Басқа да міндетті және ерікті төлемдер бойынша міндеттемелер
033
Қысқа мерзімді кредиторлық берешек
034
Қысқа мерзімді бағалау міндеттемелері
035
Өзге де қысқа мерзімді міндеттемелер
036
Қысқа мерзімді міндеттемелердің жиыны
300
IV. Ұзақ мерзімді міндеттемелер
Ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелер
040
Ұзақ мерзімді кредиторлық берешек
041
Ұзақ мерзімді бағалау міндеттемелері
042
Кейінге қалтырылған салықтық міндеттемелер
043
Өзге де ұзақ мерзімді міндеттемелер
044
Ұзақ мерзімді міндеттемелердің жиыны
400
V. Капитал
Шығарылған капитал
050
Эмиссиялық кіріс
051
Сатып алынған меншік үлестік аспаптар
052
Резервтер
053
Бөлінбеген пайда (жабылмаған залал)
054
Аздық үлесі
055
Капитал жиыны
500
Теңгерім (300 бет+ 400 бет+ 500 бет)
3. Бухгалтерлік баланс сияқты, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі қабылдаған “Кірістер мен шығыстар туралы есеп беру” қаржылық есеп беруді ұсыну үшін аса маңызды.
Кірістер мен шығыстар туралы есеп мың теңге
Көрсеткіштердің атауы
Бет коды
Есептік кезең үшін
Өткен кезең
үшін
Өнімдерді сату мен қызметтер көрсетуден түскен кіріс
010
Сатылған өнімдер мен көрсетілген қызметтердің өзіндік құны
020
Жалпы пайда (бет 010- бет 020)
030
Қаржыландырудан түскен кірістер
040
Өзге де кірістер
050
Өнімдерді сату мен қызметтер көрсетуге арналған шығыстар
060
Әкімшілік шығыстар
070
Қаржыландыруға арналған шығыстар
080
Өзге де шығыстар
090
Үлес қосу әдісімен есептелетін ұйымдардың пайдасының/залалының үлесі
100
Жалғасатын қызмет кезеңіндегі пайда (залал) (бет 030+бет 040+бет 050- бет 060 – бет 070 – бет 080 - бет 090+/- бет 100)
110
Тоқтатылған қызметтен түскен пайда (залал)
120
Салық салғанға дейінгі пайда (залал) (бет 110+/-бет 120)
130
Корпоративтік табыс салығы бойынша залалдар
140
Аздық үлесті шегергенге дейінгі кезеңдегі жиынтық пайда (залал) (бет 130- бет 140)
150
аздық үлесі
160
Кезеңдегі жиынтық пайда (залал) (бет 150- бет 160)
170
Акцияға арналған пайда
180
“Өткізілген өнімнің өзіндік құны” статьсы бойынша өнімді өндіріумен байланысты нақты шығындар, өткізілетін өнімге қатысты қызмет көрсету, жұмыстарды орындау көрініс табады. Өзіндік құнды құру реті бухгалтерлік есептің сәйкес ережелерімен анықталдады. Ұйым шығарылған өнім есебі үшін оның бағасын нормативті өзіндік құндылық бойынша қолдану кезінде нақты және нормативті өзіндік құндар арасындағы айырмашылықтар кірістер мен шығыстар туралы есеп беруде жеке жолда көрініс табады.
“Жалпы табыс” статьясы өзіндік құн мен нетто-түсім арасындағы айырмашылық ретінде анықталатын есеп айырысу көрсеткішін білдіреді.
“Жалпы және әкімшілік шығындар” статьясы бойынша өндіріс процесіне байланысты емес басқарушы және шаруашылық шығындары көрініс табады.
“Сыйақы төлеу шығындары” статьясында алынған заимдар, шығарылған құнды қағаздар, вексельдердің, қаржыландырылатын жал келісімінің және сенімді басқару шығындары көрсетіледі.
“Салық салынуға дейінгі табыстар” статьясында жоғарыда аталған кірістер және шығыстар арасындағы әртүрлілікті анықтайтын есеп айырысу көрсеткіші көрсетіледі.
“Таза табыс”статьиясында Салық Кодексіне сәйкес және салық есебінің мәліметтері бойынша салық сомасы көрсетіледі, яғни шығындарға жатқызылатын шығыстардың көлемі мен құрамына шектеу есебімен көрініс табады.
