Лекция конспектісі 6В01601-«Тарих», 6В01508-«География-тарих» білім беру бағдарламалары үшін


Лекция №3 . Қазақстан аумағындағы алғашқы қауымдық құрылыс



бет4/45
Дата28.11.2023
өлшемі196,02 Kb.
#130718
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45
Байланысты:
Лекция жинағы

Лекция №3 .
Қазақстан аумағындағы алғашқы қауымдық құрылыс.


Лекцияның мақсаты мен міндеттері: Бұл тақырыптың басты мақсаты қазақстан аумағындағы алғашқы адамдардың пайда болуы мен олардың зерттелу тарихын жәнеде даму тарихын оқып білу. Қазақстан аумағындағы алғашқы адамдардың іздері мен қоғамдық даму кезеңдерін, алғашқы қауым құрылымдарын,алғашқы шаруашылық салаларын оқып білу.

Лекция мазмұны. Қоғамның құрылуының алғашқы нысаны көбіне “алғашқы қауым” деп аталды. Бұл сөз үйлесімі ертедегі және өте ертедегі адамдардың ұйымдарының ерекшеліктерін; олардың жануарлардан нағыз адамға өтпелі кезеңіндегі күйлерінің дәл мағынасын білдіреді. Алайда, “алғашқы қауым” термині әрі қысқа, әрі ыңғайлы. Алғашқы қауым қоғамы адамзат тарихындағы ең ұзақ, 2 млн жылға созылған кезең болды. Алғашқы қоғамдағы туыстық қауым 10-12 мың жыл бұрын басталып, ойкуменаның негізгі бөлігі үшін 5-8 мың жыл бұрын аяқталса, алғашқы қауымның соңғы кезеңдері кейбір қоғамдарда әлі күнге дейін аяқталған жоқ. Алғашқы қауымның ерте кезеңінде тіршілік үшін қажетті негізгі өнімдер өндіретін шаруашылық болды.

Бұл типологиялық қатар – алғашқы қауым (алғашқы адам үйірй отары), ертедегі және кейінгі (ертедегі туыстық және кейінгі туыстық), қауым бұдан кейін алғашқы қауымдық көршілес (протошаруа) қауым – алғашқы қауымдық тарихтың негізгі кезеңдеріне сәйкес келеді. Ғалымдардың көпшілігінің пікірінше, алғашқы қауым кезеңін, яғни

антропосоциогенезді адамзаттың әлеуметтік және биологиялық даму барысында адамзат қоғамы қалыптасуының бастамасы болып саналатын бүкіл әлемдік тарихи процестің ерекше кезеңі деп қарастыруға болады. Алғашқы қауымдық туыстық қауым кезеңінде әлеуметтік құрылымның алғашқы реттелген түрлері – туыстар мен туыстық қауымлар пайда болды. Дәл осы кезеңде алғашқы қауымдық туыстық қауымдық құрылымның негізгі белгілері - өндірістегі ұжымшылдық, жалпы меншік пен тұрмыстағы теңдей бөлу, т.б. пайда болды. Бұл белгілер әсіресе ертедегі алғашқы қауымдарда анық байқалып, кейінгі алғашқы қауымдарда да сақталып қалды. Бұл кезеңнің ең төменгі шегі – ортаңғы палеолит (палеонтроптар кезеңі) және неолит.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет