Лекция конспектісі 6В01601-«Тарих», 6В01508-«География-тарих» білім беру бағдарламалары үшін



бет41/45
Дата28.11.2023
өлшемі196,02 Kb.
#130718
түріЛекция
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45
Байланысты:
Лекция жинағы

Оқытудың техникалық құралдары: проектор
Лекция өткiзу тәртібі:
1. Жеке жұмыс 2. Толықтыру 3. Кері байланыс 4. Бағалау
Бақылау сұрақтары:

  1. Хақназар тұсындағы Қазақ хандығының саяси жағдайы қандай болды?

  2. XVI ғ. соңы –XVII ғ. басындағы Қазақ хандығының жағдайына сипаттама беріңіз?

  3. 1595 ж. Тәуекел ханға орыс елшілігін басқарып келген?



Лекция тақырыбына сәйкес СӨЖ тапсырмалары:

  1. Хақназар ханның билікке келуі(1538-1580жж.).

  2. Қазақ–моғол қатынасының шиеленісуі.

  3. Қазақ-орыс қатынастарының басталуы және арадағы елшіліктер.

  4. Тәуекел ханның Мәскеуге жіберген елшілері және мақсаты.

  5. Тәуекел ханның Орта Азияға жорықтары (1582-1598жж.).

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Маданов Х. Қазақ халқының арғы-бергі тарихы.- Алматы, 1995.

  2. Қазақстан тарихы. (Очерктер).- Алматы, 1995.

  3. Маданов Х. М., Мусин Ч. Ұлы дала тарихы.- Алматы, 1994.

  4. Қаратаев Т. Қ. Тарихтағы аттас тұлғалар.- Ақтөбе, 2002.

  5. Басин В.Я. Россия и Казахские ханства в ХҮІ-ХҮІІ вв. (Казахстан в системе внешней политики Российской империи). А.,1971.

  6. Карибаев Б.Б. Қазақ хандығының күрылуы //Қазақ тарихы.1995. № 4-5-6.


Лекция №28
XVII ғасырдағы Қазақ хандығы
Жоспары:

  1. Есім ханның билік басына келуі (1598-1628жж.)

  2. Тәуке хан тұсындағы орталық биліктің күшеюі (1680-1718жж.)

Лекция мақсаты мен міндеттері: Есім ханның (1598-1628) билікке келуі. Тәуке хан тұсында Қазақ хандығының ішкі саяси өміріндегі өзгерістерге талдау жасау.
Лекция мазмұны: Тәуекелден кейін Қазақ хандығының тағына отырған Есім хан (1598-1628) бүкіл саналы өмірін ат үстінде өткізген, Қазақ хандығының шекарасын кеңейту, қорғау жолында халқына өлшеусіз қызмет етті. Халық оны "Еңсегей бойлы ер Есім" деп атады.
Есім ханның кезінде Бұқар ханы Иманқұл, Ташкент, Түркістан аймағын қайтару үшін 1612-1620 жылдары қазақтарға бірнеше рет соғыс ашты. Бұл соғыстарда қазақтар өз жерлерін қорғап қалды.
Сонымен бірге Есім ханның кезінде қазақ жеріне ойрат тайпалары да бірнеше рет шапқыншылық жасады. Бұл шапқыншылықтарға қазақтар тойтарыс беріп отырды. Есім ханнан кейін қазақ хандығының тағына оның баласы Жәңгір отырды.
1635 жылы Батыр Қонтайшы бытырап жүрген ойрат тайпаларын біріктіріп, Моңғолияның батыс аймағында Жоңғар мемлекетін құрды. Бұрынғы бытырап жүрген ойрат тайпалары біріккеннен кейін Қазақ хандығына үлкен қауіп туғызды. Осы кезден бастап жоңғарлардың Қазақ жеріне ірі шапқыншылықтары басталды.
Жәңгір хан басқарған жылдары қазақтар мен жоңғарлардың арасында үш ірі соғыс болған. Біріншісі 1635 ж., екіншісі 1643 ж., үшіншісі 1652 жылы. 1643 жылғы ұрыста қазақтар екі таудын арасына ор қазып, жоңғарларға қарсы соғысты. Осы соғыста Жәңгір хан 6 мыңдай әскерімен 50 мың жоңғарларға тойтарыс берді. Осы ұрыста Жоңғар ханға Самарқан билеушісі Жалаңтөс Бахадүр 20 мың әскерімен көмекке келген.
Жәңгір хан 1652 жылы кезекті қазақ-жоңғар соғысында қаза табады.
XVII ғасырдағы қазақ хандығының тарихында Тәуке хан (1680-1718) да айрықша орын алады. Тәуке хан тұсында Қазақ хандығының астанасы Түркістан қаласы болды.
Тәуке хан Қасым хан мен Есім ханның тұсында жасалған қазақтың әдет-ғұрып, заң жораларын бір ізге түсіріп, "Жеті Жарғы" зандар жинағын жасады.
Үш жүздің басын біріктіріп, олардың көшіп-қону конысын белгіледі. Әр руға таңба үлестіріп, ұранын айқындады. Жыл сайын қазақ ру басыларын жинап Күлтебеде кеңес өткізді.
Тәуке хан тұсында хан кеңесі, билер кеңесі сияқты органдар жұмыс істеді.
Қазақ хандығына "Қасым ханның қасқа жолы", "Есім ханның ескі жолы", Тәуке ханның "Жеті Жарғысы" деп аталатын зандар болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет