Лекция конспектісі 6В01601-«Тарих», 6В01508-«География-тарих» білім беру бағдарламалары үшін



бет43/45
Дата28.11.2023
өлшемі196,02 Kb.
#130718
түріЛекция
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45
Лекция мазмұны. Қазақ хандығы үлан байтақ жерді қамтыған феодалдық мемлекет болды. Басқару жүйесінде, әкімшілік бөлістерін айыруда көшпелі қазақ қоғамында бұрыннан қалыптасқан ру-тайпалық тәртіп сақталып отырды. Туыстығы жақын он шақты түтін — бір ауыл, жеті атадан тараған туыстығы жақын бірнеше ауыл бір ата (аймақ) болып есептелді. 13—15 атадан қосылатын аймақтар бір ру болды. Осы рулардан тайпа құрылды. Жалпы қазақ қауымы үш жүзге бөлінді. Үш жүздің қазағы Қазақ хандығына бағынды. Үш жүзді билеген Қазақ ханы "Ұлы хан" болды. Ол қазақ хандығының азаматтық, әскери, әкімшілік және сот құқын қолына ұстаған жеке дара билеуші атанды. Жүздерді кіші хандар, ұлыстарды сұлтандар, тайпаларды билер, руларды ру басылары, аталарды (аймақтарды) ақсақалдар, ауылдарды ауыл ағалары басқарды. Бұл жеті сатылы басқару жүйесі көшпелі қазақ қоғамында тым ертеден келе жатқан тәртіп болатын.
Түркі халықтарында ханнан кейінгі әлеуметтік басқарудың ең жоғарғы тобы сұлтандар болды. Манғол сұлтандары үстем тап өкілі еді және қарастырылып отырған кезеңде олар түркі қоғамының ең беделді саяси күшіне айналды. Алғашында «сұлтан» сөзінің мағынасы жоғары билік туралы жинақтық ұғымды-билік жүргізуі, үстемдік, үкімет дегенді білдірді. Х ғасырдың ортсынан бастапбұл термин билік жүргізушіні, мемлекет билеушісін атау үшін қолданыла бастады,оны алғаш қолданысқа енгізген және ақшаға жазған селжуктар болды. Осман империясында патшаны сұлтан деп атады. Бірақ сұлтан сөзі тек падишахқа емес, Осман династиясының барлық ханымдары мен ханзадаларына да қолданылды.
Сонымен, қорыта келгенде, Ханның төңірегіндегі сұлтандар өздерінің жауынгерлеріне көбірек арқа сүйеді, ал жауынгерлер сұлтандарына адал қызмет етті. Хан сұлтандардың бір-бірімен өзара бақталастығын сәтті пайдаланып отырды. Ал сұлтандар болса өздерінің билеушісінің әлсіз болғанын, билік басында жай қарайып отырғанын қалады. Түркі елінде хан етіп тек сұлтандарды ғана қоюға болатын еді.
Оқытудың техникалық құралдары: проектор
Лекция өткiзу тәртібі:
1. Топтық жұмыс 2. Жариялау 3. Негізгі проблеманы айқындау 4. Бағалау


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет