Журналға енгзілген кұжаттармен жұмыс Барлық құжаттар "Құжаттар журналына" тіркеледі. Құжаттарды қарап шығуға және түзетуге ашу үшін, журналдағы сол құжатты таңдап Enter пернесін басыңыз. Түзету енгізілгеннен кейін оны сақтау үшін "ОК" кнопкасын немесе түзету енгізуден бас тарту үшін "Бас тарту (Отмена)" кнопкасын басыңыз. Бар құжат негізінде жаңа құжат енгізу үшін, журналдағы жаңа құжат енгізуге негіз (үлгі) болатын құжатты таңдаңыз. Программаның басты менюінің "Әрекет (Действия)" пунктінен (Негізде енгізу) Ввести на основании" режимін тандап және құжаттар тізімінен құжаттың түрін таңдап "ОК" кнопкасын басыңыз. Экранда кейбір деректемелері толтырылған құжаттың түрі шығады, қажетті деректемелерді толтырып журналға жазу үшін "Ок" кнопкасын басыңыз. Ал құжатты көшіру үшін құжаттар журналынан сол көшірілетін құжатты таңдап, менюдегі "Әрекет (Действия)" пунктіндегі "Көшіру (Копировать)" режимін таңдаңыз. Экранда берілген кестеден керекті деректемелерді түзетіп, оны журналға жазу үшін "Ок" кнопкасын басыңыз. Құжатты жою үшін құжаттар журналынан жойылуға тиісті құжатты таңдап, программаның басты менюіндегі "Әрекет (Действия)" пунктінен "Жою (Удалить)" режимін немесе құралдар тақгасынан кнопкасын таңдаңыз, экранда шыққан сұраныстан жойылуға тиістісін таңдап "Ок" кнопкасын басыңыз. Құжат жойылуға белгіленеді. Оны алып тастау үшін барлық терезелерді жауып менюдің "Амалдар (Операции)" пунктінен "Белгіленген объектілерді жою (Удалить помеченных объектов)" режимін таңдаңыз.
Құжаттар операциясыныц проводкасын қарауға және түзетуге ашу Құжат операциясы проводкаларын ашу үшін келесі амалдардың бірін орындаңыз:
- Журнал терезесі немесе құжат құралдар тақтасынан кнопкасын таңдаңыз;
немесе
- Программа менюінің "Әрекет (Действия)"пунктінен "Операция проводкасы (Проводки операции)" командасын таңдаңыз.