“Таза табыс”стстьясында салық салынуға дейінгі табыс және табысқа салынатын салық көлемі арасындағы әртүрлілікті; анықтайтын есеп айырысу көрсеткішін көрсетеді. “Үлестірмеген табыс (жабылмаған залал)” статьясы ұйымның үлестірмеген табыс немесе жабылған залалдарының қозғалысы және қолда бар болуы туралы ақпараттарды жалпылау үшін есеп айырысу жолымен анықталады.
4. Есеп ақша қозғалысының есебі шоттары бойынша мәліметтер негізінде құрылады және есеп беру кезеңінің басындағы және аяғындағы қалдықтар есебі мен ақша ағымы туралы мәліметтерді қамтиды. Ақша ағымы туралы мәліметтер есеп беруде операциялық, инвестициялық және қаржылық кесімдерде ұсынылады.
Қазақстан Республикасындағы ақша қозғалысы тура және жанама әдістерді қолданумен операциялық қызмет арқылы іске асады.
Тура әдіс кезінде ақша түсімдерінің және төлемдерінің негізгі түрлері ашылады. Инвестициялық қызмет – ұзақ мерзімді активтерді сату мен сатып алу, заимдар беру мен оларды жою. Инвестицялық қызмет нәтижесінде пайда болатын ақша қозғалысының мысалы ретінде мыналар қолданылады:
ақшалардың түсімі:
материалды емес активтерді, негізгі құралдарды және басқа да құралдарды өткізу; қаржылық инвестицияларды өткізу; басқа заңды тұлғалар ұсынған заимдарды алу; басқа да түсімдер;
ақшалардың шығыстары:
материалды емес активтерді, негізгі құралдарды және басқа да ұзақ мерзімді сатып алу; қаржылық инвестицияларды сатып алу; басқа заңды тұлғаларға заимдар ұсыну; басқа да төлемдер;
Қаржылық қызмет – заимдық құралдар мен меншікті капиталдың құрамы мен көлемдерінің өзгерісі нәтиже болып табылатын ұйымның қызметі. Қаржылық қызмет нәтижесінде пайда болатын ақша қозғалысының мысалы ретінде мыналар қолданылады:
ақшалардың түсімі:
акциялар және басқа да құнды қағаздар шығару; банк заимдарын алу; басқа да түсімдер;
ақшалардың шығыстары:
банк заимдарын жою; меншікті акцияларды сатып алу; дивидендтер төлеу; басқа да төлемдер;
5. Меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есеп беру ұйымның меншікті капиталының қозғалысы мен жағдайы туралы, жарияланған капиталдағы, төленбеген және қосымша төленген капиталдағы өзгерістер туралы, сонымен қатар резервтік капиталдағы және үлестірілмеген табыстың (залалдың) құрылуы туралы көрсеткіштерді қамтиды. Резервтің немесе капиталдың әр түрі келесі баланстық теңдеу қағидасы бойынша құрылған:
Осн + По – Ио = Оск ,
Мұндағы, Оск – есеп беру кезеңінің басындағы әртүрлі капитал, резервтер, және қор құралдарының қалдықтары;
По – капиталдың көбеюі (есеп беру кезеңінде түскен);
Ио – капиталдың кемуі (есеп беру кезеңінде жұмсалған);
Оск - есеп беру кезеңінің басындағы әртүрлі капитал, резервтер, және қор құралдарының қалдықтары;
Көпшілігінде, капиталдың көбеюі (По көрсеткіші) заң орындарымен бекітілген жарияланған капиталдың, резервтік капиталдың есебінен және негізгі құралдарды, инвестицияларды және үлестірілмеген табысты (залалды) қайта бағалау есебінен пайда болады. Есеп беру жылындағы капиталдың шығындалуы (Ио көрсеткіші) сипаты кезінде төленбеген капитал есебінен болған төмендеуді және есеп беру кезеңіндегі залалдарды жеке-жеке қарастыру керек. Сонымен қатар, акция көлемінің төмендеуінен, акция номиналының азаюынан болған кемуді де жеке-жеке қарастыру керек.
Меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есеп беру ұйым активтерінің ұйымның өз меншігін құрайтын бөлігін сипаттайды.
