Лекция конспектілері «Педагогикалық психология»



бет36/39
Дата28.04.2023
өлшемі0,67 Mb.
#88191
түріЛекция
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39
Байланысты:
ПCХ НЕГ Лекция

1.Қабілет жайлы түсінік.
Қабілет - іс-әрекеттің белгілі бір түрін ойдағыдай, нәтижелі орындауда көрінетін адамның жеке қасиеті. Қабілеттілік күнбе-күнгі тәжірибеде жиі кездеседі. Мәселен, оқуға бар ықыласымен берілетін оқушыларды біз «мынау оқушы қабілетті оқушы екен» дейміз, не болмаса оның кейбір пәндерді жақсы үлгеруіне байланысты бір оқушының математикаға, екіншісінің әдебиетке, үшіншісінің географияға қабілеті бар екен дейміз. Қабілеттердің дамып қалыптасуы әр түрлі деңгейде жүріп отырады. Мәселен, оның алғашқы деңгейі (жұрттың бәріне ортақ) репродуктивтік десе, екінші негізгі деңгейін шығармашылық қабілет дейді. Бірінші деңгейде адам білім игеруге, іс-әрекетті қажетті дәрежеде іске асыруда икемділік көрсетсе, екінші деңгейде жаңа, соны туынды жасай алу мүмкіндігін байқатады. Біркелкі тең жағдайда (дайындық деңгейі, білімі, дағды, білік, жұмсалған уақыт, ақыл-ой, дене күші) қабілетті кісі қабілеті төмендеу кісіге қарағанда істі орындауда жақсы нәтиже көрсетеді. Қабілеттің дамуы мен көрінісінің ең жоғары деңгейі - «талант», «дана» деген терминдермен аталады. Талантты және дана адамдар өнерде, ғылымда зор қоғамдық мәні бар нәтижеге жетеді. Дана адам әдебиет, өнер, өндіріс, ғылым саласында бұрын сонды болмаған, соңғы жаңалықтар ашады. Талантты адам да жасампаз, бірақ өзіндік жаңалықты белгілі идеялар, бағыттар, зерттеу тәсілдері шеңберінде жасайды. Талантты және дана адамдар практикада және өнерде, ғылымда бұрын соңды болмаған жаңалықтар ашады. Таланттылық - даналықтың қалыптасуына аса қолайлы жағдайлар, жеке адамның жан-жақты дамыған кезінде туады. Мәселен, Леонардо да Винчи, Гете, Ломоносовтар шығармашылық қызметтегі даналықтың және адамның жан-жақты дамуының үлгісі болып табылады. Қабілет жалпы, арнаулы болып бөлінеді. Жалпы қабілет бұл адамның ақыл-ой қабілеті. Арнаулы қабілет - іс-әрекеттің, мәселен, әдебиет, сурет өнері, музыка, сахна өнері т.б. арнаулы салаларда, жоғары нәтижеге жетуге жәрдемдесетін жеке адам қасиеттерінің жүйесі. Қабілеттің аталған осы екі түрінен басқа практикалық іс-әрекетке қабілеттілік дейтін үшінші түрін де атауға болады. Бұған конструктивті-техникалық, ұйымдастырғыштық, педагогтық қабілеттер кіреді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет