Лекция курсы Шымкент, 022ж. ӘОж 342. «Құқық негіздері»


Азаматтықты тоқтату негіздері



бет15/44
Дата07.04.2023
өлшемі0,71 Mb.
#80317
түріЛекция
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   44
Азаматтықты тоқтату негіздері. Қазақстан Республикасының азаматтығы:
1) ҚР азаматтығынан шығу;
2) ҚР азаматтығынан айырылу салдарынан тоқтатылады.
Азаматтықтан шығу. ҚР азаматтығынан шығуға адамның заңда белгіленген тәртіппен жасаған өтініші негізінде рұқсат етіледі.
Егер шығу туралы өтініш жасаушы адамның ҚР алдындағы міндеттемелерінің немесе мүліктік міндеттемелерінің орындалмағандары болып, олармен азаматтардың немесе ҚР территориясында орналасқан кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің елеулі мүдделері байланысты болса, ҚР азаматтығынан шығарудан бас тартылуы мүмкін.
Егер шығу туралы өтініш жасаушы адам айыпкер ретінде қылмысты жауапқа тартылған болса не заң жүзінде күшіне енген сот үкімі бойынша жазасын өтеп жүрсе, немесе ол адамның ҚР азаматтығынан шығуы ҚР мемлекет қауіпсіздігі мүдделеріне қайшы келсе, ҚР азаматтығынан шығуға жол берілмейді.
Азаматтықтан айырылу. Қазақстан Республикасы азаматтығынан:
1) ҚР мемлекетаралық шарттарында көзделген реттерді қоспағанда, адамның басқа мемлекетте әскери қызметке қауіпсіздік қызметіне, полицияға, юстиция органдарына немесе өзге де мемлекеттік өкімет және басқару органдарына орналасуы салдарынан;
2) егер ҚР азаматтығы көрінеу жалған мәліметтер немесе жалған құжаттар табыс ету нәтижесінде алынса;
3) ҚР мемлекетаралық шарттарында көзделген негіздер бойынша;
4) егер ҚР тыс жерлерде тұрақты тұратын адам дәлелсіз себептермен үш жыл бойы консулдық есепке тіркелмесе;
5) егер адам басқа мемлекеттің азаматтығын алған болса, айырылады.
Ата-анасының азаматтығы өзгерген жағдайда баланың азаматтығының өзгеруі. Ата-анасының азаматтығы өзгеріп, соның салдарынан екеуі де ҚР азаматы болған, не екеуі де ҚР азаматтығынан шыққан жағдайда тиісінше олардың 14 жасқа толмаған баласының азаматтығы да өзгереді. Егер баланың ата-анасының біреуі белгілі болса, осы ата-ананың азаматтығы өзгерген жағдайда тиісінше 14 жасқа толмаған баланың азаматтығы да өзгереді.
Егер ата-анасының біреуі ҚР азаматтығын алып, ал екіншісі басқа мемлекеттің азаматы не азаматтығы жоқ адам болып қала берсе, ҚР территориясында тұратын 14 жасқа дейінгі бала ата-анасының осы туралы жазбаша өтініші бойынша ҚР азаматтығын алуы мүмкін. Егер ата-анасының біреуі ҚР азаматтығынан шығып, ал екіншісі ҚР азаматы болып қала берсе, 14 жасқа дейінгі бала ҚР азаматтығын сақтап қалады. Ата-анасының осы туралы жазбаша өтініші бойынша, мұндай баланың ҚР азаматтығынан шығуына рұқсат етілуі мүмкін.
ҚР азаматы асырап алған, басқа мемлекеттің азаматы немесе азаматтығы жоқ адам болып табылатын 14 жасқа дейінгі бала ҚР азаматы болады. Біреуі ҚР азаматы, ал екіншісі оның азаматы емес ерлі-зайыптылар асырап алған, басқа мемлекеттің азаматы немесе азаматтығы жоқ адам болып табылатын 14 жасқа дейінгі бала асырап алушылардың жазбаша түрде білдірілген келісімімен ҚР азаматы болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет