Лекция мақсаты : 1С: Бухгалтерия программасында талдамалы, жинақтамалы, сандық және валюталық есептерді ұйымдастыру


құрылтайшылардын, жарғылық, капиталына салынған негізгі құралдар



бет18/29
Дата15.12.2022
өлшемі264,98 Kb.
#57482
түріЛекция
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   29
Байланысты:
БЕАжБ лекция 2021

құрылтайшылардын, жарғылық, капиталына салынған негізгі құралдарөздерінің келісілген бағасы бойынша;
субъектінің өзі дайындаған немесе төлем арқылы сатып алынған негізгі құралдар бойынша сатып алуға жүмсалған шығындардың нақты сомасы бойынша, жеткізу және сатып алынған объектілердін (алушының кұрал жабдықтарды орналастыруға кеткен шығындарын қоса есептегенде) тозу сомасын қоса есептелген басқа да сатып алуға байланысты жұмсалған шығыстар;
тегін алынған негізгі құралдардың объектілері бойыншақұжаттарда көрсетілген кұны алынады (құрал-жабдықтарды жеткізіп беру, орналастыруға кеткен шығындарын қоса есептегенде);
айырбас операциясы нәтижесінде алынған обьектілердің бастапқы құны негізгі кұралдардың алынған ағымдағы құны бойынша анықталады, ал ол негізгі құралдардың берілген ағымдағы кұнына түзетулердің көмегімен алынған (берілген) ақша қаражаттарының сомасына тең болады. Айырбастауға бір мақсатқа пайдаланылатын объектілер де әртүрлі мақсатқа арналған объектілер де жатады.
Мысалы, бір-біріне ұқсас негізгі құралдар: тракторды жүк автомобиліне айырбастау кезінде алынған объект сатылған объектінің құны бойынша бағаланады, бірақ ол кезде тауардай немесе ақшалай салынған (түскен) сомасы ескеріледі;
жас малдарды негізгі табынға аударған кездемалдарды әсірудің нақты өзіндік құны;
негізгі табынды қалыптастыру үшін алынган ересек малдар бойыншажеткізуге кеткен шығындарды қоса есептегенде сатып алуға шыққан шығындар және сатып алуға байланысты басқа да шыққан шығындар;
жас өсімдіктер бойынша —өсімдіктерді еккен сәттен пайдалануға бергенге дейінгі егу, күтіп-баптау, көбейту, тазартуға кеткен (алынған өнімнің пайдалану немесе сату құнын алып тастағаннан кейінгі) нақты шығындар;
толық, төленген және ұзақ мерзімге жалға алынған негізгі құралдар бойынша олардың ұзақ мерзімге жалға алу шартында көрсетілген құны;
жерді жақсартуға жұмсалған күрделі шығындар бойыншажүргізілген жұмыс бойынша шыққан нақты шығындар.
Негізгі құралдардың бастапқы құны өзгертілуі мүмкін; қосымша салынған күрделі салымдар немесе негізгі құралдардың жарым-жартылай жойылуы, объектіні демонтаждау негізгі құралдардың жағдайына әсер ететін болса, онда, бірінші кезекте, пайдалы қызмет ету мерзімі кысқартылуы немесе ұзартылуы мүмкін.
Ағымды құн -бұл негізгі құралдардың белгілі бір мерзімдегі нарықтық бағасы бойынша бағаланған құны.
Баланстық құн — бұл бухгалтерлік есепте және қаржылық есеп беруде көрсетілетін жинақталған тозу сомасын алып тастағандағы негізгі құралдардың бастапқы немесе ағымдық құны.
Сату (өткізу) құны — бірін-бірі жаксы білетін және мәмілеге келуге дайын тәуелсіз жақтардың (тараптардың) негізгі кұралдарды өзара айырбастауына мүмкіндік беретін құн.
Жою құны — тиімді қызмет ету мерзімі біткен негізгі құралдарды жою кезінде пайдалану мүмкіндігі бар бағасы бойынша бағаланған бөлшектердің, металл сынықтарының және баска да материалдық құндылықтардың құны.
Амортизацияланған құн — негізгі құралдардың бастапқы және болжанған жою құндарының арасындағы айырмашылығы, ал ол жүйелі түрде амортизациялық жолмен нормативтік қызметіне немесе барлық пайдалы кезеніне субъектінің шығысы ретінде таратылады, бұл кезде:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет