Лекция мазмұны: Қасым ханнан кейінгі Қазақ хандығын басқарған Мамаш (1518-1523), Тахир (1523-1533), Бұйдаш (1533-151557), Тоғым (1533/34-1537/38) хандардың кезінде өзара ішкі таластың салдарынан біршама әлсіреп, өзбектермен және моғолдармен күресте, Қасым ханның кезінде ие болған жерлердің біразынан айырылып қалды.
Қазақ хандығы Қасым ханның баласы Хақназар ханның басқарған жылдары бұрынғы күш-қуатына ие болды. Хақназар Қазақ хандығын 42 жыл (1538-1580) биледі. Ол дарынды қолбасшы, қажырлы қайраткер, сонымен бірге сыртқы саясатта дипломат екенін керсетті. Хақназар хан басқарған жылдары Қазақ хандығының батыстағы шекарасында ірі өзгерістер болды.
Бұл кезде батыста күшейе түскен орыс мемлекеті шығысқа қарай жылжып 1552 жылы Қазақ хандығын, 1556 жылы Астрахан хандығын басып алды. Осы жағдайға байланысты, Еділ мен Жайық арасындағы ұлан-байтақ территорияны мекендеген Ноғай Ордасы ыдырай бастады. Ноғай ордасындағы қазақ тайпалары Қазақ хандығына келіп қосылды.
Ноғай ордасының әлсірегенін пайдаланып Хақназар Ноғай ордасының көп бөлігін өзіне қосып алды. Соған байланысты Хакназарды "қазақтар мен ноғайлардың ханы" деп атаған. Ноғай Ордасы 1569 жылы өзінің мемлекет ретінде өмір сүруін тоқтатты.
Сонымен бірге Хақназар Моғолстан мемлекетінің Жетісуға жасаған бірнеше жорықтарына тойтарыс берді. Орта Азиядағы күшейіп келе жатқан Бұқар ханы II Абдаллахпен өзара көмектесу жөнінде шарт жасасты.
XVI ғ. 60-70 жылдары соғыс қимылдары тоқтап, бейбітшілік орнады. Қазақтардың Орта Азия халқымен сауда-саттық қарым-қатынасы, экономикалық байланысы одан әрі өрістеді. Хақназар II Абдаллахпен бірлесіп, Ташкент билеушісі Баба Сұлтанға қарсы күресті, сөйтіп, бұрын өзбектер басып алған Түркістан аймағындағы бірнеше қалаларды қайтарып алды.
1580-1582 жж. Шығай ханнан кейін Қазақ хандығын басқарған Тәуекел ханның тұсында (1582-1598) Қазақ хандығының территориясы одан әрі кеңейе түсті. Теуекел ханның тұсында қалмақтардың біраз бөлігі қазақтарға қарады. Соған байланысты Тәуекелді «Қазақ пен қалмақтың ханы» деп атады.
Қазақ хандығы күшейіп алғаннан кейін 1598 жылы Тәуекелдің басшылығына Орта Азияға басып кіріп, Ташкент, Әндіжан, Самарқант қалаларын басып алды.
Тәуекел хан 1598 жылы Бұқара қаласын коршауда жараланып, Ташкент қаласында қаза болды.
Оның орнына болған Есім хан өзбектермен бітім шартын жасасты. Бұл шарт бойынша Ташкент қаласы өзінің аймағымен қоса Қазақ хандығына қарады.
Қазақтар 1798 жылға дейін Ташкент қаласында билік жүргізді.