Алғашқы қауымдық кезең - қалыптасу кезеңі, ал алғашқы қауымдастық туыстық қауым – кемелдену кезеңі болса, таптардың түзілу кезеңі – алғашқы қауымдық құрылымның ыдырау кезеңі болды. Бұл соңғы кезең шаруашылық іс-әрекеттің барлық салаларының қарқындап дамуымен және өнім қорларының өсуімен сипатталады.
4. Оқытудың техникалық құралдары: слайдтар, презентациялар, электрондық оқулық.
5. Лекцияның оқыту тәртібі, әдістері мен түрлері: :проблемалық лекция, проблемалық оқыту технологиясы.
6. Әртүрлі күрделілік деңгейдегі тапсырмалар (1-деңгей, 2-деңгей, 3-деңгей сұрақтарымен беріледі ) және оларды бағалаудағы ұпайдардың үлестірілуі: 1-деңгейдің сұрақтары (1-5 ұпай) 1. Ерте палеолите адамдардың ұйымы қандай түрде болды?
2. Орта палеолит кезеңін жаңалықтары?
3. Рулық қауымның қалыптаса бастаған уақыты?
2-деңгейдің сұрақтары (1-7 ұпай) 1. Садақ пен жебенің пайда болуы сол кездегі адамдар үшін қандай өзгерістер әкелді?
2. «Неолит төнкерісі» деп ғылымда нені атайды?
3. Энеолит дәірінің ерекшелігін атап көрсетіңіз?
3-деңгейдің сұрақтары (1-8 ұпай) 1. Қазақстан аумағындағы мезолит ескерткіштері.
2. Қазақстанның микролиттік мәдениеті.
7. СӨЖ және ОСӨЖ тапсырмалары, олардың түрлері мен орындалуына қойылатын ұпайдардың үлестері (1-15 ұпай): Қазақстан-Ресей бірлескен археологиялық экспедицияның Қазақстанда ашқан палеолит ескерткіштері. Палеолит тұрақтары. Неолит тұрақтары. Энеолит тұрақтары.
8. Пайдаланылатын әдебиеттер: 1. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. І том. А., 1996.
2. Алпысбаев Х.А. Неолитическая стоянка в пещере Караунгур. // Изв. АН Каз ССР. Сер. обществ., 1969, №2, С. 85-87.
3. Байпаков К.М., Таймагамбетов Ж.К. Археология Казахстана. Учебное пособие для студентов исторических факультетав вузов. – Алматы, 1993., 362 с.
4. Байбатша.Ә. Қазақ даласының ежелгі тарихы. «Санат» баспасы, Алматы 1998.