Меншікті капиталдың бухгалтерлік есебі, оның ұсынылуы және жіктелуі, осымен байланысты құжаттарға сілтеме белгілі бір негізгі мақсаттарға ие. Солардың аса маңыздылары:
ұйымға салынған капиталдың негізгі қайнар көздері арасындағы айырмашылықтарды көрсету және жіктеу;
толық немесе біртіндеп жою кезіндегі үлес құнына беретін әдістерді және акционерлер
есеп беру кезеңінің үлестірілмеген табысын үлестіру реті кездесетін қаржылық, әкімшілік, заңнамалық, келісімдік (құрылтайшылардың келісімдері) шектеулерді анықтау;
акционерлер құрамын қамти отырып, конвертирленетін құнды қағаздардың, акционерлік және басқа да келісімдердің шарты мен кепілдемесін ашу;
Есеп беруді құрудың кез-келген әдістемесі сату көрсеткіштерінің, қаржылық нәтижелердің және қорытынды бухгалтерлік баланстардың қосымша байланыстарынан тұрады.
Жылдық қаржылық бухгалтерлік есептемеге түсіндірме жазба – бұл негізгі аналитиалық құжат, оны кәсіпорындар жасайды. Ережеге сай, ол шаруашылық жүргізуші субъект жайлы, оның қаржылық жағдайы туралы, берілген мәліметтерінің есеп беру кезең мен алдыңғы кезеңдермен салыстырмалығы туралы ақпараттарды жинақтайды. Бірінші кезекте ол түсіндірме жазбаларда есеп беру кезеңдерінде субъект қызметтеріне оң және теріс әсер еткен негзгі себептерді ашу арқылы бизнес жоспардың барлық бөлімдері бойынша орындалуына қысқаша бағалау жүргізізіледі. Ұйымның қаржылық есептемесіне тіркелетін түсініктеме жазбалар төмендегілерді орындауы тиіс:
1. Маңызды операциялар және оқиғалар үшін қолданылатын және таңдалған есеп сасатын және қаржы еептемесін даярлау негіздері туралы ақпараттарды ұсыну;
2. Бұрын ешқандай қаржы есептемеде көрсетілмеген, БЕС талап ететін ақпараттарды ашу;
Қаржы есептемеде көрсетілмеген, бірақ шынайы мәліметтер үшін қажетті қосымша ақпараттармен қамтамасыз ету.
1. Субъектінің есеп саясатына салынған есепті ұйымдастырудың негізгі ережелері:
материалдық емес активтер;
негізгі құралдар;
субъектінің инветициялық саясаты;
тауарлы-матеиалдық босалқылар,
еншілес кәсіпорынның дебиторлық қарыздары;
2. Түсініктеме жазбаларында баланс бойынша мыналар ашып көрсетілу тиіс:
ұзақ мерзімді активтер;
меншікті капитал;
ұзақ мерзімді міндеттемелер;
ағымдағы активтер.
а) жер, негізгі құралдар, материалдық емес активтердің құрылымдары, инвестициялар, ұзақ мерзімді дебиторлық қарыздар.
б) тауарлы-материалдық босалқылар, КДШ сомалары, болашақ кезең шығындары,
в) жарғылық капитал өзгерістері, акциялардың саны мен сапасы, олардың ағымдағы және номиналдық құны;
3.Кірістер мен шығыстар туралы есептеме бойынша:
кірістің өзгеруіне әсер еткен факторлар;
жалпы және әкімшілік шығындарының өзгерісі, пайыз бойынша төлемдер;
төтенше жағдайлардан болған пайда мен зиян.
ақша қозғалысы туралы есептеме бойынша:
операциялық қызметтен түскен қызметінің ақша құралдарының қозғалыстарын ашу үшін кәсіпорынның қолданған әдісі,
нетто негізінде ашылатын төлемдер және ақшалай түсімдердің қандай болғандығы;
ақша құралдарының қозғалыстары бойынша шектеулер.
Түсініктеме жазбасы реттелген күйде ұсынылуы керек. Бухгалтерлік баланстағы, кірістер мен шығыстар туралы есептемеде, ақша қозғалысы туралы есептемеде және меншкті капиталдағы өзгерістер туралы есептемеде әрбір статьяға түсіндірме жазбасына кез-келген ақпараттар бойынша сілтемелер жасалынады.
Әдетте түсініктеме жазбасы мынадай ретте ұсынылады:
1. ҚЕХС сәйкестігі туралы өтініш;
2. Бағалаудың және есеп саясатының қолданыстағы негіздер туралы ақпарат;
3. Қаржы есептеменің әрбір формасының және әрбір статьясы ұсынылған күйде қаржы есептеменің әрбір формасында келтірілген статьяларға арналған көмекші ақпарат.