эббингауздың сөздері бойынша психологияның ұзақ жылдар бойы жалғасқан өткен шағы бар, бірақта ол қысқаша тарихқа ие. Осы екі кезеңнің бөлінуі арнайы негіздемені қажет етпейді, өйткені оның критерийлері түсінікті-ақ. Олардың әр қайсысы жүз жылдап созылуда, ыңғайласқан кезеңдену қажет. Оны формальды белгілер бойынша жүргізуге болады – хронологиялық (XVII ғасыр психология тарихының XVIII ғасыр психология тұрғысынан айырмашылығын білуге болады), әлемдік және отандық психология кезеңденуінің де айырмашылығын анықтауға болады.
Психология антика дәуірінде (б.ғ.д. IХ ғасыр – V ғасыр) философия шаңберінде дами бастады. Алғашқы университеттерінің мысалы ретінде Сократтың диалогтарын айтуға болады. Сократ орталықтағы мраморлы орнына келетін, барлығы дерлік жиналатын. Бұл барлық уақыттағы және халық оқытушылары өкілдерін еске алу, сыйлау күні. Сократ – психологиялық әрекет ету әдісі арқылы өзге адамдарға әсер ете алған алғашқы психолог-практик. Платон әлемдік жан дүние, космостық жан дүниені материалдық емес субстанция ретінде қарастырған. Оның айтуынша жан дүние космостан көп энергия алады. Адам мінез-құлқын түсіндіруді ұсынған алғашқы теориялар адам қарым-қатынасының факторарын қарастырған (мысалға, денедегі және ол дүние салғанда одан кететін «көлеңке» немес құдайлар). Басқа да грек философтары, әсіресе Аристотель денемен етене болатын және ой мен сезімді қадағалап жүретін, сонымен қатар өмір сүру ағымында жиналатын тәжірибеге сүйенетін жанның бар деген идеясын ұсынған.
I-кезең – психология жан жөніндегі ғылым. Психологияға мұндай анықтама бұдан екі мың жылдай бұрын берілген. Ежелгі адамзат жанбар деген ұғыммен өзіне түсініксіз барша өмір құбылыстарын дәйектеугет ырысқан.
II-кезең – психология сана жөніндегі ғылым. XVII-ғасырда жаратылыстану ғылымдарының өркендеуімен пайда болды. Адам өзінің ойлау, cезу және ниеттеу қабілеттерін сана категориясымен баламаластырған. Ал сананы зерттеудің негізгі әдісі адамның өзін өзі бақылап (интроспекция), одан алған деректерін баяндау болған.
III-кезең – психология әрекет-қылық жөніндегі ғылым. XX ғасырда пайда болды. Бұл кезеңде өз міндетіне эксперимент жасап,тікелей нақты көруге мүмкін болғандарды ғана, яғни адамның мінез әрекеттерін, қылық-қимылдарын, сыртқы әсерге жауап қозғалыстарын зерттеуге алды, бірақ оларға себепші болған мотивтерді ескеруді қажет деп білмеді.
IV-кезең – психология шынайы заңдылықтарды, психика көріністері мен тетіктерін зерттеуші ғылым ретінде танылды.
Психология - психиканың дамуы мен әрекетке келуі және оның көрінісінің жеке-дара типологиялық ерекшеліктері жөніндегі, сонымен бірге адамның қоршаған ортамен өзара ықпалдасты байланыстарының жалпы заңдылықтары туралы ғылым. Біріншіден, тұрмыстық психологиялық білімдер нақты жағдайда адамдар мен оларға қатысты міндеттер айналасында болады. Ғылыми психология жалпылауға бағытталған, ол үшін сәйкес ұғымдар пайдаланылады. Екіншіден, тұрмыстық психологиялық білімдер интуициялық сипатқа ие. Бұл себепті алу тәсілі – кездейсоқ тәжірибе және санасыз деңгейде субъективті талдауға бағытталған. Бұған қарағанда, ғылыми таным экспериментке негізделген, ал алынған білімдер толық рационалды және түсінікті.Үшіншіден, білімді беру тәсілдерінде айырмашылықтар бар. Әдетте, тұрмыстық психологиялық білімдер қиындықпен беріледі немесе көбінесе беріледе алмайды. Ю.Б.Гиппенрейтер жазғандай «әке мен балалардың» мәңгі мәселесі да осында, өйткені балалар әкелерінің тәжірибесін қабылдай алмайды және қабылдағысы келемейді де. Ал ғылымда білім жинақталып, оңай беріледі.
Сонымен, психология негізінен грек сөзінен аударғанда «жан туралы ғылым», ал «психология» термині қолданысқа алғаш рет XVI ғ. енді. Алғашқыда ол ерекше ғылым ретінде «жанды» немесе психикалық болмысты әрбір адам өзін бақылау нәтижесінде анықтап отыруға қолданса, кейіннен XVII-XIX ғғ. психология – бұл психика жєне психикалық құбылыстар туралы ғылым болды.