Субконтобойынша шотты талдау Есептеме көрсетілген кезеңге берілген шоттың басқа шоттармен айналымы туралы корреспонденциялардың қорытынды сомаларын, сонымен бірге аналитикалық есептің объектісінің бөлігі ретінде шот бойынша кезең басындаңы және соңындағы қалдықтарды қамтиды.
Орындалған күн бойынша шотты талдау. Есептемелерді құру
Салық инспекциясына, бюджеттен тыс фондтарға және статистика органдарына арналған бухгалтерлік және салықтық есептемелерді құру үшін типтік конфигурацияда регламенттелген есептеме тізімі бар.
Регламенттелген есептемелермен жұмыс жасау үшін арнайы «Регламенттелген есептемелер» атты режимі жұмыс жасайды.
Олардың көмегімен берілген кезеңге белгілі өлшемелерді (критерияларды) қанағаттандыратын операция тізімдерін шығаруға болады, олар: дебет және кредит шоттарының нөмірлері бойынша, операцияны сипаттаудағы кейбір жолдардың болуы, берілген жұмыс орны бойынша және т.б. Мысалы, осы есептің көмегімен беріген кезеңге кассадан қашан және кімге ақша берілгендігі туралы есепті жорамалдауға болады. Бұл үшін 1251, 1010 іріктеу шартын қойып алу керек.
Синтетикалық есеп бойынша қорытынды Кезең басы мен соңындағы қалдығын, берілген кезең бойынша шоттардың дебеттік және кредиттік айналымдарын Сальдо-айналымдық ведомосттен білуге болады. Сальдо-айналымдық ведомость арқылы бухгалтерлік есептегі шоттардың дұрыс қолданылуын реттеп отыруға болады.
Мысалы, конфигурациядағы барлық шоттар активті, пассивті, активті-пассивті болып бөлінетіндіктен және шоттар жоспарында әрбір шотқа сәйкес нышандар тұрғандықтан, егер шот Активті болып танылып кредитті қалдығы болса, онда сальдо-айналымдық ведомостте ол қалдық минус белгісі түрінде көрсетіледі. Таңдалған кезеңдегі шоттар арасындағы айналым Шахматкадан және Келістіріуші проводкалардан көрініс табады. Бұл екі құжат көрініс формаларымен ерекшеленеді.
Әрбір шот үшін қорытынды сомаларын, есепті кезеңдегі берілген шоттың басқа басқа шоттармен корреспонденцияларын кіргізетін Шот талдауын (Анализ счета) алуға болады, бұл шот бойынша кезең басы мен соңындағы қалдықты, яғни шот талдау өзімен бірге осы шотқа қатысты Бас кітапты көрсетеді. Мысалы бұл есептің көмегімен есептік шоттың қозғалысын болжауға болады.
Уақыт бойынша шотты талдауда айналымды немесе шот бойынша айналымды бүкіл кезеңге емес, кезеңнің әр күніне алуға болады. Бұл талдау көбіне компьютерге салынып қойған бухгалтерлік жазбалар бойынша деректерді тексеру үшін қолданады.
Шот айналымдары бастапқы және соңғы қалдық пен шот айналымдарын басқа шоттармен әр айға немесе кварталға қарастыруға мүмкіндік береді.
Журнал-ордер мен шоттар ведомостісі уақыт бойынша нмесе жекелеген проводкалар бойынша толық қанды ақпарат алуға мүмкіндік береді.
Шот бойынша операция карточкасы шот бойынша операциялар туралы максималды толық көрінісін алу керек болғанда қолданылады. Ол берілген шоттың барлық операцияларын проводкалардың реквизиттерін, әрбір операциялардың шот бойынша кезең бойынша алғашқы және соңғы қалдықтарын, шот бойынша айналымдарын хронологиялық кезектілікте көрсетеді. Сонымен, 1010 шоты үшін шот карточкасы Кассалық кітапты алуға, ал 1030 шоты үшін банк жазбаларының түсіндірмелерін алуға және т.б. мүмкіндік береді.