Стандарттық есептілік. Олар негізінен кез-келген конфигурация құрамына кіреді. Стандарттық есептілік практикада кез-келген мекемеде және бухгалтерлік есептің кез-келген бөлімінде пайдаланылады.Негізінен,олар бухгалтерлік қорытындыларды әр түрлі бөліктерге бөліп,субконта түрінде көрсетеді. Стандарттық есептілікке оборотно-сальдовая ведомость,шахмат,шоттың анализы,субконто анализы,субконта карточкасы жатады және т.б. Мұндай есептіліктер кең көлемде бухгалтерлік есепті жүргізуде пайдаланады.
Регламенттік есептілік. Бұл әр түрлі бақылаушылар үшін берілетін есептілік болып табылады.Есепкерліктің құрамы мен мазмұны мемлекеттік органдармен анықталады.Олар көбінесе программаны құрастырушы немесе қолданушысымен құрылады.
Мамандандырылған есептілік. Бұл нақты конфигурация негізінде құрылады және де белгілі бір мекемеге,күрделі есепті шешеді.Мамандандырылған есептілік белгілі бір есептің бөліміне бағытталған.
Бар есептіліктердің тағайындалуы бойынша айырмашылықтары болғанымен,қолдану бойынша бір-бірінен өзгешеліктері жоқ. Программада есептілікпен жұмыс жасау ортақ механизмді пайдаланумен жүзеге асады.Барлық есептілік,оны кім құрғанына қарамастан конфигурацияда өзгерістерге ұшырауы мүмкін және де пайдалану бойынша бірдей принципттер қолданылады.
Олардың көмегімен берілген кезеңге белгілі критерияларды қанағаттандыратын операция тізімдерін шығаруға болады, олар: дебет және кредит шоттарының нөмірлері бойынша, операцияны сипаттаудағы кейбір жолдардың болуы, берілген жұмыс орны бойынша және т.б. Мысалы, осы есептің көмегімен беріген кезеңге кассадан қашан және кімге ақша берілгендігі туралы есепті жорамалдауға болады. Бұл үшін 1251, 1010 іріктеу шартын қойып алу керек.
Синтетикалық есеп бойынша қорытынды Кезең басы мен соңындағы қалдығын, берілген кезең бойынша шоттардың дебеттік және кредиттік айналымдарын Сальдо-айналымдық ведомосттен білуге болады. Сальдо-айналымдық ведомость арқылы бухгалтерлік есептегі шоттардың дұрыс қолданылуын реттеп отыруға болады.
Мысалы, конфигурациядағы барлық шоттар активті, пассивті, активті-пассивті болып бөлінетіндіктен және шоттар жоспарында әрбір шотқа сәйкес нышандар тұрғандықтан, егер шот Активті болып танылып кредитті қалдығы болса, онда сальдо-айналымдық ведомостте ол қалдық минус белгісі түрінде көрсетіледі. Таңдалған кезеңдегі шоттар арасындағы айналым Шахматкадан және Келістіріуші проводкалардан көрініс табады. Бұл екі құжат көрініс формаларымен ерекшеленеді.
Әрбір шот үшін қорытынды сомаларын, есепті кезеңдегі берілген шоттың басқа басқа шоттармен корреспонденцияларын кіргізетін Шот талдауын (Анализ счета) алуға болады, бұл шот бойынша кезең басы мен соңындағы қалдықты, яғни шот талдау өзімен бірге осы шотқа қатысты Бас кітапты көрсетеді. Мысалы бұл есептің көмегімен есептік шоттың қозғалысын болжауға болады.
Уақыт бойынша шотты талдауда айналымды немесе шот бойынша айналымды бүкіл кезеңге емес, кезеңнің әр күніне алуға болады. Бұл талдау көбіне компьютерге салынып қойған бухгалтерлік жазбалар бойынша деректерді тексеру үшін қолданады.
Шот айналымдары бастапқы және соңғы қалдық пен шот айналымдарын басқа шоттармен әр айға немесе кварталға қарастыруға мүмкіндік береді.
Журнал-ордер мен шоттар ведомостісі уақыт бойынша нмесе жекелеген проводкалар бойынша толық қанды ақпарат алуға мүмкіндік береді.
Шот бойынша операция карточкасы шот бойынша операциялар туралы максималды толық көрінісін алу керек болғанда қолданылады. Ол берілген шоттың барлық операцияларын проводкалардың реквизиттерін, әрбір операциялардың шот бойынша кезең бойынша алғашқы және соңғы қалдықтарын, шот бойынша айналымдарын хронологиялық кезектілікте көрсетеді. Сонымен, 1010 шоты үшін шот карточкасы Кассалық кітапты алуға, ал 1030 шоты үшін банк жазбаларының түсіндірмелерін алуға және т.б. мүмкіндік береді.