Лекция конспектілері «Педагогикалық психология»


Тұлға бағыттылығы, бағыттылық формалары: қалаулар, қызығушылықтар, мұраттар, дүниетанымдар, сенімдер



бет32/39
Дата28.04.2023
өлшемі0,67 Mb.
#88191
түріЛекция
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   39
4. Тұлға бағыттылығы, бағыттылық формалары: қалаулар, қызығушылықтар, мұраттар, дүниетанымдар, сенімдер.
«Тұлғаның бағытталуы» ішкі құрылымы тұлғаның бағытталу сапасы мен қарым-қатынасын біріктіреді, олар моральды сипатта көрінеді. Бұл ішкі құрылымға кіретін тұлғаның сипаттамаларында көп жағдайда, тiкелей туа біткен қасиеттер (әуестiк және мейiлділік) болмайды, олар жеке түсініктегі қоғамдық сананы бейнелейді. Тұлғаның бағытталуы, Платонов К.К. бойынша, әуестiкті, ниетті, қызығушылықтарды, бейімділікті, мұраттарды, сенiмді, дүние танымды қамтиды. Бұл жерде сонымен қатар, тұлғаның адами қасиеттері, әр түрлі қажеттіліктері, қарым-қатынасы көрініс табады. Бұл ішкі құрылым тәрбиелеу жолымен қалыптасады. «Тәжірибе» ішкі құрылымы, автордың ойы бойынша, оқу арқылы өз тәжiрибесінде алған білімді, дағдыларды, икемділікті, әдеттi бiріктiредi, бiрақ мұнда тұлғаның генетикалық және биологиялық шартталған қасиеттер әсер етеді. Бұл ішкі құрылымды автор даралық мәдениет немесе дайындық деп есептейді. «Психикалық процестердің ерекшеліктері» ішкі құрылымы психикалық бейненің түрлері ретінде жеке психикалық процесстердің, психикалық функциялардың: есте сақтау, эмоция, сезім, ойлау, қабылдау, түйсік, еркіндіктің даралық ерекшеліктерін қамтиды. «Биопсихикалық қасиеттер» ішкі құрылымы темперамент қасиеттерін, тұлғаның жасаралық және патологиялық қасиеттерін біріктіреді. Бұл ішкі құрылымның қасиеті көп жағдайда мидың физиологиялық ерекшеліктеріне тәуелді болып келеді, ал әлеуметтік әсері, автордың пайымдауынша, оларды субординациялайды және өтейді. Бұл ішкі құрылымның белсенділігі жүйке жүйесінің негізгі қасиеттерімен анықталады.
Психологияда көрсетілген тұлға құрылымының әртүрлілігіне қарамастан, барлық тәсілдемелерде жетекші сипаттама ретінде оның бағытталуы көрсетіледі. Бағытталуы тұлғаның жүйе құраушы қасиеті ретінде көрінеді, оның психологиялық құрылуын анықтайды. Сонымен қатар бағытталу, тұлғаның қызметін бағыттайтын тұрақты уәждемелердің және салыстырмалы нақтыға тәуелсіз жағдайлар жиынтығы болып келеді. Бағытталу үнемі әлеуметтік шартталған және тәрбие әсерінен қалыптасады. Оған қоса, бағытталу, тұлғаның қасиеттері болып келетін ережелер. Бағытталу бірнеше байланысқан иерархиялық түрлерді қамтиды: ынта, ниет, ұмтылыс, қызығушылық, бейімділік, мұрат, дүниетаным, сенім. Тұлға бағытталуының барлық түрлері оның қызметінің уәждемелері болып табылады.
Осылайша, адам – көпқырлы құбылыс. Оны зерттеу бүтіндей жүйелі әдіснамалық сипатқа ие болуы керек. Сондықтан да адамды зерттеудегі ең негізгі әдіснамалық тұжырым – жүйелі көзқарас тұжырымы. Ол әлем құрылымының жүйелілігін көрсетеді. Осы тұжырымға сай кез келген жүйе – жүйе жасайтын фактор болғандықтан өмір сүреді. Адамды зерттейтін ғылымдар жүйесінде мұндай фактор – адам, оны көпқырлы көріністе және сыртқы өмірмен байланысты зерттеу қажет, өйткені сонда ғана адам және оның әлеуметтік-биологиялық даму заңдылықтары жайлы толық көрініс алуға болады.

Лекция №14


Тақырыбы: Адамның жеке психологиялық қасиеттері
Жоспары:
1. Қасиеттердің динамикалық кешені ретінде темпераментке заманауи көзқарас
2. Мінезді зерттеудің негізгі тәсілдері
3. Мінез акцентуациясы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет