Лекция конспектісі 6В01601-«Тарих», 6В01508-«География-тарих» білім беру бағдарламалары үшін


Лекция№ 4. Тас ғасыры: кезеңдері және археологиялық ескерткіштері



бет6/45
Дата28.11.2023
өлшемі196,02 Kb.
#130718
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45
Байланысты:
Лекция жинағы

Лекция№ 4.
Тас ғасыры: кезеңдері және археологиялық ескерткіштері.


2. Лекцияның мақсаты мен міндеттері: Тас дәуірінің кезеңдерге бөлінуін қарастырып, хроногиялық шеңбері бойынша әр кезеңнің өзіндік ерекшеліктері мен жаңалықтарын анықтау барысында студенттердің анализ бен синтез біліктерін игеруге үйрету.

3. Лекция мазмұны. Археологиялық зерттеулерге қарағанда планетамызда адамдық ғұмыр б.д.б. 2,5 – 1 млн. жылдар арасында басталған. Оның басты дәлелі сол алғашқы адамдардың тастан жасаған құралдарының табылуы. Археолог ғалымдар осы тастан жасалған құралдарды зерттеп, ежелгі адамдардың тас дәуірін басынан өткізгендіктерін дәлелдеген. Ежелгі адамдардың сүйек қалдықтары Африканың оңтүстік шығысынан, Қытай, Индонезия, жерлерінен табылған. Сондықтанда бұл жерлер алғашқы адамдардың пайда болған Отаны болып табылады. Әзірше біздің жерімізден алғашқы адамдардың қаңқалары табылған жоқ. Бірақ та бұған қарап жерімізде алғашқы адамдар өмір сүрмеді деген ой тумауы керек Өйткені, археолог Х.Алпысбаевтың зерттеуіне қарағанда, жеріміздің оңтүстік аймағында ежелгі адамдардың өмір сүргендігі дәлелденіп отыр. Ғалымның Бөріқазған, Тәңірқазған жерлерінен тапқан тас құралдарының жасалған кезі б.д.б. 800-700 мың жылдар шамасын көрсетеді.

Жерімізде тас дәуірінің ескерткіштерінің арнайы зерттеле бастауы 1946-жылы Қазақ ССР Ғылым академиясы құрылып, оның жанында зор әсерін тигізген. Осы институттың ғылыми қызметкерлері Х. Алпысбаев 1959-1960 жылдар арасында, Қаратау археологиялық экспедициясының бөлімшесін басқарып, ежелгі адамдардың ескерткіштерін тауып, тарихи маңызды жаңалықтар ашқан. Ол өзінің атақты «Оңтүстік Қазақстанның ежелгі тас дәуірі 1979» атты ғылыми еңбегін жариялаған. Бұл еңбек бүкіл дүние жүзі тас дәуірінің мамандарына қазақ жеріндегі ежелгі адамдардың өмірі жайында үлкен пікір туғызған. Ғалымның еңбегіне тас дәуірінің маманы, атақты академик А.П. Окладников өте жоғары баға берген ХХғ. 70-80 жылдарынан бастап жеріміздің түкпір-түкпірінде тас дәуірінің зерттелу мәселесі жаппай қолға алынған. Көрсетілген мерзім ішінде А.Г.Медоев, А. Артюхов, М.Н. Клапчук, В.С. Волошин, Б.Ж. Әубекеров, А.П. Деревянко т.б. археологтар жаңа ескеркіштер ашып, ежелгі тас дәуірінің зерттелуіне өз үлестерін қосты. Ал 80-жылдардан бастап бұл дәуірдің зерттелуіне үлкен үлес қосқан археолог тас дәуірінің маманы Ж.Қ. Таймағанбетов болды. Ғалым өзіне дейінгі зерттеушілердің ғылыми пікірлерін өзінің ашқан жаңа материялдарымен салыстыра отырып, жеріміздегі ежелгі адамдар өмірінің даму мерзімдерінің жаңа хронологиялық кезеңдерін жасады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет